1950 жылдан бастап – 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіле бастады. 1989 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы балалар құқықтары туралы Конвенция қабылданып бұл құжатқа бүкіл әлем балаларын қорғау туралы заң мен жобалар енгізілді. Біздің Республикада балалар құқығына үлкен назар аударылатынын атап өту керек. Мәселен, бала құқығын қамтамасыз ету мәселелеріне 2008 жылғы 8 тамыздағы «Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңы арналған, 1998 жылғы 17-желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы», сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер бар. Тарихына тоқталып өтетін болсақ, 1949 жылы Парижде әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы болып өтеді. Бұл конгерссте балалар бақыты, әлем тыныштығы жайында сөздер айтылады. Себебі екінші дүниежүзілік соғыстан…
Author: halyqmediatory
Қазақта «Жақсының қасиеті – жарастыру, жаманның қасиеті – таластыру» деген сөз бар. Елбасы ел ішіндегі даукестілікті төмендетудің бірден-бір жолы медиация екенін айтып, 2011 жылы «Медиация туралы» Заңға қол қойғанына биыл 10 жыл. Бұл заңда көптеген даулы мәселелерді ушықтырмай, сотқа дейін жеткізбей-ақ тараптарды ортақ мәмілеге келтіру тетіктері көрсетілген. Еліміздің соттарында 10 жылдан бері медиация мәселесі күн тәртібінен түскен емес. 2018 жылы Жоғарғы Сот Төрағасы Ж.Асановтың бастамасымен «Татуласу: сотқа дейін және сотта» жобасы қолға алынып, жергілікті соттарда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, өткен жылы Ж.Асановтың «Татуласу – дауды шешудің ең дұрыс жолы» деген Үндеуі де жариялаған болатын. Жоғарғы Соттың игі бастамалары елімізде…
Соттың белсенді жәрдемдесуінің нәтижесінде, талап қоюшы Акционерлік қоғам жауапкер ЖШС-ке 1 062 361 088 (бір миллиард алпыс екі миллион үш жүз алпыс бір мың сексен сегіз) теңге мөлшеріндегі берешекті өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша тараптар келісімге келді. Судья Д.А.Әзіретқұловтың, судьялар А.Е.Есенбайдың және Ғ.Б.Кұлекеевтың төрағалығымен Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 30 сәуірдегі ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілді. Жамбыл облыстық сотның баспасөз қызметі.
Түркістан облыстық ҚХА жанындағы «Жанғыру жолы» РЖҚ Түркістан облыстық штабының «Жастардың нысаналы топтары арасында құқықтық мәдениетті арттыру және қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу» тақырыбындағы отырысы өтті. Жиынды «Жаңғыру жолы» РЖҚ Түркістан облыстық штабының жетекшісі Е.Баетов жүргізіп отырды. Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ҚХА хатшылығы-этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі басшысының м.а. М.Камеденова, Қоғамдық даму басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы С.Исмаилов, Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Айбын» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Б.Алдабергенов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, пробациялық есепте тұрған этнос жастары мен волонтерлер қатысты. Кездесу барысында жастардың білім алуына және жұмысқа орналасуға арналған «Серпін», «Еңбек», «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламаларының мүмкіндіктері…
Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау – ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады. Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі – маскүнемдік. Азғындықтың…
