Елімізде медиацияны дамытудың кешенді шаралары қолға алынғалы біраз уақыт өтті. Жоғарғы Соттың бастамасымен жүзеге асырылып отырған бұл шара өз кезегінде жемісін беріп те жатыр. Медиация қай кезде болмасын екі жаққа да тиімді. Уақыт үнемдей отырып, бітімге келу дауласушы екі тарапқа да пайдалы.
Дегенмен кейбір адамдарға медиатордың атқаратын қызметі түсініксіз көрінуі мүмкін. Сондықтан бүгінгі таңда бірқатар насихат жұмыстары жүргізіліп, көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Өз кезегінде бұл әрекет оң нәтижесін беріп те келеді. Мәселен «Соттағы татуласу рәсімдері» пилоттық жобасын жүзеге асыру тақырыбында ШҚО сотының 2020 жылы 1 тоқсанының статистикасына жүгінетін болсақ 8503 азаматтық іс қаралған, ал салыстырмалы түрде 2019 жылы сол үш айында 14052 азаматтық іс қаралған, ол дегеніміз 5549 іске азайғаны, немесе 59,5% құрайды.
Алайда, соттағы азаматтық істердің саны азайғанымен, татуласу рәсімінің қолдануымен (соттағы татуласу, медиация, партисипатив) аяқталған істердің, өткен дәл сол кезеңмен пайыз ретінде салыстырғанда 2020 жылдың 3 айында көбейгенін көрсетіп отыр.
Ал енді 2019 жылы 3 айында татуласу рәсімдерін қолдану арқылы 2120 азаматтық іс (соттағы татуласу, медиация, партисипатив) өндірісі тоқтатылған болса немесе 15,1%, биылғы жылдың көрсеткіші бойынша 1416 іс немесе 16,7%.
Салыстырмалы түрде 2019 жылдың 3 айының көрсеткіші мен 2020 жылы 3 айының салыстыру арасындағы алшақтық көрсеткіш төмендегінше: соттағы татуластыру рәсімі 13662, медиативтік келісім 19721347, партисипативтік келісім 127. Барлығы 21 201 416.
Осылайша статистикалық мәліметтерге сүйенсек сот процестерінің төмендеуіне қарамастан татуласу рәсімдерінің азаматтық істерде белсенді қолданып 1, 6 % есе көбейгенін байқаймыз.
Айта кетерлігі, Шығыс Қазақстан облысының соттары медиативтік келісім жасаудан Республика бойынша алдыңғы орында келеді. Бұл Н.Қайырбеков басқаратын ұжымның талмай атқарған еңбегінің жемісі болса керек.
Бұл облыста алғаш рет Өскемен қаласында виртуалды кабинет өз қызметін бастаған. Бұл жоба «Цифрлық Қазақстан» бағытын жүзеге асыру аясында іске қосылған еді. Облыстық соттың судьясы Елдос Жұмақсанов жобаның медиацияны дамытуға тигізер ықпалының мол екенін айтқан болатын.
Қазақстан халқы келісім мен тұрақтылықтың моделін дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жеткенін ескерсек Жұмақсановтың сөзінде шындық барына көз жеткізе түсеміз.
Айта кетелік, Елдос Жұмақсановтың тікелей бастамасымен облыстық сотпен және мемлекеттік органдар арасында Медиацияны дамыту туралы меморандумға қол қойылған. Меморандумға сәйкес медиаторларды оқыту бойынша тренингтер мен түрлі іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады.
Бір жылдың өзінде бірнеше мыңдаған істің оң нәтижемен аяқталғанын ескерсек Жұмақсановтың бастамасы тек тиімділігімен ерекшеленетінін байқаймыз.
– Осы орайда татуластыру ісіне белсенді атсалысып жүрген Аксана Каленова, Марианна Дячук, Елизавета Абдрахманова, Шолпан Шалғазина, Сая Құрманғазиевна секілді кәсіби медиаторлардың еңбегін ерекше атап өтер едім.
