Қабыл ДҮЙСЕНБИ, Шымкент қалалық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ерте кезден билеріміз «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» дегенді айтып келеді. Дала билігінің дара тұлғалары – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер бастаған би-шешендердің ел арасындағы кез келген дау-дамайды бітімгершілікпен шешіп, елдің бірлігі мен ынтымағын, халқымыздың татулығын және жеріміздің тұтастығын сақтауға бар ақыл-ойы мен күш-жігерін жұмсағаны тарихтан мәлім. Еліміз егемендік алған күннен бастап, бірлік пен татулық туралы дана билеріміз айтқан осындай нақыл сөзді соттарымыз күнделікті өмірде жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсап, қолдағы бар мүмкіндіктерін пайдаланып, өздерінің үлестерін қосып Қазақстанда ел бірлігі мен тыныштығын сақтау жолында татулықты ту етіп ұстап келе жатқаны…
Author: Пернебай
Б.Бөрібеков, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы. Қазіргі таңда, қала тұрғындары арасында болып жатқан жер, қарыз ақша өндіру, балағат сөз сөйлеу, келтірілген материалдық шығынды өндіру және т.б. азаматтық даулар немесе онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша қақтығыстарды сотқа дейін Медиация тәртібінде шешуге болатынын білу қажет. Медиацияның ең бірінші мақсаты – ренжіскендерді татуластыру, кетіскенді бітістіру, дауласушы жақтарды табыстыру, мейірім мен сыйластық, татулық пен берекені сақтау және нығайту. Медиаторлар сотқа дейін татуласу – даукестіктің деңгейін төмендете отырып, дауларды бейбіт келісім арқылы тиімді шешуді қолға алады. Араздасқан азаматтарды сотқа дейін бітімге келтіреді, дауласқан тараптарды мәмілеге келтіріп жүйелі сөзге тоқтатады. Келісу мәдениетінің…
Өркениетті елдерде кіші және орта қылмыстар мен дау-дамайларды сотқа жеткізбестен медиациялық қызметтің көмегімен шешу үрдісі әлдеқашан қалыптасқан. Егемен елімізде бұдан бірнеше жыл бұрын «Медиация туралы» заң қабылданып күшіне енген болатын. Содан бері облыс орталықтары, қалалар, аудан орталықтары мен ауылдық округтерде сот жүйесіне медиациялық қызметті енгізу, халыққа медиациялық қызмет көрсету кеңінен қолға алынуда. Миллионнан астам тұрғыны бар мегаполис қаламызда да медиация мәселесіне жіті көңіл бөлініп отыр. Сот жүйесінде медиацияны қолдану үрдісі шаһарымызда артып келеді. Өйткені, медиациялық қызметтің даулы мәселені шешуде екі тарапты да қанағаттандырып бітістіретіндігі, сотқа жүгінуден гөрі уақыттың да қаржының да аз кететіндігі сияқты ұтымды жақтарының барын түсінген шымкенттіктер медиациялық…
Қайрат Избасаров, Еңбекші аудандық сотының судьясы. Қазіргі таңда медиация қызметін қолдану қарқын алып отыр. Осы тұста татуластыру рәсімдерін қолданудың артықшылығына тоқталсақ, медиацияны жүзеге асырушы тұлға, тараптарды кінәлі немесе кінәсіз деп бөліп жармай, тараптарға жауапкершілік жүктеп, нұсқау бермейді. Медиатордың басты негізгі мақсаты тараптарды келісімге келуге шақыру. Татуласудың тағы бір артықшылығы – мұнда сот шешімі орындалмай орта жолда қалмайды. Бекітілген келісім бойынша тараптар ондағы шарттарды орындауға мүдделі. Азаматтық процестік кодексінің талабына сай, татуласу келісімін жасасқан тұлғалар оны ерікті түрде орындайды. Ал егер ерікті түрде орындамаған жағдайда, татуласу келісімін жасасқан тұлғаның өтініш хаты бойынша сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады. Ол…
Н.Биболов, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Даулардың деңгейін, соның ішінде олардың соттағы үлесін төмендету мақсатында Шымкент қалалық сотының ғимаратында «Дауларды соттан тыс шешу әдістерін қолдану» және «Отбасылық қатынастардан туындайтын дауларды алдын ала реттеу» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілген болатын. Оған жергілікті атқарушы билік өкілдері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, банк пен сақтандыру компаниялары, медиаторлар, жариялық шарттар бойынша қызмет көрсететін мекемелер, нотариалдық палата өкілдерінің, адвокаттар, кәсіби және қоACғамдық медиаторлар және мүдделі басқа да тұлғалар қатысты. Кездесу барысында дауларды алдын ала реттейтін және құқықтық кеңес беретін Әділет департаментінде – сот орындаушылардың әрекетінен туындайтын дауларды, банктерде – банк шарттарынан туындаған, нотариаттық…
