ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Адами капиталды, білім және ғылымды дамыту жөніндегі ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ арасында Салалық деңгейде білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған «Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімге» қол қойылды, – деп хабарлайды Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі. Келісім, әлеуметтік әріптестік институттарының бірі ретінде сала қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін, жұмыс берушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді қамтамасыз етеді. Салалық Келісімнен туындайтын ережелер Тараптар үшін міндетті болып табылады, негіз болады…
Author: halyqmediatory
2021 жылдың 16 наурызында БҚО Татуласу орталығында мектеп медиаторларына арналған «Мектеп – медиация – келісім» семинар-тренингі өтті. Шараға келісілген кесте бойынша Орал қаласының 10 (он) мектебінен медиаторлар қатысты. Дау-жанжалдардың салдары мектептегі психологиялық жағдайға теріс әсер етіп қана қоймай, білім сапасына да кері әсерін тигізеді. Семинар өткізу – бұл өз біліміңіз бен тәжірибеңізді басқа адамдармен бөлісудің жақсы мүмкіндігі. Татуласу орталығының қызметкерлері тақырыптың мазмұнын қол жетімді түрде аша отырып, медиация мысалдарына назар аударды және қатысушылармен жанжалдардың алдын алу мәселелерін талқылады. Семинарға қатысушылар пайдалы пікірлермен және ұсыныстармен бөлісті. Осы бағыттағы жұмыс облыстың барлық білім беру мекемелерімен жалғасын табатын болады. Мектеп медиациясы әдісінің кеңінен…
«Үй мен түздің шаруасын дөңгелетіп қана қоймай, ел экономикасына да серпін беруге ат салысқан қыз-келіншектердің бүгінде 30 пайызы елімізде басшылық қызметін атқарады екен. Бүкіләлемдік экономикалық форумның статистикасына сүйенсек, әйелдердің бизнес, әлеуметтік мәселелердегі белсенділігі бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 31-ші орында тұр. Жалпы гендерлік теңдікті шешу 1995 жылы Мемлекет басшысымен ҚР Президенті жанындағы демографиялық саясат және отбасы, әйелдер мәселелері бойынша кеңес құрылып, бірінші рет әйелдердің жағдайларын жақсартудың мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы жасалынып, 1998 жылы Кеңес ҚР Президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері бойынша халықтық комиссия болып қайта құрылды. Ал 2006 жылы Қазақстанда гендерлік саясат жөнінде алғаш заң қабыданып, Елбасының бақылауына алынды. Жалпы, гендерлік…
Отбасы болғандықтан ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Кез келген келіспеушіліктер әр отбасында болуы мүмкін. Бірақ сол жанжалды ушықтырмай дер кезінде шешуге қол жеткізу жолдарын дамыту, бүгінгі күнде қай жиынның болса да басты тақырыбына айналып отыр. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінде ерлі-зайыптыларға бала тәрбиелеуде теңдей міндет жүктейді. Өкініштісі, көптеген ата-ана бүгін осы жауапкершіліктің салмағын сезінбей жүр. Отбасылық институтты әрі қарай жетілдіру мақсатында және некеге тұруды жоспарлаған жас жұптарға медиативтік тәсілдерді үйрету, отбасындағы дауларды медиация арқылы шешу секілді мәселелер бойынша Шымкент қаласы “SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығында «Отбасы медиациясы» тақырыбында тренинг-семинарлар өткізіліп медиативтік тәсілдерді қолдану, қоғамдағы тұрақтылық кепілін ныйғайту бойынша пікір…
