Мая ШЕРТАЕВА,
Еңбекші аудандық сотының судьясы
1998 жылы қабылданған «Отбасы және неке туралы» заң отбасылық құқықтың қайнар көзі болып табылады. Мұнда бұған дейінгі заң бойынша жұбайлардың ортақ меншіктік қатынастарының қолданыстағы режимі қайта қаралып, кәмелетке толмаған ата-аналардың мүдделерін қорғау мақсатымен неке жасы екі жасқа дейін төмендетілді, жұбайлардың қос фамилия алуына мүмкіндік берілді, алимент төлеу саласына да біраз жаңалықтар енгізілді. Кейбір жағдайларда отбасылық қатынастарға азаматтық құқық нормалары да қолданылуы мүмкін.
Неке бұзу туралы азаматтық істерді қарағанда соттың бар мүмкіншілігі сот мәжілісінде екі жақты татуластыру үшін әрекет жасауға мүдделі, екі жұбайдың көңілдерін, олардың талап-тілектерін егжей-тегжейіне дейін зерттеп, не олардың некесін айыру қажет, не екеуін татуластыру мақсатын көзден, алты айға дейін мерзім береді. Жұбайлардың жанұясын сақтап қалу үшін, олардың кәмелетке толмаған жас балаларын тіріжетім етіп қалдырмас үшін, заң жүзінде соттың құзырындағы бар мүмкіндік осы. Сот мәжілістерінде некені бұзу жайлы істерді қарағанда, ондай азаматтық істерді зерттегенде, жағдайдың себептерін анықтауға тырысамыз. Ерлі-зайыптылардың жас балаларының қамы үшін оларды жарастыру, татуластыру мақсатында аталы сөздерді, үлгі-өнеге айтып және жауапкершіліктерін түсіндіріп бағамыз. Балалары мен ел-жұртының алдындағы борышын түсініп, райынан қайтып, жарасып кеткен жастар аз емес.
Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүлікті және өзге де талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке бұзылады. Елімізде 2011 жылы қабылдаған «Медиация туралы» заң талаптарын сотта қаралатын неке және отбасына байланысты туындайтын даулар жөніндегі азаматтық істерді қарау барысында қолданған жөн. Кезінде отбасында болып жататын дау-дамайлар ауылдың сөзі дуалы ақсақалдарынан аспайтын. Қоғамдағы неке және отбасыға қатысты даулардың өршіп бара жатуы – ар-ұят пен әдепті бойына ана сүтімен сіңіріп өскен қазақ халқы үшін өте өзекті мәселе. Бүгінде жүзінде асырылып жатқан жобалардың бірі – «Отбасылық сот» жобасы.
Дереккөздерге сүйенсек, алғашқы отбасылық сот 1947 жылы Жапонияда қалыптасқан екен. Кейін Франция, Англия, Бельгия қолданысқа енгізді. Қазақстанда пилоттық жоба ретінде қолға алынған «Отбасылық сот» Сингапур елінің жүйесіне негізделіп жасалды. Біздің еліміздің сот жүйесінде жаңа технологияларды қолдану аясы кеңейіп, ақпараттық сервистерді және оларды пайдалану механизмдерді күн өткен сайын жетілдірілуде. Қоғамда ажырасу мен некесіз туылатын балалар санының көбейгендігі, әрбір үшінші отбасының шаңырағы шайқалып жатқаны, отбасылық зорлық-зомбылық оқиғаларының жиелеуі мамандарды алаңдатып отыр. Сондықтан, «Отбасылық сот» пилоттық жобасы көптеген мәселелердің шешімін табуына әсер етті. Өкінішке қарай соңғы жылдары Шымкент қаласында ажырасулар саны мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс көрсеткіші өскені байқалады. Жергілікті соттарда қаралатын 4-5 істің біреуі неке және отбасылық қарым-қатынастарға байланысты болып отыр. Кәмелетке толмаған балалар құқығының бұзылуы, отбасылық жанжалдар, неке бұзу, алимент өндіру әкелікті анықтау, мүлік бөлісу, тағы басқа мәселелер бойынша қаралатын азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істерді бұдан былай бір сотта, яғни отбасылық сотта қарау көзделуде. Бұл судьялардың жүктемесін азайтып, кадр саясатын жетілдіруге ықпал етпек
Осы орайда Шымкент қаласы әкімшілігінің Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» ашылған. Бұл мекеменің мекенжайы, телефон номерлері, жауапты мамандары және оның психологы жөнінде ақпарат беріліп, сондай-ақ іс бойынша тараптарға уақытша мекенжай қажет болған жағдайда сол мекемеге жолданып отыр. Сонымен қатар «Ана үйі» қоғамдық қорымен «Отбасылық сот» пилоттық жобасын бірлесіп жүзеге асыру мақсатында меморандумға қол қойылған.
Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты былтырғы жылы жалпы 5896 азаматтық істі аяқтаса, соның ішінде неке және отбасы қатынастарына қатысты 1199 талап арыз түсіп, 894 іс бойынша некені бұзу туралы сот шешімі қабылдаған. Соның ішінде 246 талап қою арызы бойынша талаптардың татуласуына байланысты іс жүргізу тоқтатылған және 119 талап қою арызы тараптардың татуласуына байланысты қараусыз қалдырылған.
Бүгінгі таңда Еңбекші аудандық сотында отбасын сақтап қалу мақсатында бастапқы тегін психологиялық көмек көрсетіліп, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар жүргізіліп және отбасылармен ата-аналық міндеттерін орындау (алименттік міндеттемелер) бойынша бірлескен профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды міндетті тәрбиелеу бойынша бірлескен бағдарламалар енгізіліп, бірлескен әлеуметтік бағдарламалар әзірленуде.
Соңғы кездері ерлі-зайыптылардың ажырасуы үлкен проблемаға айналып отыр. Ажырасулар арасындағы басты себептер ішімдікке салыну, өмірге деген көзқарастардың сәйкес келмеуі, тұрмыстық зорлық-зомбылық және бедеулік болып отыр. Кейбіреулер мұны қалыпты жағдай деп қабылдауда. Сол себепті отбасы мүшелері, қоғамдық ұйымдар, судья, медиатор, психолог мамандар үйлесімді түрде жүйелі жұмыс істегені жөн деп есептейміз. Сотқа талап қою арызын жазардан бұрын жәбір-жапа көргендер медиатордың алдынан өткені ләзім. Мемлекеттік баж алымының мөлшерін де көбейткен мақұл болмақ.
Ажырасулар арасындағы басты себептер ішімдікке салыну, өмірге деген көзқарастардың сәйкес келмеуі, тұрмыстық зорлық-зомбылық және бедеулік. Жоғарыда көрсетілген пилоттық жобаның мақсаты – осы көрсеткіштерді төмендетіп, еліміздегі орын алып отырған бұл бағыттағы дағдарыстық жағдайды жою, ажырасу факторын болдырмау.
Жобаның міндеті:
– Отбаслық жанжалдардың себебін анықтау;
– Сот процесінің барлық сатысында тараптарға қатысты татуластыру шараларын қолдану;
– Отбасы құқықтары мен мүдделерін, соның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
Жобаның мақсаты:
– Отбасы мүшелері арасында отбасылық қатынастың нығайтылуына және қалпына келтірілуіне ықпал ететін шешім табуға көмектесу;
– Отбасында тәрбие беру мәселелерін талқылау, ата-ана мен бала қарым-қатынасы бұзылуының алдын алу;
– Тараптардың белсенді мұқтаждардың анықтау және кімелекке толмағандардың мүдделерін сақтай отырып, олар бойынша ортақ шешім табудың мүмкіндіктерін іздеу.
Бүгінге дейін «Отбасылық сотты» құруға байланысты талдау жасалып, соттың жүктемесі мен соттың соттылығына енетін істер санаттары анықталды. Отбасы істеріне қатысты істердің 14 санаты белгіленіп, соның алгоритмі анықталды. Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық сотында пилоттық жоба аясында түсетін істер бойынша тараптарға арнайы психологпен алдын ала әңгімелесу сатысынан өту мүмкіндігі ұсынылып, ол жөнінде «шақыру» қағаздары (SMS арқылы жолданатын электронды нұсқасы) екі тілде әзірленді.
Соңғы кездері ерлі-зайыптылардың ажырасуы үлкен проблемаға айналып отыр. Халық мұңы қалыпты жағдай деп қабылдауда. Сол себепті отбасы мүшелері, қоғамдық ұйымдар, судья, медиатор, психолог мамандар үйлесімді түрде жүйелі жұмыс істегені жөн деп ойлаймыз. Сотқа талап қою арызын жазардан бұрын жәбір-жапа көргендер медиатордың алдынан өткені ләзім. Мемлекеттік баж алымының мөлшерін де көбейткен мақұл болмақ.