• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Бітімге келу бабалардан аманат
Заң және заман

Бітімге келу бабалардан аманат

halyqmediatoryBy halyqmediatory15.09.2022Еш пікір жоқ3 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ата Заңымызда айқын жазылғандай мемлекетіміздің басты байлығы адам. Еліміздегі әрбір азаматтың өмірі, заңды құқықтары, бостандығы еркіндігі мен ар-намысы заңмен қорғалады. Және өз мүддесі үшін күрескен әрбір азамат сот билігіне жүгініп, оның ашық әрі әділ шешім шығаруын талап ете алады.
Жалпы қазақ қоғамында азаматтардың жеке басының қауіпсіздігі мен ар-намысын, меншікті мүлкін, өзіндік қажеттілігін қорғауда дәстүрлі билер соты маңызды рол атқарғанын білеміз. Дала заңына бағынған билер соты қылмыстық, мүліктік, отбасылық тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп отыратын қалыптасқан механизм болды. Дала қазағының арасында төрелік ету үшін билердің «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолын», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жатқа білуі, шешендік өнерді меңгеруі, бұра тартпайтын әділ болуы шарт еді. Осы талаптардың үдесінен шыға білгендерді ғана халық төбесіне көтеріп, ақиқатына шәк келтірмей, төрелігіне бас шұлғыды. Әділ билердің үкімімен дала заңын бұзғандарға жер аудару, айып салу, құн төлету, дүре соғу және өлім жазасына кесу секілді айыптар арқалап жатты.
Уақыт өте келе заман талабына орай билердің орнын судья ауыстырды. Бүгінде азаматтар кез-келген арызы бойынша соттың билігіне жүгіне алады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сот ісін жүргізуде біржақты артықшылық болмайды, ұлтына, материалдық жағдайына, тілі, мен дініне қарап басымдық берілмейді.
Елімізде сот ісін жүргізуде азаматтарға барынша қолайлы әрі тиімді болуы үшін бірқатар заңды өзгерістер жүзеге аса бастады. Бұның жарқын мысалы ретінде 2011 жылдың 28 қаңтарында қабылданған ҚР-ның «Медиация» туралы Заңын айтуға болады. АҚШ-та қаралатын істердің 90 пайызы, Ұлыбританияда 87, Словенияда 40, ал Қытайда 30 пайыз даулар медиацияны қолдану арқылы шешіледі. Еуропа халқының 74 пайызы тұтынушы құқығы мәселесі бойынша істі сотқа жеткізбей аяқтаған. 2013 жылғы АҚШ-та медиаторлардың жұмысы нәтижесінде 35 млн АҚШ доллар қаржы үнемделген. Яғни, медиация тәсілін қолдану арқылы дауды шешудің тиімдігі осы кезге дейін халықаралық тәжірибемен өз дәлелін тапқан.
Әлбетте медиация қазақ халқы үшін тосын жаңалық емес. Жоғарыда айтып өткеніміздей, дала заңына жүгінген қазақ билерінің төрелігі бүгінгі медиацияның түпнұсқасы іспеттес. «Дау мұраты – бітім» дейтін халқымыз дауласушыларды өзара татуластыра отырып қоғамдық шиеленістердің алдын алып отырғанын тарихтан білеміз.
Аталмыш заң жобасы бүгінгі қоғамға аса тиімділігін байқатты. Еліміздің барлық аумағында құрылған татуласу орталықтары ел ішіндегі ретсіз кикілжіңдерді реттеуде белсенділікпен атсалысуда. Тараптардың түсініспеушіліктері осы орталықтарда шешімін тауып, оң нәтижеге қол жеткізіп отыр. Соның нәтижесінде елімізде медиаторлардың көмегіне жүгінушілердің саны артып келеді. Шағымданушыларға сот процесі кезінде медиаторға жүгіну кеңесі беріледі. Бүгінде кәсіби медиаторлардың ортақ реестрі бар. Барлық ақпарат ашық әрі қолжетімді. Медиация сот жұмысын жеңілдетеді, уақыт пен қағазбастылықтан арылтып, қаржылық шығынды азайтады. Сондай-ақ, аза¬маттарға таңдау еркіндігін, мәселерді конструктивті диалог арқылы шешу сияқты зайырлы қоғамға тән мүмкіндіктер берді. Медиация институты – азаматтық қоғам қалыптастырудың, дамуының белгісі. Яғни, «Медиация туралы» заңның қажеттілігі мен оның дамуы қоғамның жарқын келешегіне бастар жол екені анық.
Е. Рахманберді.
Шымкент қаласының Енбекші аудандық сотының судьясы.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleАлғыс хаттар тапсырды
Next Article 5 тамызда ҚР «Медиация туралы» Заңның қабылданғанына 12 жыл толады
halyqmediatory

Related Posts

Сот жүйесі: кеше, бүгін, ертең

09.09.2022

Неке шарты – мүліктік даулардың алдын алады

24.06.2021

Маңғыстауда Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстегі жаңашылдықтар талқыланды

06.04.2021
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.