Сауатты жан ешқашан сергелдеңге түспейді. Сондықтан құқықтық, қаржылық сауаттылықты меңгеру қазіргі кезде ең өзекті мәселе болып отыр. Өз құқығына мән бермеген, қарапайым заңдық тетіктерді ескермеген жандардың ұтылатын кезі көп. Оған әсіресе мүліктік дауларды таразылау барысында көз жеткізу қиын емес. Статистика көрсетіп отырғандай, Қазақстанда ерлі-зайыптылардың ажырасу деректері жиілеп кетті. Соңғы жылдары әрбір шаңырақ көтерген 3 отбасының біреуі ажырасуға өтініш беруде. Бұл үлкен мәселе. Себебі, ажырасу – тек ерлі-зайыптыларды екіге бөлумен шешіле қоймайды. Ажыраcудың соңы ортақ баланың кіммен тұратынын анықтау, баламен кездесу уақытын белгілеу, алимент өндіру, сонымен бірге ортақ мүлікті бөлу секілді дауларға ұласады. Бұл сот отырыстарының қайсысы болсын қос тарапқа оңай…
Енді бірер аптадан кейін былтыр жаңадан қабылданған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» (ӘРПК) күшіне еніп, Шымкент қаласының жаңадан құрылған Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қызметін бастайды. Шын мәнінде бұл Кодекс, мемлекеттік орган мен азаматтардың арасындағы дауларды реттейтін, еліміздің сот-құқық жүйесіндегі жаңа заң. Ел Президентінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы «Мамандандырылған әкімшілік соттар туралы» Жарлығына сәйкес, биылғы 1 шілдеден бастап, елімізде 21 аудан-аралық әкімшілік сот жұмыс атқаратын болады. Солардың қатарында, Шымкент қаласының жаңадан құрылған Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты да биылғы 1 шілдеден өз жұмысына кіріспек. Ал, қазіргі Шымкент қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының атауы Шымкент қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты болып…
Құқық бұзушылық — қоғамға жат іс-әрекет. Құқық бұзушылық әсіресе жастар мен жеткіншектер арасында (мектеп оқушылары) кеңінен етек алып келеді. Жасөспірімдер қазіргі кезеңде тез өзгермелі мәдениетте, хаос және тұрақсыз, кұбылмалы ортада өмір сүреді. Жасөспірімдердің санасы кей дерек көздерді қорытып үлгермей жатып ортаға бейімделу процестері қалыптасуы керек. Мұның өзі қылмыстың жоғарылауына әсер етеді. Бұрынғы баға жетпес тәрбие құндылықтары күмәндану, сенімсіздік сезімдерін тудыра бастады. Мысалы, отбасы ертеректе, сенімді, кауіпсіз ошақ болса, казіргі кезде, жанұядағы келіспеушілік, түсініспеушілік әсерінен үлкен мәселелерге (өз-өзіне қол жұмсау, қылмысқа бару, т.б.), итермелуші себептерінің біріне айналып отыр. Көптеген экономикалық-саяси мәселелердің пайда болуы, сенімсіздіктің тууына, көптеген наразылықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Қылмыс…
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған. Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударылды. Елбасы әсіресе, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің бүгінгі дамуына тоқталып, оны ары қарай жандандырудың негізгі жолдарын айқындады. Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдаудың маңызды элементі Мемлекет басшысының 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық рақымшылық жасау туралы тапсырмасы болып табылады. Салықтың негізгі сомасын төлеу кезіндегі осы шара шағын және орта бизнеске айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша берешектік тазартуға және жұмысты таза парақтан бастауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Елбасы өз Жолдауында отандық тауар өндірушілердің өнімін…
Ораза кезінде адам ағзасында болатын өзгерістерді Nurotau.kz порталы назарларыңызға ұсынады. Тазалану кезеңі – 1 (1-2 күн) Оразаның бірінші күні қанымыздағы қант төмендейді. Жүрек соғысы бəсеңдеп, қан қысымы төмендейді. Бұлшықеттен гликоген шығып, əлсіздік пайда болады. Тазаланудың алғашқы күндері ең қиын болып келеді. Бас ауру, жүрек айну, ауыздан жаман иіс шығу, тілдің ауырланып, ісінуі – тазаланудың бірінші кезеңінің белгілері. Осы кезеңде аштық та қатты сезілуі мүмкін. Тазалану кезеңі – 2 (3 күннен 7 күнге дейін) Май қышқылы құрамындағы майлар ыдырап, глицеридтер молекуласындағы глицеринді босатып, глюкоза айналады. Бет майланып кетеді, себебі ағза ашыған майдан арылып жатады. Бет терісі жаман адамдарда жағдай асқындап, аздап…