Біріншіден, қазіргі таңда судъялардың жүктемесі тым ауыр екені аян. Сондықтан, ең алдымен, кейбір істерді медиаторлардың қарауына беріп, соттардың жүгін әжептәуір жеңілдетуге қол жеткізіледі. Тіпті, бұл өзі – соттың баламасы. Сонымен қатар сотқа жүгінуші жақтың бірі көп жағдайда сот шешіміне қанағаттанбай, жоғарғы жаққа арызданып, жазаланған жақ жаза ауыр болды десе, жәбірленуші жақ жаза жеңіл болды, деп наразы болып жатады. Медиацияның артықшылығы ол араздасушы екі жақты міндетті түрде келісімге келтіріп, ризашылықтарын алып татуластырады. Екіншіден, бұл жол тараптардың өздері үшін де тиімді екені белгілі. Оның үстіне қазір адамдар арасындағы кейбір қақтығыстар қантөгіспен аяқталып жатқаны ащы да болса шындық. Мұндай жағдайда араздасқан адамдарды бітімгершілік…
Заңның 9 бабына сәйкес тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін. Медиатор тараптардан, мемлекеттік органдардан, басқа да заңгерлік, лауазымдық және жеке тұлғалардан тәуелсіз болуы керек. Заң бойынша бітімгерлер бұл шаруамен кәсіби және қоғамдық негізде шұғылдана алады. Жасы 40-қа толған, жақсы атаққа ие, беделді, көпті көрген және тізілімге енгізілген азаматтар бұл кәсіппен қоғамдық негізде айналысуына болады. «Басы ауырған бақсыға барады, даулы кісі жақсыға барады» дегендей, мұндай адам…
Заңның ерекше назар аударуды қажет ететін баптарының бірі – 15 бап, яғни жергілікті қоғамдастық мүшелерінің медиацияны жүргізуі. Нақтырақ айтқанда, өз қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыратын медиаторлармен қатар, медиацияны жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) осындай мақсатта сайлайтын жергілікті қоғамдастықтың өмірлік тәжірибесі мол, абыройлы және мінсіз беделі бар мүшелері жүргізе алады. Заңның 15 бабының 2 тармағына сәйкес, жергілікті қоғамдастық мүшелерін кәсіпқой емес медиаторлар ретінде сайлау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) хаттамасы он жұмыс күні ішінде Заңда көзделген құжаттармен, сондай-ақ мәліметтермен қоса, кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне қосу үшін уәкілетті органға жіберіледі. Сонымен қатар, Заңның 16 бабына сәйкес қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала,…
Бұл Заңға сәйкес азаматтық, еңбек, отбасы және басқа да құқықтық қарым-қатынастан туындаған дауларды медиация жолымен шешуге әбден болады. Мәселен, ерлі-зайыптылардың арасындағы некені бұзуға, ата-ана құқықтарына, балалардың тұратын орнын анықтауға, оларды асырауға қосатын үлестеріне қатысты мәселелер медиация жолымен реттелуі мүмкін. Сондай-ақ аса ауыр емес және орташа ауыр қылмыстық істер бойынша да тараптар медиатордың көмегіне жүгіне алады. Алайда, дау екі тараптан басқа тағы біреудің немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделерін қозғаса, мұндай іске медиаторлар араласа алмайды. Сондай-ақ тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы және сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерге медиация қолданылмайды. Ең бастысы, Заң екі…
Еліміздің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтарын барынша іске асыру, жеке адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүддесін уақытылы қорғау және қалпына келтіру мақсатында бірқатар іс-шаралар қамтылған болатын. Оның ішінде, жеке құқықтық дау-шарлар тараптар арасындағы ымыраға қол жеткізудің сот және соттан тыс тәртіппен қолданылатын түрлі жолдары мен әдістерін белгілеуге бағытталуы мүмкін әрекеттер де көрініс тапқан еді. Осыған орай, 2011 жылдың басында Елбасы ҚР-ның «Медиация туралы» Заңына (әрі қарай – Заң) қол қойып, сол жылдың 5 тамызынан бастап күшіне енді. Заңның мақсаты – дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына…