Author: halyqmediatory

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі” атты Қазақстан халқына Жолдауы – тарихи құжат және бүгінгі күнгі қоғамның талабы деп айтсақ болады. Себебі əрбір Жолдау елімізді одан əрі дамытудың, биік табыстарға жеткізудің стратегиялық жолы. Қазақстан жаңа жағдайда күрделі кезеңді бастан өткеріп, індетке қарсы күресті жалғастырып келеді. Қиын сәттерде халқымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білді. Елдің ыстық ықыласына бөленген дәрігерлер, әскери қызметшілер, кәсәпкерлер, еріктілер, қарапайым халық пен тіпті көршілес елдер де аянып қалмай,табандылық пен үлкен жауапкершіліктің үлгісі бола білді. Әлемді дүр сілкіндірген індеттің (короновирус) таралуы сот   жүйесіне де  өзгерістер алып келді. Қиын сәттерде  кез-келген жағдайға дайын болу…

Read More

Жемқорлық ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіреді сондықтан, оның тамырына балта шауып, түбегейлі жою қажет. Бұл дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлесіп күресуге шақыра отырып, мемлекетте оған қажеттінің бәрі бар екенін атап өткен болатын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев биліктің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының жеті негізгі шарасын атап өткен болатын. Азаматтардың құқығын қорғау. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті әріптестігін атап, жемқорлықпен күресте күштік шаралар аздық ететін айтты. Қоғамдық бақылауды күшейту. Бюджеттік саясаттың ашықтығы. Жемқорлыққа қарсы саясатта өңірлердің рөлін күшейту қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету ісіндегі үдемелі цифрландыру. Мемлекеттік сатып алу жүйелерін…

Read More

Еңбек дауының ұжымдық және жеке сияқты екі түрі бар. Жеке еңбек дауы – қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы зандарды қолдану мәселелері жөніндегі, жұмыс беруші (жұмыс беруші өкілі) мен қызметкер (қызметкер өкілі) арасында бұрын реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы келіспеушіліктер. Еңбек даулары екі сатыда – тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Тараптардың келісімімен еңбек дауларын келісім комиссиясы қарауы мүмкін. Келісім комиссиясы тараптардын бірлескен шешімі бойынша жұмыс берушілер мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен тепетең негізде құрылады. Қызметкерлердің өкілдері келісім комиссиясына ұйымның жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. Жұмыс берушінің өкілдерін ұйым басшысы тағайындайды. Келісім комиссиясын ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз…

Read More

2020 жылы қараша айында Silkway халықаралық университетінің базасында өткізілген Б.Юнусов атындағы ғылыми жобалар сайысында «Кіріктірілген білім болашақ заңгерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбындағы зерттеу жұмысымен «Білім Грантын» иеленген Наурызбай Талғат Әділханұлы осы оқу орнының 2 курс студенті.  Осы жобаны жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 25-ші наурызында Silkway халықаралық университеті мен «Өркениет» ақпараттық әдістемелік орталығының қолдауымен республикалық онлайн форматындағы вебинар өткізілді. Вебинар жұмысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Шымкент, Қызылорда қалаларындағы білім мекемелері мен құқық қорғау органдары қызметкерлері мен студенттер және кәсіби медиаторлар қатысты. Silkway Халықаралық Университетінің ғылым және инновация жөніндегі проректоры Б.Е.Жакипбаевтың құттықтау – алғысөзімен вебинар жұмысы басталды. Ол өз сөзінде…

