Author: Пернебай

Медиация сөзі ағылшын тілінде кез келген дауды оған ешқандай да қатысы жоқ үшінші бір адамның – медиатордың араласуы арқылы альтернативті түрде реттеу деген мағынаны білдіреді. Демек, медиатор дегеніміз – өзара жанжалдасушы немесе дауласушы тараптардың арасында орын алған даулы мәселелерді олардың өздерін қатыстыра отырып, тараптарға тиімді жағдайда шешуді жүзеге асыратын маман. Жалпы, осы саланың бүге-шігесін терең меңгерген мамандардың айтуынша, медиаторларды бітімгер немесе мәмілегер деуге әбден болады. «Бітімгер» деген мамандық қазірде қоғамда болмаса да, ауыл арасында қолданылады. Сөзге шешен ақсақалдар араздасқан екі жақты мәмілеге келтіріп, ауызша келісіммен айыбын төлетіп, бейбіт жағдайда мәселені шешеді. Медиация тарихы тереңде. Адамдар арасында алғашқы дау қай кезде…

Read More

Әли ағам отау құруға бел байлаған жылы мен бесінші сыныпты тәмәмдап жатқан кезім болатын. Біздің Өркен ауылында әлдебір оқыс не жоспарлы оқиға болып жатса ел шу ете қалатын. Көбінесе қатын – қалаштың ортасы араның ұясындай ызың – ызың болып қып – қызыл өсекке тез толып кететін. Желдей есетін әңгі-ме, керек адамға, керек кезде лезде жететін. Соңғы күн-дердегі әңгімеге азық, өсек-ке арқау болып тұрған менің ағам Әлидің үйленуі еді. » Дәукеннің үлкені көрші ауылдан қыз алып қашып келуге кетіпті «. «Алып қа-шатын қызы өрімдей жас екен «. «Сотталып кетпесе болғаны » – деген сарындағы алып – қашпа, қыңыр – қисық әңгімелерден…

Read More

Бүгін тіпті кеш келдің ғой. Жеңгем наурыз көжеге шақырып еді. – Күйеу баласы ішсін десе, алыс жер емес, бір кесе беріп жебермей ме? – Есен ет тұрып қалған тісін шұқып жамбастай жатты. – Апа сүт биш-ш, – деген баласына сүт құйып беріп отырған Бибі күйеуінің жүзіне қарады. Жанарында айтсам ба, айтпасам ба деген екіұшты ой тұр. – Мына баланы айтамын, жасы төрттен асып, беске бара жатыр. Тілі әлі анық емес… – деді сөзінің артын жұтып. Есен әйеліне қарады. – Өткенде доқтырға апарып ең ғой. – Ауданға сілтейді. Логопед деген маманға көрсет дейді. – Әй қойшы, – деді Есен әдетінше тағы…

Read More

Қарым-қатынастағы жігіттің басты қасиеті – әйел үшін өзгеруге бейімдігі. Егер ер адам өзгере алмаса, өзгеруге дайын болмаса, қарым-қатынасқа дайын болмағаны. Қарым-қатынасқа жарамсыз. Жасөспірімдік психологиядан өспей қалған еркектер насихаттайтын бүтін бір идеология бар. «Әйелмен келісу – оған бағыну деген сөз. Тек қатынжанды еркектер бағынады. Әйелді бастан. Басынан қатал ұстау керек. Әйелдер билеп-төстейтін, авторитарлы, қатал еркектерді жақсы көреді. Оған еш нәрседе жол берме. Қысым жаса, бақыр, қорқыт – сонда нағыз еркек боласың, нағыз альфа-еркек атанасың» дейтіндер бар. Құмсалғыштың ішінде ойнап отырған бала-шағаның ортасында альфа-еркек атану оңай, әрине. Өзіңнен әлсіз жаратылған әйел затын қорқыту, дегеніңе көндіру оңай. Бәлкім, көртышқан сатып алып, өзіңе Киелі…

Read More

Қазіргінің әйелдері үйде баламен отыруға қиналады. Байқайсыз ба? Оларды үнемі сыртқа қарай бір күш тартып тұратындай. Неге? Неге бір тойға бару үшін баласын бөтен адамға қалдырып кетеді? Неге әйел жанын сән мен өсек жаулап алған? Денсаулық пен тәлім беруді ойламайды да. Неге бірінші орында отбасы тұрмайтын болды? Неге екенін өзін жетілдіру мен келешек көп мазалайды. Ананың тілегі баласының тыныштығынан артық болды. Осы тектес сауалдар мазалай ма? Бүгінгінің әйелі бақытты ана, әйел, аспаз түгілі, жәй әйел болудан қалды. Уақытының көбін балаға арнау орынды деп білмейтін болды. Балаға арнап тәтті пісіру, көйлек киіп, үй жинау, күйеуінің жейдесін үтіктеу, оны ойлау – бәрі-бәрі…

