МТҚ тізімдік құрамы, клубтық кездесулер журналы т. б. құжаттар жатады. Мектеп медиациясын құратын теңдестер тобына 7-10 сынып балалары тартылуы қажет. Осындай топқа кіретін белсенділер арқылы мектеп оқушылары арасында кездесіп қалатын алкогольді ішімдікке әуестік, нашақорлық, темекіге үйір болушылық сияқты жаман әдеттердің алдын алу шаралары да жүзеге асырылады.
Медиация қызметінің қызметкерлері жанжалды шешу үшін көмекке мұқтаж әр оқушыға көмек көрсетеді. Бұл ретте дауда шешім қабылдау құқығы кураторға тапсырылады, ал даулы жағдайға қатысушылар оның нәтижесіне ықпал ете алмайды. Медиация процесінің айрықша белгілері: медиатор таңдалады; тараптардың мүддесі ескеріледі; шешім құпия қабылданады. Медиация қызметінің кураторлары балалармен тұрақты араласу барысында әділдік пен бейтараптылық қағидаттарына сүйенеді. Олар жанжалға мүше болмауы үшін ешқашан әлдебіреуін жақтамайды. Мектептегі медиация қызметіне мүше оқушылар ешқандай жағдайда мектеп жұмыскерлері; педагогтар мен ата-аналар; әкімшілік пен мұғалімдер арасында орын алған жанжалдарды шешуге қатыспауы тиіс, сондай-ақ қызмет жұмыскерлерінің рәсімді өткізу мерзімдері мен кезеңдерін белгілеу бойынша жеке шешім қабылданады; егер жанжалдасушы тараптар оған қатысуға келісімін білдірсе, осы жағдайда келістірушілік рәсімін бастау керек; егер жанжалға қатысушылардың іс-әрекеті тәртіптік теріс қылық ретінде танылса, ата-ананың немесе өзге заңды өкілдерінің келісімін алу керек; 10 жасқа толмаған балалармен және жүйке жүйесі ауруына шалдыққа тұлғалармен медиация рәсімін өткізуге болмайды.
Мектептегі татуластыру қызметінде ең алдымен, балалар арасындағы жанжалдарға байланысты арыз-шағымдарды қабылдап, тіркеп алады. Содан кейін әр арызға сай орын алған дау-жанжалды шешудің амал-тәсілдерін белгілейді. Отбасы жағдайларына байланысты орын алған жайларды шешу үшін сол отбасылармен, заң бұзған жасөспірімдермен арнайы жұмыстар жүргізіледі. Дау-жанжалға қатысқан тараптарды тыңдап, солармен арнайы жұмыстар жүргізеді. Мұндай күрделі міндетті орындау үшін білім мен біліктілік қажет болатыны түсінікті. Осы орайда, медиаторлар әрдайым оқып, білімдерін жетілдіріп және түрлі дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырады,мектептегі татуластыру қызметінің жоспары бекітіледі.
Дауласушы тараптарды татуластыру бойынша бітімге келтіру, кешірімді болу қанымызға сіңген, ата-бабаларымыздан келе жатқан ізгі қасиеттердің бірі. Жаңғыру жолында ең басты шарт ұлттық салт дәстүрімізді, құндылығымызды сақтай білу. Дауласқан екі жақтың бір –бірінен, талап қоюдан бас тартуы, кешірім беруі. Татуластыру рөсімі – жылдар бойы ұстанып келе жатқан бітімгершілік жолы.
Шымкент қаласы білім беру мекемелерінің педагог – психолог мамандарына «Медиация, құқық және психологиялық қолдау орталығының» ұйымдасыруымен мектеп медиациясы бағдарламасы бойынша арнайы «Мектептегі қалпына келтіру медиациясының ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері», «Жас медиатор» методикалық кітапшалар қазақ тілінде дайындалды.
