Author: halyqmediatory

«Жер бетінен кетер едік жойылып, Жерді сақтап қалмағанда сол бабам!» Қанды қырғын ұрыстан кейін бейбітшілік жолмен бітімге келу үшін қазақ пен ойрат бір-біріне мəмілегер елшілік жібермек болады. Жоңғария хонтайшысы (сірə Цеван-Рабтан болса керек) “Қазақтың атақты үш биінің бірі келсін. Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұрған иісалмас біреу келсе, бітім болмайды” деп қолқа салады. Төле би Қазыбек биге өзінің ағалық батасын беріп жібереді. Хош. Қазақтан келген елшілерді сынау үшін хонтайшы қарапайым киініп, белін жіппен буынып, түсіне кəрілік сипат өң беріп, жотасына бөстек-өркеш өңгеріп, Қазыбектер түскен үйге келеді. Əңгімеден əңгіме туындап, бара-бара сұрақ-жауап додасы басталып кетеді. – Əуелінде не бар? Ортасында не…

Read More

Аумалы-төкпелі, алмағайып замандарды бастан кешкен халқымыздың өзіндік басқару жүйесі де болған: ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, жағдайын ойлаған шешендері, əділдіктің ақ туын түсірмеген білімпаз билері өткен. Билер халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған əділет жоқшысы болған. Бұл тұлғаның ерекшелігі сонда, биді байлық та, барлық та жасай алмаған. Би тұғырына топты жарып, таразы басын тең ұстап, əділдікті сақтап, қара қылды қақ жарып айтатын парасатты адамдар көтерілген. Биге табиғи дарын, текті ақыл, алыстан көріп, барлай алатын, оны зерделей білген дана, сөздің «майын» ағызатын дүлдүл шешендер жатқан. Міне, осы би ұғымының мəнін ашатын: «Түгел сөздің түбі – бір, Түп атасы – Майқы…

Read More

Ұлтымыз ежелден татулық пен бірлік қасиеттерін қанымызға сіңген құндылық ретінде жоғары бағалаған. Өмір сүру қағидатында отбасылық татулықтан бастап, өзге ұлттармен сыпайы қарым-қатынаста, көршілермен тату болғанын қалаған. Елдің үлкендері мен сыйлы адамдары ақыл-кеңесін айтып, ұрпақтарына ұлағатты өсиет қалдырып, елдің тыныштығын сақтаған. Қазақ ынтымақ пен бірлікті сүйгендіктен болар тілінде татулықты білдіретін сөздер өте көп. Ел арасында «Ынтымақ түбі – береке», «Ынтымақ түбі – игілік» деген өсиеттер көптеп кездеседі. Сондай-ақ, қазақ даласында араздасқанды жарастырған, текетірескенді татуластырған билер соты үнемі мүлтіксіз жұмыс істеп тұрған. Қазақ тарихында да билер институты ерекше орын алатынын және бүгінгі күнгі қолданыстағы медиацияны бабалар мұрасы деп атауға толық құқығымыз бар.…

Read More

Қазақ халқы «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген нақылымен кез-келген дауды шешкен дана екені ежелден-ақ белгілі. Жер дауы, жесір дауы, жаугершілік замандағы алапат соғыстардың да бір шамасын бір ауыз сөзбен шешіп отырған. Сөз таба білу – асқан ақылдылығы мен білімдарлығының белгісі деп құрметпен қараған. Шешімін таппаған кез-келген дауды шешуде би-шешендердің алатын орны ерекше. Сөзге келіп (түсінісіп) бітімгершілікпен даудың басын қайтарған өткен билерін қазіргі заманның тілімен медиатор дейміз. 2011 жылдың 28 қаңтарында қабылдан  Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, оны жүргізу қағидаттары арқылы көптеген дау-дамайды шешуге себепкер болып келеді. Медиатор – Медиация заңының негізінде жұмыс…

Read More

Осы Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі əкімшілік рəсімдерін, əкімшілік рəсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ əкімшілік сот ісін жүргізу тəртібін реттейді. Мемлекеттік органдар, əкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады. Кодекстің 120-бабында осы санаттағы істер бойынша татуластыру рəсімдерін жүргізу тəртібі белгіленген. Сот (судья) тараптардың татуласуы үшін шараларды қабылдайды, оларға дауды процестің бүкіл сатысында реттеуге жəрдемдеседі. Кодекстің талабына сай, тараптар өзара жол беру негізінде əкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рəсім тəртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы əкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.…

Read More

Павлодар облыстық соты Павлодар қалалық сотымен бірлесіп «Некені тіркеуші органдар тарапымен бұзудың өзекті мəселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Б.А. Бегалиев, Павлодар қалалық сотының төрағасы Б.М. Жаманбаев, облыстық соттың судьялары, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары АХАТ бөлімдерінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ облыс аудандарының АХАТ мамандары қатысты. Кездесуді аша отырып, алқа төрағасы Б.А. Бегалиев соттардың тараптар арасындағы некені бұзу туралы талаптарды, олардың некені бұзуға өзара келісімі болған кезде, кəмелетке толмаған ортақ балалар мен бір-біріне мүліктік наразылықтар тумаған жағдайда қарауға құқығы жоқ екенін атап өтті. Мұндай мəселелерді қарау АХАТ бөлімдеріне қарасты екені түсіндірілді. Қалалық…

Read More

Дәстүрлі қазақ қоғамында ер мен әйелдер арасындағы теңдік, өзара сыйластық ежелден қалыптасқан. Ер мен әйелді бөлетіндей ешқандай кемсітушілік болған емес. Отбасында да әрқайсысының өзіндік орны болған. Ұлтымыздың ұлт болып қалыптасуында ұлттық құндылықтарды дәріптеуде әйелдің орны бір бөлек. Қазақ халқының түсінігіндегі әйел адамының маңызы ұлт болып қалыптасқанымыздан бері өте жоғары бағаланған. Оның жұмсақтығы, мейірімділігі және жанашырлығы ер адамдардан ерекше етіп тұратын басты факторлар болып табылады. Бұл тақырыпты одан əрі ашар болсақ, əйел адамның ерлерге қарағанда физикалық жəне эмоцияналдық (стресске шыдамдылық) тұрғыда əлсіздеу келетіні, алайда, сол кемшіліктерді басқа көптеген артықшылықтарымен толықтыратыны ғылыми зерттеулермен дəлелденген. Əйелдерді ерлермен салыстырғандағы ұзақ өмір сүру көрсеткіші, жақсы…

Read More

Жоғарғы Сотта кезекті жалпы отырыс онлайн режимде өтті. Жалпы отырыста Жоғарғы Соттың азаматтық жəне азаматтық процестік заңнамасы бойынша қолданыстағы 8 нормативтік қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік қаулы жобасы талқыланды. Оның жұмысына Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңестің, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Бас прокуратура мен Əділет министрлігінің өкілдері қатысты. Жалпы отырыс Жоғарғы Соттың жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ринат Мұхамедшинді II дəрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапаттаудан басталды. Ол азаматтық заңнаманы жетілдіру жəне сот-құқық реформасы мəселелері бойынша 30-дан астам жарияланымның авторы – Ринат Кашифұлы 20 жылдан астам уақыт бойы ҒКС-тің тұрақты мүшесі. Жақып Асанов Р.Мұхамедшинге…

Read More

Әлемді жайлаған коронавирустық пандемияның салдары бәрімізді сарсаңға салғаны белгілі.  Жұртшылықтың қалыпты тіршілігі өзгеріп, қоғамның барлық саласында азды-көпті әсері анық байқалды. Десекте, сот жүйесі жұмысын тоқтатқан жоқ. Індеттің таралмауы үшін қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Бұған дейін де цифрландыруға бет алған қала соттары мұндай жағдайға екі-үш айда бейімделді. Сот ісін жүргізудің электронды түрі бұрыннан біртіндеп енгізіліп, бұдан бірнеше жыл бұрын заңға енгізілген болатын. Бірақ пандемияға дейін қала соттарында күніне 10 шақты іс қана қашықтан жүргізілетін. Ал, елде төтенше жағдай режимі, одан əрі карантиндік тəртіп енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш аз уақыттың ішінде 90 пайызға жетті. Мысалы, былтыр мамыр айынан бастап, қала соттарында күнделікті…

Read More

Елбасы «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жыл сайын 4 миллион азаматымыз сотта қаралатын іске қатысатынын, бұған қаншама күшпен қаражат жұмсалатынын, уақыт пен ресурстардың орынсыз шығынын талап ететін артық сот рəсімдерінің қысқаруға тиістігін атап өткен еді. Статистика бойынша ажырасуға 85 пайыз жағдайда əйелдер арыз-шағым түсіреді екен. Отбасылық институтты əрі қарай жетілдіру мақсатында жəне некеге тұруды жоспарлаған жас жұптарға медиативтік тəсілдерді үйрету, отбасындағы дауларды медиация арқылы шешу секілді мəселелер бойынша “Республикалық медиаторлар Қауымдастығы” зтб президенті, тренер-медиатор Оразкулова Н.А. Шымкент қаласы “SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығында «Отбасы медиациясы» тақырыбында тренинг-семинар өткізілді. Бүгінгі күні отбасы тақырыбында өткізілетін іс-шаралар ауадай…

Read More