Author: halyqmediatory

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық жəне коллекторлық қызметті реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Коллекторлық агенттіктердің кейбір негізсіз əректетеріне тосқауыл қойылмақ. Бүгін сенаторлар қабылдаған заң оларға бөгде адамдардың телефон нөмірлерінен борышкерлерге хабарласуға тыйым салады. Одан басқа, агенттіктер борышкермен сөйлесудің кез келген процесіне бейне жəне аудио түрінде жазба жүргізуге міндетті болады. Палата депутаттарының пікірінше, бұл норма коллекторлар тарапынан дөрекі сөйлесу немесе заңнаманы бұзудан сақтайды. Сонымен қатар, несие тарихына қатысты өзгеріс енгізілді. Егер бұрын ондай тарихты сақтау мерзімі 10 жыл болса, бүгінде қабылданған…

Read More

Қазақ қоғамында әрдайым адалдық, азаматтық тәрізді қасиеттер жоғары бағаланды. Халқымыз жас ұрпақты ар тазалығына, абыройлы болуға тәрбиелеген. Ұлттық тәрбиеміздің негізі адалдық, ар, намыс, ұят, адамгершілік секілді қасиеттермен астасып жатыр. Бабалар даналығы «біреудің ала жібін аттама», «Жарлыболсаң да, арлы бол», деген тиымдарымен адами құндылықтарды жоғары қояды. Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол» десе, Шәкәрім қажы: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи» деп бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айтады. «Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді» дейді қазақта. Осындай текті елдің ұрпағы мекендеген елді сыбайластық жайлап кеткені өте өкінішті. Сыбайлас жемқорлық еліміздің…

Read More

Еңбек даулары кəсіподақ жоқ жерлерде тіркеліп жатыр. Бұл туралы ҚР Кəсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дəулеталин мəлім етті. «Еңбекақы мəселесі өзекті екені белгілі. Осы жылдың басынан 30-ға жуық еңбек дауы болды. Негізінен, еңбек даулары кəсіподақ жоқ жерлерде тіркеліп жатыр. Бірақ олардың негізгі сарыны еңбек-ақыны көбейтуге қатысты. Сондықтан Кəсіподақтар федерациясы төменгі жалақы мөлшерін орташа жалақының 50 пайызына дейін жеткізу мəселесін алға қойып отырмыз», – деді С. Дəулеталин ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысының алдында тілшілердің сауалына жауап бере отырып. Осы орайда ол тиісті жұмыс тобын құрып, оның аясында жүйелі түрде еңбекақыны көтеру жəне ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру мəселесі ескерілетінін…

Read More

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА төрағасы лауазымынан бас тартты. Сессияны қорытындылай келе Елбасы ҚХА төрағасы лауазымын елдің іс басындағы Президенті атқаруы тиістігін атап өтті. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңға, Ассамблея туралы заңға сəйкес маған Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы лауазымын өмір бойы атқару құқығы берілген. Жалпы, мен сіздермен барлық уақытта бірге боламын əрі одан бас та тартпаймын. Дегенмен, Ассамблеяны басқаруға қатысты бірқатар құзірет еліміздің Президентіне жүктелген. Тіпті, бұл да маңызды емес. Қазақстан халқы Ассамблеясы тірек ретінде іс басындағы Президенттің жанында тұруы тиіс жəне екінші жағынан Мемлекет басшысы да Ассамблеяға…

Read More

Жоғарғы Соттың Коммуникация орталығы медиаторлардың бастамасымен сарапшылық кездесу ұйымдастырды. Іс-шара «Медиация: сотқа дейін жəне сотта» тақырыбына арналды. Оған барлық өңірлердің кəсіби медиаторлары, Нұр-Сұлтан қаласы мен Жамбыл облысы соттарының татуластырушы судьялары, Жоғарғы Соттан – судья Ұлбосын Сүлейменова, Департамент басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов жəне баспасөз қызметінің басшысы Айдос Садуақасов қатысты. Жиынға қатысушылар татуластыру рəсімдерін дамыту мəселелерін жəне өңірлердің озық тəжірибелерін талқылады. Медиаторлар Сот кабинетінің «Е-татуласу» функционалын жетілдіру, республика медиаторларының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, істердің жекелеген санаттары бойынша сотқа дейінгі міндетті медиацияны қолдану бағытында заңнамалық түзетулер енгізу, сонымен қатар татуластырудың артықшылықтары туралы халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныстарын айтты. Сындарлы диалог барысында…

