• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру
Медиация

Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру

PressaBy Pressa10.07.2020Updated:23.07.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2020 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне, соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Бұл Заңда тараптарды татуластыруға бағыттталған өзгерістерге ерекше тоқталып өткен жөн. Себебі, азаматтық процесте тараптардың татуласуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Татуластыру рәсімдерін одан әрі дамыту, татуласу рәсімдері мен медиация институтын дамыту және даулардың санын қысқарту мақсатында татуластыру рәсімдері жүргізілген жағдайда талап қою арызын қабылдау үшін алдын 5 күндік мерзім берілсе, енді татуласуға 10 күн уақыт беріліп отыр. Дауларды сотқа дейін және сот отырысы кезінде реттеудің процессуалдық жолдары ретінде Заңда: татуластыру рәсімдері, медиаторлардың қатысуымен және сот жүргізетін медиацияны қолдану, тараптар және адвокаттардың қатысуымен партисипативтік рәсімдерді қолдану қағидалары қарастырылған. Сонымен қатар, өзгерістерге сай, партисипативтік рәсімдерге заң консультанттары да қатыса алады, мұның өзі тараптарды татуластыруға жасалған үлкен қадам деп есептеймін.

Одан бөлек, қабылданған Заң сот процессі кезінде судьяның рөлін арттыра түсті. Судья істі қарау барысында істің дұрыс және обективті шешілуі үшін тараптардың ұсынған дәлелдеріне ғана сілтеме жасамай, өзінің бастамасы бойынша дәлелдерді жан-жақты, егжей-тегжейлі зерттейді, яғни азаматтық іс жүргізудегі судьяның рөлін күшейтіп отыр.

Сот тараптың уәжді өтінішхаты бойынша не өз бастамасы бойынша істің материалдарын жинау және зерттеу, тараптар дәлелдерінің негізділігін және сотқа ұсынылған дәлелдемелердің анықтығын тексеру бойынша шаралар қабылдайды. Сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізу міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.

Сонымен қатар, аталған заңда соттарда қаралатын даулардың санын қысқарту, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, татуласу рәсімдері мен медиация институтын дамыту сияқты маңызды мәселелер қамтылған.

Қабылданған Заң азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айта келе, сот ісін жүргізуде цифрландырулар туралы келесі постта толығырақ айта кеткенді жөн көрдім.

 Даурен Сайханов, 
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың 
істері жөніндегі мамандандырылған
 ауданаралық сотының төрағасы
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleМедиация рәсімінде жеңімпаз немесе жеңілген тарап болмайды
Next Article Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі
Pressa

Related Posts

Келісіп пішкен тон келте болмас

13.11.2023

Медиация – татулық тірегі

05.08.2023

5 тамызда ҚР «Медиация туралы» Заңның қабылданғанына 12 жыл толады

04.08.2023
Add A Comment

Comments are closed.

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.