Read More

Қазақстанда бір жылда 3 млн. іс сотта қаралады. Онда бір ғана емес, бірнеше тарап болуы мүмкін. Екі тарапты қосқанда 6 млн. адам сотқа жүгінеді. Уақыт шығыны, психологиялық күйзеліс, қызметтік, қаржылық келеңсіздіктерге әкеліп соғады. Сотқа жүгінушілердің 80 пайызының үйінде бала бар. Оның бәрі балаға да әсер етеді. Қазіргі кездегі даулардың отбасы, әсіресе мүшелері арасындағы даулардың күрделілігі тез, тиімді және материалдық жағынан үнемді шешімді қажет етеді. Медиация адамдардың жоғарғы мәдени деңгейін көрсете отырып, консенсус пен әріптестікке негізделген жүйе. Медиаторға судьяның өкілеттігі берілмегендіктен, ол шешім қабылдай алмайды және тараптарды өз шешімін орындауға міндеттемейді. Ажырасушылардың татуласуы-отбасылық медиацияның басты міндеті емес, эмоциялар ақылға қонымды болған…

Read More

Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билерінің бірі — Кенжалы би. Кенжалы Ырғызбайұлы 1823 жылы Семей өңірінде Тарбағатай шығыс жақ қойнауындағы ауылда дүниеге келген. Кенжалының 16-17 жастар шамасы кезінде мынадай бір дау көтеріледі. Туған ағасы Төлеке жылқы жайып жүреді. Бір жас жылқышы оған кызмет етіп, сыйлайды екен. Бір күні әлгі жігіт жылқының асықты жілігін балтамен шағып майын алып берем деп, жілікті қақ бөлгенде жаңқасы Төлекенің көзіне тиіп, бір көзі майып болады. Төлеке «көзімді шығарып, соқыр еттің, айыбын төле» дейді. Әлгі жігіт: «Мен әдейі істеген жоқпын, абайсызда тиіп кетті» деп бас тартады. Сонымен екеуі биге жүгінбек болады. — Қайсы биге…

Read More

Қазақ билерінің үлгілі билік шешімдері қазақ әдет құқығының негізгі қайнар көздерінің қатарына жатады. Қазақ ішінде ықылым замандардан бері көптеген белгілі дуалы ауыз билердің елге өнеге, үлгі болған билік шешімдері сан ғасырлардан бері сақталып келеді. Қазақ ішіндегі үлгілі билік шешімдер ХІХ ғасырдың аяғына дейін қолданылып келді. Қазақтың билерінің үлгілі билік шешімдерін қазіргі кезеңдегі англо-саксондық құқықтық жүйеде қолданылатын соттық перецедентпен қатар қоюға болады. Қазақтардың билерінің үлгілі билік шешімдерінің адами құндылықтары адами ажары басым болды. Қазақтың белгілі ғалымы академик С.З. Зимановтың басшылығымен жүзеге асырылған «Қазақтың ата заңдарының» 10 томдығының 4-томында белгілі билердің жиырмаға тарта үлгілі билік шешімдері келтірілген болатын солардың аттарын атап кететін…

Read More

Республика бойынша «ТАТУЛАСУ: СОТҚА ДЕЙІН, СОТТА» пилоттық жоба 2018 жылдың сәуір айынан басталған. «ТАТУЛАСУ: СОТҚА ДЕЙІН, СОТТА» пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында Қазығұрт аудандық сотында 2018 жылы «Медиация» кабинеті ашылды, ал 2019 жылдан бастап татуластыру судьясы тағайындалған. 2019 жылдың қантар айында Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Қазығұрт ауыл әкімдігі ғимараты жанынан медиация кабинеті және Татуластыру орталығы ашылды. Татуластыру орталығы қоғамдағы даудың деңгейін төмендету, соттан тыс рәсімдерді жан-жақты дамытуға, ертеден келе жатқан қазақ халқының бітімгершілік дәстүрді қайта жаңғыртуға Медиация, Билер институттарын дамыту, халқымыздың бірлігін, ауызбіршілігін, тұтастығын сақтауға және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ашылған. Қазығұрт ауданының тұрғындары 106 мыңнан асады, ауданда 64…

Read More

Заңның артықшылығы да же-терлік, мәселені бітімгершілік жолымен шешу уақыт пен қаржы-ны үнемдеуге көмектеседі. Татуласудың артықшылығы тараптардың бірігіп шешім қабылдаумен құн-ды, дауласушы екі жақ оған ерікті түрде қатысып, бұл мәселелердің уа-қыты мен өтетін орнын өздері шешеді. Сондай-ақ, медиация үдері-сінде жеңілуші мен жеңуші бол-майды. Оның мақсаты – тараптардың алтын уақыттарын тиімді пайдаланып, тараптардың жүйке-лерін тоздырмау, текке кететін құжаттарды жұмсаудың алдын алу. Сондықтан қәзіргі жағдайда татуласу өте тиімді де ұтымды деуге толық негіз бар. Сонымен қатар, Татуласу рәсімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық істер бойынша қолданылмайтынын айта кеткен дұрыс. Заң талаптарына сай татуласу рәсіміне оған қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған…

Read More