Әділдік, туралық, адалдық. Бұл қасиеттер атала бастаса болды кешегі бабамыздың асыл дініміз бен сабақтастыра ұстаған салт-дәстүрі, алтын байлықтан биік қоятын ар – намысын ардақ тұтқаны көз алдымызға келері хақ емес пе?! Болашақ ұрпағының қамын оның анасын құрметтеуден бастап, “талбесіктен жер бесікке” – дейін құран үнімен сусындатып, есі кіргеннен «біреудің ала жібін аттама», «тірі жанға қиянат қылма», «кісі ақысын жеме» деген сынды сөздерін құлағына сіңдіре тәрбие беретін қазақ еліміз – әділдікті ту етіп, оны жоғары қойып, ұрпақ санасына сіңдіре білгені мәлім. «Жанымды қисам қияйын, алайда арымды қимаймын» – дейтін дана халқымыз қашан да ары мен намысын бек биік ұстаған. Солай дей…
Author: halyqmediatory
Әділдік, Әділеттілік (арабша әдл) — әділдік, әділқазылық, шыншылдық; турашылдық, адалдық, дұрыстық; әдәләт — 1) әділқазылық; 2) юстиция — дәстүрлі құқықтық мәдениетте адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың белгілі тәртібіне тікелей қатысты принцип, адамның қоғам алдындағы ғана емес, сонымен бірге қоғамның тұлға үшін де жауаптылығын көрсететін, адамның өмір сүру жағдайлары мен сапасын білдіретін әлеуметтік-этикалық категория. Әділдік — ізгіліктің ірге тасы. “Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ” (Абай). Әділдік уақыт ағынында өзгеріп отырады. Оның алғашқы түріне көне қоғамдағы “жазалаушы әділеттілік” деген жатады. “Қанға қан, жанға жан”, талион, кек алу принциптері ілкі санада әділдік саналды. Қылмыс пен жаза, әрекет пен айыптау мәселелері әділдіктің…
Қазақ салт-дәстүрге сүйене отырып, өзара қарым-қатынасын реттеп отырған, бір-бірін үнсіз түсініп, сыйласқан. Қазақтың салт-дәстүрі ағайын, туған-туыс, көршілер арасында жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына және ынтымақтастықта өмір сүруіне жол ашқан. Бүгіндері атаулары өзгерсе де, кейбір салт-дәстүрлерді қаймағын бұзбай сақтап отырған өңірлер бар. Әсірес Қазақстанның батыс пен оңтүстік облыстарында қазақтың салт-дәстүрлерін тастамай, күнделікті тұрмыста ұстанып жүр. Мысалы, ат тұлдау, аяққа жығылып кешірім сұрау, ақсарбас атау, аунату, байғазы беру, босаға байлау, енші беру, ерулік беру, жылу жинау, қалау айту, қазан шегелеу сияқты дәстүрлер сақталған. Десек те қолданыстан мүлдем шығып, ұмыт болғандары да жетерлік екен. Қазақтың салт-дәстүрін зерттеп жүрген ғалым, сыншы Дандай Ысқақтың айтуынша, қазақ халқы…
Тарих беттеріне үңілсек, қазақта түрме мен абақтыға қамап, бас бостандығынан айыру сияқты жазалау шаралары болмаған. Адам өліміне соққан қылмыстың өзі құн төлеумен, яғни, «Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен» билер кесімімен бітімін тапқан. Сондықтан, қазақ билері бейбіт шешім, бітімгершілік рәсімін әділ сөз, өткір тіл құдіретімен тоқтатқан. Құн, жер, жесір дауы, барымта, қарымта даулары да шешен сөз, ұтқыр ой, парасатты пайыммен бейбіт түрде шешілген. Билер, ең алдымен, даугер мен құныкерді өзара бітістіріп, даудың артын үлкен жанжалға айналдырмауды ойластырған. Ханға да, қараға да бұра тартпай, оларды би кесіміне бас идіре білген. Жалпы, қазақ – сөз құдіретін ежелден бағалаған халық. Оған бидiң басты…
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында…
«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болған деген пікір бар. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́, ағылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын). Осы күнге дейін 9-мамыр жеңіс мерекесі ретінде аталып, арнайы мерекелік іс-шаралар аталып келеді. Соның бірі «Өлмес полк» – Екінші дүниежүзілік соғыс ұрпағының жеке жадын сақтауға арналған халықаралық қоғамдық…