Рухани жаңғыруда заман талабына сай жаңғырып келеді. Рух деген нақты мән-мағына-сы беймәлімдеу, жұмбақтау ұғым. Бұл сөзді жиі айтамыз, өз ойымызды танытуда оқтын -оқтын қолданамыз, бірақ оның нендей нәрсе екенін айқын білмейміз. Білетініміз, адам баласының шын қасиетін танытып, абыройын арттыратын – осы руханилық екені. Ен-деше ол не нәрсе, нендей құбылыс? Сірә, адамның тәні, материалдық жаратылысынан бөлек қасиеттік жағы болса керек. Қазақта «қасиетсіз» деген қаһарлы ауыр қарғыс бар, мұндай қарғысты кісі әбден күңіреніп күйіп кеткенде айтады. Қасиет біздің білуім-ізше, әр нәрсенің өзіндік болмысын танытады, қасиетіне қарап әр нәрсенің өзін тани-мыз. Демек қасиеттен айырылу – өзіндік болмысынан көз жазып қалу болып шығады-ау. Ал…
Контрафактілік өнім дегеніміз – еліміз бекіткен халықаралық келісімшарттар нормаларын бұза отырып жазылған шығармаларды әуе толқыны және бейнекөрініс арқылы тарату немесе басқаша мақсатта пайдалану. Контрафактілік өнімдер және зияткерлік меншікті заңсыз пайдалану кәсіпкерлікті дамытуға кері әсерін тигізіп отыр. Қазіргі кезде контрафактілік өнімдер көптеген сауда нүктелерінде сатылуда. Ал, лицензиясы бар өнімдер сауда жасайтын нүктелер саусақпен санарлық. Мысалы, фармацевтикалық өнімдердің тауар таңбасын пайдаланып, дәрі-дәрмектерді сапасыз өндіру, оны пайдаланушы тұрғынның денсаулығына елеулі кері әсерін беруі мүмкін. Айталық, сіз дәрігердің нұсқауымен асқазанға емдік әсерін беретін дәріні сатып алып пайдаландыңыз. Алайда, сізге бұл дәрі дауа болмай, қайта асқазан ауруын қоздырып жіберді Осы кезде сіздің пайдаланған дәріңіздің таза…
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жоғарғы Соттың судьясы Аслан Түкиев пен жоғары сот органының баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (ӘРПК) негізгі жаңашылдықтары туралы баяндады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады. Олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейді. Сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажет», – деген болатын. Әкімшілік әділет «Халыққа құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келеді. Жаңа заң ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді және мемлекеттік аппараттың…
Былтыр 23 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» және оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Әзірше құжат Мәжілістің екінші оқылымында талқыланып, Сенаттың сүзгісінен өткен жоқ. Осыған қарамастан бірқатар ақындар үндеу жариялап, әйелдер митингіге шықты. Бұл аз десеңіз, қоғам белсенділері мен блогерлер һәм әншілер мен әртістер заңға қарсы пікір білдіріп, заңгерлер уәж айтты. Тіпті халық арасында онлайн-петиция ұйымдастырылып, заң жобасына қарсы қол жиналды. Осының барлығына қолданысқа енбеген заң жобасының кейбір баптары мен тармақтары түрткі болды. Қоғамдық резонанс туғызып жатқандардың пікірінше, «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы ата-ана мен бала арасына іріткі салып, отбасы институтының құтын қашырады. Құжатта көрсетілгендей, отбасылық…
Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады. Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз «Сөз қадірін білмесең, өз қадірінді білмейсің», «Сөз сүйектен өтеді», «Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік» деп, сөз өнерін ерекше тани білген. Шешендік сөздер – ғасырдан-ғасырға…
Бүгінгі таңда Қазақстанда баланы асырап алатын ата-аналардың баланы балалар үйіне қайтарғаны үшін жауапкершілігін реттейтін заң жоқ. Асырап алған ананың айтуынша, сот арқылы қайтарылып жатқан тоғыз жасар баланы ол және оның жұбайы үш жасында балалар үйінен асырап алған және сол кезде тегін де атын да өзгерткен. Баланың Егор деген аты Муратқа өзгертілген. Алайда, ата-аналарды «олар ойнап, шаршады» деп кінәлау немесе «бала арналған функцияны орындады немесе орындамады» деген себеппен қайтарылды деу де қиын. Бала асыраушы отбасы күтпеген және оларға шешілмейтін болып көрінген стресстік жағдайға тап болды, бәрі бақылаудан шықты. Асырап алған ананың сөзінен: «Бала 9 жаста. Мүлдем басқаруға көнбейді. Бопсалайды, алдайды, бүкіл…