Read More

Қазақ – ежелден сөзге тоқтап, сөз қадірін білген, адалдығын жоғалтпаған халық.  Осындай атадан балаға мирас болып сақталған қасиеттеріміз бола тұра, кейде сана­мыздың улануы ма, әлде басқа да жағдайлардың әсері ме, тұрғындардың кейбірі дауға құмар болып барады. Ал сот жүйесінде «Медиация туралы» заң енгізілгелі бері, дау-дамайдың дені татуласу рәсімімен аяқталуда. 2011 жылдың 28 қаңтарында жария етілген Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды. Осы заңның аясында істі  қарауға әзірлік кезеңінде медиацияны тараптарға түсіндіріп жеткізу соттарға міндеттелген. 2020 жылдың 22 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне өзгерістер мен…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдіре түсу керектігіне ерекше көңіл бөлуде. Президенттің 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында да үшінші билік жұмысын жұмырлаудың жолы да ұмыт қалмады. Дау-дамайды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту қажеттігіне тоқтала келе, «Он жылдай уақыт бұрын біз «Медиация туралы заң» қабылдадық. Бірақ қазіргі кезге дейін бірде-бір мемлекеттік орган оның даму мәселесімен айналысқан емес. Айқын мемлекеттік саясат байқалмайды. Бұл жағдайды реттеп, қателікті жөндеу керек» – деген болатын Президент. Жоғарғы Соттың Төрағасы Ж.Асановтың бастамасымен дау-дамайды сотқа дейін шешу мәселесінде бірнеше пилоттық жоба жүзеге асты. Олар елдегі медиация институтын дамытуға өз үлесін қосып, татуластырумен айналысатын кәсіби мамандардың…

Read More

Бала тәрбиесі. «Адамның бір қызығы бала деген…» «Баламды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім – деп» дана Абай айтқандай, адам қашанда ұрпағымен қымбат. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі. Қазақтың «Баланың бас ұстазы – ата-ана» дегендей, тәй-тәй басып, есі кіріп, тілі шыға бастағаннан-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тіл алғыш етіп баулыған дұрыс. Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» – деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен…

Read More

(Ой салу) Төрткүл дүниені тентіреткен жаһандану мешкейі адамзат баласының азғындануына тез тотығатын темірдей теңдікке ұмтылдырып, кедейшілік пен аш жалаңаштықты алға тартып, рухани дүниені тұншықтырып, жан жағын лайлап былықтырып бітті. Оған мысал, «Малым  – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы» дейтін атам қазақтың ұрпақтары, қазіргі күнде малы үшін жанында, тәнінде, арында «сауда сақал сипағанша» деп саудалауға көшті. Ақша үшін бауыр еті баласын сатса, тәнін өткізу үшін жастығын бұлдап баласын сасық шұңқырға тастаса, ары үшін арнайы ақы дәметсе, қазақ үшін бұдан асқан сор бар ма?! «Сорлы байғұсым ай, сорлап қалды» деген сөз басымызға сор болып енді жабысты. «Естімеген елде көп» демекші сорақы…

Read More

Көршімнің екі баласы бар. Бесте және жетіде. Бірде қарап отырсам көршім баққа кіріп қызына газонды қалай тазалау керектігін үйретіп жатыр екен. Көгалшапқышты қалай дұрыс бұру керектігін байыптап түсіндіріп берді. Сол мезетте үйден әйелі шығып бірдеңе деді. Көрші орнынан тұрып, оған жауап қатты. Әп-сәтте қайта бұрыла беріп еді, қызының шөп шетіндегі гүлзардағы бір түп гүлді қиып түсіргенін көріп, көзі төрт болды. Ашуы бұрқ етті. Көрші-қолаңға мақтанам деп сонша уақыттан бері өсіріп келе жатқан көз қуанышынан айырылып қалу оңай болмады. Сол кезде үй алдында тұрған әйелі жылдам басып олардың жанына келді де, «Қымбаттым, біз гүл емес, бала өсіріп жатырмыз, соны ұмытпашы…» дегені.…

Read More

Біздің қоғамда жалғызбасты аналардың мәселелері әрдайым өзекті болып келді. Ажырасу көбейгені жасырын емес, соның салдарынан толық емес отбасылар да көбейіп отыр. Қазақ қоғамында бұрын болмаған құбылыс – жалғызбасты әкелер пайда болды. Перзенттерін өзі асырап-тәрбиелеп отырған әкелердің де өміріне үңілсек қиындықтар аз емес, – дейді «Шаңырақ» орталығының мамандары. «Шаңырақ» орталығыда бастау алып отырған «Әкелер мектебі» жобасының аясында жаңа бағыттағы жұмысты қолға алды. Тағдырдың түрлі сынағымен жалғыз қалып, өз балаларын өзі өсіріп отырған әкелердің де өзекті мәселелерін ортаға салып, келешекте бірлесе жұмыс істеу мақсатында Орталыққа 11 жалғызілікті әке тіркеуге алынып, «Әкелер алқасы» құрылды. Бұл алқа құрамына 4 еразаматтарымыз сайланып, бүгін Орталық ғимаратында…

Read More