Read More

Шымкент қалалық сотында төраға Е.Рахымбековтің қатысуымен 2021 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енетін «Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексінің» негізгі ережелерін жергілікті атқару органдарының басшыларына түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Оған қала, аудан əкімдері мен барлық басқарма басшылары жəне жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынды төраға Е.Рахымбеков ашып: «Бұған дейін де қала, аудан əкімдері аппаратының жəне басқармаларының мамандарына арнайы семинар өткізіліп, оларға жаңа кодекстің ережелері жан-жақты түсіндірілген болатын. Бұл тақырып өзекті болғандықтан, қала жəне аудан əкімдіктерінің басшыларын шақырып отырмыз. Бүгінгі заман талабына сай əкімшілік əділет институтын қаламызда сапалы енгізу бəріміздің басты міндетіміз» – деді. Шымкент қалалық сотының судьясы Г.Қыдырбаева «Əкімшілік Əділетті құру…

Read More

Осы Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді. Мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады. Кодекстің 120-бабында осы санаттағы істер бойынша татуластыру рәсімдерін жүргізу тәртібі белгіленген. Сот (судья) тараптардың татуласуы үшін шараларды қабылдайды, оларға дауды процестің бүкіл сатысында реттеуге жәрдемдеседі. Кодекстің талабына сай, тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.…

Read More

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 10 жыл толуына орай, Шымкент қаласы Орталық Азия Инновациялық университетінің акт залында, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып студенттер арасында байқау өткізілді. Шымкент қалалық сот, «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, Республикалық «HALYQ MEDIATORY» газеті редакциясының ұйымдастыруымен және Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының қолдауымен Шымкент қаласы ЖОО Халықаралық Silkway, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Мирас, Орталық Азия Инновациялық университеттерінің және М.Сапарбаев атындағы институт арасында ұйымдастырылды. Байқаудың басты мақсаты қазіргі қоғамдағы медиация институтын дамыту, жас медиаторлардың семинарларда алған білімдерін практикамен ұштастыру, медиация қызметтерін насихаттау. Байқауда аталған университеттерден топ болып қатысушылар өздерінің бақтарын…

Read More

Маңғыстау облыстық сотында «Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс – құқықтық мемлекет нышаны» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. Жиынға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы м.а. Ержан Қарабаев, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев, судьялар, прокурорлар, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ғалым-оқытушылары қатысты. Ержан Қарабаев пандемия жағдайларына қарамай, елде сот-құқық реформасы қарқынды жүргізіліп жатқанын, оның ішінде ең өзектісі – бүгінгі күні қабылданған жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі мен жаңадан құрылатын  соттар екенін атап өтті. Іс-шарада сөз алған Нұрсапа Примашев 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін жаңа кодекстің маңыздылығы, мемлекет басшысының Жарлығымен Жоғары Сотта және облыстық соттарда әкімшілік істер бойынша сот алқасы құрылатыны туралы…

Read More

Неке шарты немесе неке келісім шарты – Қазақстанда соңғы кездері танымал бола бастаған, бұрын-соңды болмаған беймәлім құбылыс. Осы мақалада біз неке келісім шарты дегеніміз не, ол не үшін керек, оған қандай талаптарды жазуға болады, қайда, қандай құжаттармен жүгіну керек деген сауалдарға жауап береміз. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 39-бабына сәйкес некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi (ерлі-зайыптылықтағы) және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады. Бұдан басқа неке шартында некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтары көзделуі мүмкін. Басқаша айтқанда, неке шарты немесе неке келісімшарты некедегі ерлі-зайыптылардың…

Read More