Өз тәжірибемнен мысал келтіре отырып, 80 мектеп-лицейде өткізілген тренингтегі оқыту барысында шағын-дәрістер, практикалық жаттығулар, рөлдік ойындар, миға шабуыл, дискуссиялар және жеке байланысы бар имитациялық медиация қолданылды.Оқушыларға даулы жағдайлар және оны шешу кезінде медиацияны қолдану шарттары қойылды. Оқушылар ұсынылған практикалық ойындар келіссөздер арқылы сәтті шешілді
Қалпына келтіру амалы ата-аналар, педагогтар мен әкімшілік арасында сыйластық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты құруға мүмкіндік береді, және педагогикалық процесс үшін негіз болып табылады. Сондай-ақ, мұғалімдер мен ата-аналарды да мұндай қызметтің қажеттігін айтып, соған тартқан жөн. Оның құрамында өмірлік тәжірибесі бар білім беру орнының қызметкерлері, оқушылар мен олардың ата-аналары болады. Мектеп кеңесінде бұл мәселе балалар мен ата-аналардың және мұғалімдердің қатысуымен талқылануы қажет. Даулы жағдайлар әр адамның өмірінде болатындықтан, алайда орын алған шиеліністен шыға білу маңызды. Мұғалімдер мен ата-аналардың және балалардың арасынан іріктеп алынған адамдар арнайы курстар арқылы оқытылып, осы бағытта қажетті білім алады. Сонымен бірге, кәсіби медиаторлармен тығыз байланыс орнатылып, олардың жұмыс тәжірибесінен үйрену жолға қойылады.
Мектептегі дау-жанжалдардан қашып құтыла алмаймыз. Ең бастысы, мұндай жайларды өршітпей, дер кезінде шешуді жолға қою. Бұл міндетті мектеп медиациясы жүзеге асыра алады. Құқық бұзған бала өз құрбылары тарапынан айтылған уәждерге тоқтап, өзінің қателігін түсінеді. Бұл оның сондай әрекетті қайталамауына және жанжалды жағдайдан ұрыс-керіссіз, ренішсіз шығуына көмектеседі.
Ата-аналар балаларының арасындағы дау-жанжалдарды өршітпей басуға, балаларының ашушаң, кекшіл болмай, көпшіл болып өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік алады, олар бала жанын тереңірек түсініп, бала тәрбиесінің маңызын сезіне түседі. Балалар өз арасында құрбыларын татуластырып, олардың арасындағы дау-жанжалды келісім арқылы шешіп жүруге, олардың арасында қауіпсіз орта құру туралы мәдениетті қалыптастыру керек.Тек осылай ғана біз шешім қабылдай алатын және өз іс-әрекетіне жауап бере алатын белсенді және ұстанымы бар азаматтарды тәрбиелей аламыз.
Тек осылай ғана біз шешім қабылдай алатын және өз іс-әрекетіне жауап бере мектеп оқушыларына арналған мұндай оқу сабақтары алдағы уақытта да жалғасын табады деп ойлаймыз. Себебі дәрістер медиация институтын мектеп қабырғасынан бастап мақсатты түрде дамытып, өскелең ұрпақты дауды немесе жанжалды шешуге медиативтік көзқараспен қарауға үйретеді.
Және үсыныс ретінде әр бір мектеп ата-аналарымен бірлесіп, ардагерлер, аналар кеңесімен тығыз байланысып, айналасына үлкен беделі бар, құрметті ардагерлер, ардақты аналарымыз
оқу орындарында кездесулер өткізіп, белгіленген мектеп медиациясы ұжымының, тәрбие-білім беру саласындағы жағдайларды: ата-ана мен мұғалімдер, мұғалімдер мен оқушылар, өзара болып жататын дау-жанжалдарды, татулық пен түсіністікті насихатталынса, тиімді және үйлесімді қарым-қатынастарды орнатуға бағытталған жұмыс болып табылар еді.
«Медиация, құқық және психологиялық қолдау
орталығының» тренер – медиаторы Оразкулова Н.А.