Айта кетейік, дау-да-майға қатысуға тарап-тар таңдаған медиатор — дауласушыларға жанжалды өзара келісе отыра реттеуге көмек-тесетін бітімгер. Оның көмегі арқылы тараптар өз дауларын құпия түрде, аз ғана уақытта, өздеріне тиімді жолмен реттеп алады. Соттағыдай немесе тергеу барысындағыдай құ-зырлы органдардың шешімін күтіп айлап жүрмей-ақ, медиатордың қатысуымен ең тиімді деген жолмен дауласушылар шешеді. Медиатор болу үшін жасы 25-ке жеткен, жо-ғарғы білімі бар, (тек заңгер ғана емес) кез-келген тұлға арнайы 5-7 күндік арнайы курстан, оның соңында емтиханнан өтіп сертификатталып, медиаторлар реес-тріне тұрған тұлға ме-диатор бола алады. Ме-диатор керек тараптар сол реестрден өзіне қолайлы деген медиаторды таңдайды. Яғни, аяқ астынан жанжал туындай қалса, адамдардың басым…
Author: Пернебай
Отырысқа Шымкент қа-лалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Н.Биболов, аудандық және оған теңес-тірілген соттарының судь-ялары Л.Әуелбекова, А.Ор-ақбаева, Б.Бөрібеков, А.Ос-панова, Э.Қалымбетова, ау-дан прокуратурасының про-курорлары Н.Джанибеков, С.Зауырбеков, С.Аратбаев, Б.Есенов, Шымкент қала-сының Отбасы, бала және жастар істері жөніндегі бас-қармасының бөлім басшысы А.Сансызбай, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің оқы-тушысы А.Есеналиев, «Ми-рас» Университетінің құқық секторы білім беру бағдарламасының менеджері Ш.Анафияева, «Медиация, құқық және психологиялық қолдау орталығы» ҚБ-нің медиаторы Н.Оразқұлова, Жол-көлік колледжінің ме-диаторы Р.Ешімов, аудандық полиция басқармаларының қызметкерлері, мек-теп медиаторлары және БАҚ өкілдері қатысты. Қалалық соттың судьясы Н.Биболов Ұлт Жоспарын іске асыру және дауларды шешудің баламалы тәсіл-дерін енгізу мақсатында судьялардың күш-жігері бітімгершілік рәсімдерін кеңінен қолдануға бағытталғанын…
ЖШС 115 248 460 теңгені, оның ішінде 20 144 460 теңге тұрақсыздық айыбын және 3 457 454 теңге мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы жауапкерге талап қойып, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.Сот талқылауы барысында корпоративтік даудың қатысушылары дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті.Келісімнің шарттары бойынша талап қоюшы өзінің қойған талаптарынан бас тартты, ал жауапкер жылыжай тіркелгеннен кейін оны ағымдағы жылдың сәуір айына дейін ЖШС-нің жарғылық капиталына енгізуге міндеттенді. Талап қоюшы жылжымайтын мүлікті жауапкер қайта тіркеген сәттен бастап құрылтайшылық құжаттар бойынша оған ешқандай талап қоймайтын болады. Демек жауапкер барлық міндеттемелерді тиісінше орындады деп есептелінетін болды. Талап қоюшыға 3 457…
Ж.Телевтің ісі бойынша Жәнібек Телев 2017 жылғы қаңтарда абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соққан әскери кемелерді жүргізу және пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған. Ол ҚК-нің 465-бабы бойынша пробациялық бақылауға алына отырып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Апелляция соттың үкімін өзгертті. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2016 жылғы 13 желтоқсандағы Заңның 2-бабы 3-бөлігінің 2) тармағының негізінде Телев жазасын өтеуден босатылды. Жоғарғы Сот істі қарап, іс жүргізуді тоқтатты және Телевті төмендегі себептер бойынша қылмыс құрамының болмауына орай ақтады: Телевке тағылған айып бойынша әрекетті жасағаны туралы тұжырымдар істің нақты мән-жайларына сәйкес келмейді. Іс материалдарына сәйкес, Телев…
Қазақстан Республикасында Медиация туралы заң күшіне енгелі кәсіби және қоғамдық негіздегі медиаторлар азаматтар арасындағы даулы мәселелерді шешуге атсалысып келеді. Медиаторлардың бітімгершілік қызметіне аузы дуалы ақсақалдарымыздың да қосып жүрген үлесі аз емес. Қазіргі таңда ақсақалдармен ақылдасу, олардың кеңесіне құлақ асып, халық арасында туындаған дау-дамайларды сотқа жеткізбей бітімге келтіру аса маңызды. Елімізде даулы мәселені төрт-ақ ауыз сөзбен тындыратын қарияларымыз баршылық. Қазақ елінің ынтымағы мен бірлігі, ырысы мен несібесі жарасқан мемлекет болып қалыптасуына қарияларымыздың қосар үлесі мол. Ұлттың ұлы мұратын ұлықтайтын, өмірден көргені мол қариялардың қоғам тәрбиелеушісі ретінде тұлғалық болмысы маңызды екені даусыз. Бұл ойымызға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұловпен болған…
Жоғарғы Сот Төрағасы «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасының іске асыру туралы өкімін бекіткен болатын. Шымкент қаласының Абай ауданы сотының судьясы Отарбаев Еркен Бостанбекұлы осы өкімге сай, аталған пилоттық жоба бойынша татуластыру рәсімдерін жүргізетін судья болып тағайындалған. Жоғарғы Сот төрағасының аталған өкімімен пилоттық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын процестік әрекеттердің алгоритмі бекітілген. Аталмыш тақырып бойынша судья Еркен Бостанбекұлымен жолығып, пилоттық жобаның қалай жүзеге асырылып жатқандығы жайында әңгімелескен едік. — Еркен Бостанбекұлы, Жоғарғы Сот Төрағасының «Соттағы татуластыру рәсім-дері» пилоттық жобасын іске асыру туралы өкімі қабылданғанынан хабардармыз. Атал-ған пилоттық жоба бойынша қаралатын азаматтық істерді тарқатып өтсеңіз… — Абай аудандық соты Төра-ғасының өкіміне сай, азаматтық…