Шығыс Қазақстан облысының өндіріс орындарына, ірі кәсіпорындарға бай аймақ екенін ескерсек, бұл ортада еңбек даулары аз кездеспейтіні түсінікті. Олардың көпшілігі азаматтардың құқықтық сауатының кемдігінен орын алады. Әлі күнге дейін еңбек келісім-шартын жасаспай жұмыс істейтіндер көптеп кездеседі. Алайда көптеген шағымдар ірі өндіріс ошақтарынан емес, шағын мекемелердегі заңсыздықтарға байланысты түседі екен. Себебі, елге танымал компанияларға ірі көлемде айыппұл төлеген жақсы атқа қалдырмайды. Олар үшін қарауындағыларға қолайлы жағдай жасап, заңды талаптарды сақтай отырып, еңбек өнімділігін арттырған тиімді. Ал, шағын жұмыс орындарында еңбек заңнамасын белден басатын жағдайлар баршылық екен.
Өскемен қалалық сотында еңбек дауларының алдын алуға бағытталған арнайы пилоттық жоба жүзеге асуда. Нәтижесінде жұмыс берушілермен, кәсіподақ өкілдерімен пікірлесіп, еңбек дауларына жол бермеуге қадам жасалуда. Бұл пилоттық жобаның қазіргі нәтижелерінің өзі жаман емес. Тоғыз айда еңбек даулары былтырғы жылмен салыстырғанда 48 пайызға азайып, соған сәйкес татуластыру арқылы шешілген даулар 33 пайызды құрады, – дейді Н. Қайырбеков.
Кейде, дауласушы тараптар екіжақты бірдей сот шешіміне риза бола бермейді. Тіпті кей өңірлерде сотқа деген сенімнің төмендігі де жиі байқалып қалады. Азаматтар мен соттың арасында жиі де тұрақты байланыстың болмауы күдікті қоюлата түсетіні анық. Осыған орай сот жүйесін дамытуға бағытталған бірнеше жоба қолға алынды.«Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы» деген негізгі 7 бағыттан тұратын жобаның тиімдігілі соңғы уақытта айқын байқалып жатыр. Қарапайым халықтың талап-тілегі мен ұсыныс-лебізінен туындаған жобалар халық пен оттың арасында дәнекер болуда.
Мысалы, қазір қашықтықтан сот отырысына қатысуы, шетелде жүрген азаматтардың смартфон арқылы қазақстандық соттарда куәлік етуі, сотқа бағытталған хатты электронды түрде жолдау, секілді жаңашылдықтар соңғы технологияны пайдалана білудің нәтижесінде орын алып отыр.
Тіпті сот мамандарымен тілдесудің де қажеттілігі жоқ. Өйткені, соттарда арнайы фронт-кеңселер ашылған. Онда сот қызметкерлерінен бөлек, адвокаттар, медиаторлар орын алған. Сонымен бірге нотариус, психологтарды да табу оңай.
Қала берді, бүгінде облыстық сот төрағаларының әлеуметтік желіде парақшалары бар.
Төтенше жағдай кезінде вирусқа орай елімізде орын алған шектеулерге байланысты кәсіби медиаторлардың жұмысы да заманауи технологияның көмегіне жүгінген. Кәсіби медиаторлар қашықтан байланыс орнату арқылы бірнеше даулы істердің шешімін тауып отыр. Одан бөлек әлеуметтік желі арқылы медиатор сабақтарын өткізіп, көпшілікпен байланыс орнатып жатыр.
Қалай десек те, атқарылған жұмыстар азаматтардың жеке пайдасы мен заңды құқығы аясына қызмет етеді. Халық пен сот арасында ашық диалогтың орнауы сот жүйесіне деген сенімнің нығая түсуіне себеп болары анық. Бұл орайда кәсіби медиаторлардың да атқарар рөлі мол болмақ.
«HALYQ MEDIATORY» ақпарат веб-порталы