«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Ғабиден Қапалбаевтың демеушілігімен өзінің туып өскен ауылында, яғни Бәйдібек ауданы, Кеңестөбе ауылында заманауи кіші футбол алаңының құрылысы аяқталды. Футбол алаңқайының ашылу салтанатына ауылдың жасынан ақсақал қариясына дейін қатысты. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсенбай Тәжібаев, облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов т.б. да ауданның ауылдың зиялылары қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ауыл ақсақалдары ақ батасын берді. Спортқа жастарды баулитын, келешек ұрпаққа осындай жағдай жасап отырған Ғабиден Заманханұлына бүкіл жиналған қауым шын ықыласпен алғысын білдіріп, ауыл тұрғындары тарапынан «сыйға сый» деп ақ тұлпар мінгізді. Салтанатты лента қию рәсімінен кейін…
Құқықтық сана мемлекет және құқық теориясының негізгі категориясы ретінде және күрделі, ең маңызды институты болғандықтан өзіне тән құрылымға ие. Заң әдебиетінде құқықтық сана дәстүрлі қағида бойынша екі құрылымға бөлінеді: құқықтық идеология және құқықтық психология. Құқықтық идеология деп қоғамда жоғарғы деңгейде бейнеленген құқықтық көзқарастар, идеялар және теориялардың ғылыми негізде жүйеленген жиынтығын айтады. Құқықтық идеологияның өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар: 1. Құқықтық идеология негізінде мемлекеттің жүргізген саясатының негізінде қалыптасып билікке ие болған ұлттың, таптардың, топтардың мүдделеріне тікелей байланысты болып қалыптасады. Мысалы, Кеңес мемлекетінің жеке меншікті тәркілеу саясаты, бір ғана идеологияны қалыптастыру, коммунистік партияның диктатурасын орнату, еркін пікір, плюрализмге жол бермеу, жаппай репрессия…
Аталмыш шараның мақсаты – қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияның рөлі туралы тұрғындарды ақпараттандыру. Медиация саласында кездесетін әртүрлі мәселелерге тоқталып, олардың шешу жолдарын түсіндіріп, дау-дамайдың алдын алу шаралары ұйымдастыру мақсатында өткен кездесуге аудандағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, заңгерлер, Аналар Кеңесінің мүшелері сондай-ақ, Эмбі қаласының әкімі Әлімжан Қорғанбай мен медиация кеңесінің төрайымы Нурия Кажигарина қатысты. – Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады. Дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету үшін нақты жұмыс атқару керек, – деді өз…
Шымкент қалалық сотының ұйымдастырумен жергілікті соттардың қызметін таныстыру мақсатында журналистер мен блогерлерге арналған пресс-тур өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне алдымен сотқа кіреберістегі фронт кеңсенің жұмысы таныстырылды. Сотқа келушілерге қолайлы қызмет көрсету мақсатында жасалған фронт кеңсе заманауи стандарттарға сәйкес жарақтандырылған. Мұнда медиаторларға, адвокаттар мен прокурорға іс материалдарымен танысуына арналған кабинеттер бар. Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Берік Мейірханов сот жүйесінде қолданысқа енгізілген электрондық-ақпараттық технологиялар мен сервистердің қалалық сотта қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, сот мәжіліс залдарын аралатып шықты. Сот процесін бастан-аяқ аудио-бейнетіркеуге түсіретін АБТ-ның жұмыс барысын таныстырды. Сонымен қатар, сотқа қалай электронды өтініш беріп, сот процесіне қашықтықтан қалай қатысуға және сотқа…