Author: Нурбала

28 қаңтар күні сағат 11.00.-де «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығының Бәйдібек би даңғылы, 32 а орналасқан ғимаратында көпбалалы аналар «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» ЗТБ заңгерлерімен кездесіп, отбасылық құқық, ана мен бала құқықтары бойынша сұрақтарын қоя алады. Ажырасу, алимент мәселелері де қаралып, тегін заңгерлік кеңестер беріледі. Келем деушілерге есік ашық!    Осы кездесуге келем деушілер Орталық мамандарына арқылы хабарласып, алдын-ала жазылуы тиіс. Байланыс телефоны: 8777-1479140, 8775-0453917

Read More

Н.АЛИЕВ, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Қазақ тарихында билердің қазақ ұлтының дамуына және ел бірілігінің сақталуына қосқан үлестері орасан болғаны белгілі. Ұрпаққа мұра ретінде өшпес із қалдырған атақты Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің айтқан сөздері осы кездері де баршамызға рухани азық болып келеді. Билер өзіне жүгінген тараптардың дауларын қараған кезде әрқашан тараптарды бітімгершілікке және бірлікке қол жеткізуге тырысқан. Сондықтан да олардың қоғам өмірінде және ел алдында беделдері ханнан да жоғары болған. Қазіргі кезде дамыған Батыс Еуропа елдерінде тараптар арасындағы даулар көбінесе сот арқылы емес, татуластыру рәсімдері тәртібімен шешіледі. 2011 жылы қабылданған «Медиация туралы» Заңының нормаларын бұрынғы билер сотымен салыстыратын болсақ,…

Read More

Перизат Сафарбаева, Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Бүгінгі таңда, әлемдік тәжірибе бойынша, медиацияның ірі бизнестерден бастап, отбасылық дау-жанжалдарда, ажырасу мен дүние-мүлікті бөлісу тағы басқа да көптеген мәселелерде қолданылады. Халықаралық статистикаға жүгінетін болсақ, медиация арқылы бүкіл келіспеушіліктердің 30-40 пайызы қаралады және солардың 85 пайызы оң нәтижеге ие болады екен. Қазіргі кезде медиация Еуропа, АҚШ және Австралия мемлекеттерінде белсенді қолданылады. Біздің елімізде дауларды шешудің әдісі ретінде 2011 жылдың 28 қаңтарында «Қазақстан Республикасының Медиация туралы» Заңы қабылданды. Медиация жанжалдарды баламалы шешудің жеңіл түрі болып табылады. Медиация рәсімі кезінде, жанжалға қатысушы жақтар медиатордың біліміне, тәжірибесіне және шеберлігіне сүйене отырып өзара тиімді шешімге келеді.…

Read More

Мая ШЕРТАЕВА, Еңбекші аудандық сотының судьясы 1998 жылы қабылданған «Отбасы және неке туралы» заң отбасылық құқықтың қайнар көзі болып табылады. Мұнда бұған дейінгі заң бойынша жұбайлардың ортақ меншіктік қатынастарының қолданыстағы режимі қайта қаралып, кәмелетке толмаған ата-аналардың мүдделерін қорғау мақсатымен неке жасы екі жасқа дейін төмендетілді, жұбайлардың қос фамилия алуына мүмкіндік берілді, алимент төлеу саласына да біраз жаңалықтар енгізілді. Кейбір жағдайларда отбасылық қатынастарға азаматтық құқық нормалары да қолданылуы мүмкін. Неке бұзу туралы азаматтық істерді қарағанда соттың бар мүмкіншілігі сот мәжілісінде екі жақты татуластыру үшін әрекет жасауға мүдделі, екі жұбайдың көңілдерін, олардың талап-тілектерін егжей-тегжейіне дейін зерттеп, не олардың некесін айыру қажет, не…

Read More

Л.Ауелбекова, Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотының судьясы Медиация – үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Ол бойынша үшінші тарап ретінде медиатор қатысады, ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау рәсімін толығымен бақылап отырады. Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады. Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдану соттарда қаралатын істердің санын азайтуға және судьялардың жүктемесін төмендетуге бағытталған. Одан басқа, татуластыру…

Read More

Оңтүстікте татулығы үлгі болатын Түркістан облысының Оранғай ауылы. Оранғай ауылы бірнеше ұлттан құралған жайлы қоныс. Үш елді мекенде 8500 мың халық орналасқан. Ауыл тұрғындары бәрі бір-бірімен тату, бір шаңырақтың тумасындай. Ауыл тұрғындарының татулығы үлгі боларлықтай. Ішінара болып жататын азды-көпті түсініспеу-шіліктер қазақы дәстүрменен, өзара келісіммен шешімін табады. Ауыл имамы Абдумуталип қажы Насировтың айтуынша ағайын арасындағы түсініспеушілік, отбасылық даулар, сыртқа шықпайды. — Ауыл әкімі, имам, бітімгер, қоғам белсенділерінен құралған арнайы тобымыз бар. Қандай істе де ортаға салып шешеміз. Жастарымыз да тәртіпке үйренген, – дейді Абдумуталип қажы. Ауылдың бірлігі мен татулығына атсалысып жүрген Гүлнар Устемирова «сан ұлттардан құралған ауылымыздан береке кетпеген. Бұл қазақ…

Read More

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын түзеу және олардың тұлға ретінде қалыптасуына, кәмелетке толмағандардың құықтарының қорғалуына ықпал ету мақсатында, Шымкент қаласындағы № 80 мектеп-лицейдің ғимаратында медиация кабинетінің салтанатты ашу рәсімін өткізді. Оған Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Д.Сайханов, «Медиация, құқық және психологиялық қолдау орталығы» өкілі Н.Оразкулова, мектеп-лицей ұжымы мен БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты ашу рәсімі барысында төраға Д.Сайханов өз сөзінде, сотқа дейінгі медиацияны іске асырудың өзектілігі мен тиімділігі және оны халыққа кеңінен насихаттаудың маңыздылығына тоқталып, дау-дамайсыз өмір сүру қағидаларын білім ошақтарынан бастап жастар бойына сіңіріп, кеңінен насихаттау қажеттігі туралы…

Read More

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №80 мектеп-лицейі мектептің татуластыру қызметі «Жас Медиатор» клубының мүшелері Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төраға Д.Сайхановпен кездесіп, сот процесіне қатысты. Кездесу барысында олар сот мәжіліс залдарын және басқа да кабинеттерді аралады. Төраға Д.Сайханов оқушылармен сұхбат құрып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Read More

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғарғы Сот «Қазақстанның сот төрелігі: ахуалы, үрдістері, келешегі» атты сот жүйесінің жинағымен таныстырды. Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары Абай Рахметулин, Серік Әбнәсіров, Елена Максюта және Жоғарғы Соттың баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов спикер ретінде қатысты. Абай Рахметулин брифингті аша келе, жинақ сот жүйесінің ашықтығы қағидатына сәйкес әзірленгенін атап өтті. Енді азаматтар, сарапшылар, халықаралық институттар, журналистер Жоғарғы Соттың сайтында соттар жұмысының қорытындысымен, жобаларымен және міндеттерімен таныса алады. Оның көмегімен кез-келген адам сот жүйесіндегі өзгерістерді біле алады. Ол үшін кеңеске қатысып, ресми хат жолдаудың қажеті жоқ. Жинақ жарты жылда кемінде 1 рет жаңартылады. А.Рахметулин жинақты таныстыра келе, 2019 жылы…

Read More