Жастар үйленер алдында өздеріне үлкен жауапкершілік артылғанын толық сезінуі керек. Ер адам – отағасы, отбасының асыраушысы екенін, әйелі мен балалары үшін жауапты боларын ұғына білсе, қыздар – үйдің берекесі, отбасының ұйытқысы, ардақты ана және адал жар болу жауапкершілігін толық сезінгені жөн. Отбасы беріктігінің негізгі қағидасы әрдайым ақылды басшылыққа алу, әрбір ортақ шешімді ой таразысына сала білу екені даусыз. Отбасын құруға талпынған әрбір жұп сабырды серік етіп, сыйластықты серік ете алса бұл – отбасы бақытының кілті болар еді. Осы орайда бүгінгі жастардың болашақ отбасылық өмірге дайындығы, бақытты да баянды өмір сүруіне әзірлігі мен қажеттілігі жайында сауалнама жүргізген едік. Бір сөзбен айтқанда,…
Author: halyqmediatory
Әкімшілік юстиция-мемлекеттік басқару жүйесіндегі заңдылықтың сақталуына мониторинг жүргізу үшін арнайы органдардың немесе арнайы соттардың жүйесі, яғни бір жағынан азамат немесе ұйым, ал екінші жағынан мемлекеттік орган арасындағы әкімшілік және құқықтық дауларды шешудің арнайы рәсімдік процедурасы. Әлемнің көптеген елдерінде осындай жүйе құрылған. Әкімшілік әділеттілік заңның үстемдігінің, мемлекеттік басқарудың және әкімшілік құқықтың маңызды сипаты болып табылады. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (әрі қарай-АРПК) жеке азаматтар мен бизнестің әкімшілік органдармен дауларды шешу тәртібін реттейді. Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін…
Контрафактілік өнім дегеніміз – еліміз бекіткен халықаралық келісімшарттар нормаларын бұза отырып жазылған шығармаларды әуе толқыны және бейнекөрініс арқылы тарату немесе басқаша мақсатта пайдалану. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заң еліміздегі тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықты қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Контрафактілік өнімдер және зияткерлік меншікті заңсыз пайдалану кәсіпкерлікті дамытуға кері әсерін тигізіп отыр. Қазіргі кезде контрафактілік өнімдер көптеген сауда нүктелерінде сатылуда. Ал, лицензиясы бар өнімдер сауда жасайтын нүктелер саусақпен санарлық. Мысалы, фармацевтикалық өнімдердің тауар таңбасын пайдаланып, дәрі-дәрмектерді сапасыз өндіру, оны пайдаланушы тұрғынның денсаулығына елеулі кері…
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» – деп, алдағы уақытта қазақ тілінің мәртебесі артатыны туралы жариялады». Мемлекеттік тіл – мәртебелі тіл, мемлекеттің рәмізі. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту үшін мемлекет тарапынан ауқымды бағдарламалар жасалады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақтан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға және тіл мәдениетін арттырып, тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады. Қазақ тілінің…
16.07.201 ж. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Шаңырақ» отбасын сақтау орталығының ұйымдастыруымен, Қазақстан психологтар лигасының мүшесі, ҚР Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің спикері, ҚР президент әкімшілік жанындағы «Әйелдер ісі, және отбасы-демографиялық саясаты» жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі кәсіби психолог, арт-терапевт Қойшиева Лимана Құттыбекқызының және психолог, кәсіби медиаторлардың қатысуымен «Неке және отбасын нығайтудағы медиацияның ролі» тақырыбында семинар-тренингті «Республикалық медиаторлар Асоциациясының» президенті, тренер – медиатор Н.Оразкулова өткізді. Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастап тұр. мамандардың айтуынша, ажырасуға арыз беретіндер – көбіне үйленгеніне 1 немесе 2 жыл ғана болған жас жұбайлар және оған себеп – қаржы қиындықтары мен отбасына…
«Сөзі жоғалған жұрттың, өзі де жоғалады» – деген халқымыздың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы. Жер бетіндегі кез-келген халықтың мәңгілік болып қалуы – ұлттық тілінің сақталып қалуы болып табылады. Осыдан 32 жыл бұрын, яғни 22 қыркүйек 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып «Тіл туралы» заң қабылданды. Кейін егемендік алған соң 1995 жылғы Ата заңымыздың 7 бабына сай «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» болып айқындалды. Әрі қарай 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданып, республика аумағындағы тілдердің қолдануының құқықтық негіздері, барлық тілдерге бірдей құрметпен қарау қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қазақ тіліміздің мәртебесі белгіленген болатын. Қазақ тілі – дүниедегі ең шұрайлы, кестелі тілдің…
Мемлекет басшысы әйел мен балалардың құқығын қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында азаматтық қауымдастықтармен талқылау жүргізіп, барлық пікірлерді назарға алуды тапсырған болатын. Осыған орай бүгін Шымкентке арнайы іссапармен келген ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Лаззат Рамазанова қоғам өкілдерімен кездесті. «Отбасы мектебі» отбасылық құндылықтарын нығайту» жобасы аясында өткен кездесуге қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті полиция қызметкерлері, дағдарыс орталықтары мен белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Онда алғаш болып сөз алған Ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Рамазанова отбасы құндылықтары тұрғысында сөз қозғады. Отбасындағы ата-ананың…
Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы бойынша соттар әкімшісінің кеңсе меңгерушісі Әкежан Елшібаев пен Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қабыл Дүйсенбидің қатысуымен Шымкент қалалық соты Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің 2021 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Әкежан Ақылбекұлы 2021 жылдың 1 шілдесінен Шымкентте жаңадан құрылған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жұмысы жайында сөз қозғады. – Жаңа әкімшілік соттың құрылуы – еліміздегі өте маңызды ірі реформа. Бұл әкімшілік сот судьялардың жұмысын және материалдық техникаларын қамтамасыз етеді. Яғни, мақсаты – қаржыландыру, цифрландыру мен жергілікті аудандық және келісілген соттардың жұмысын ұйымдастыру. Бұл ретте сот жүйесін цифрландыру өз тиімділігін көрсетті. Мәселен пандемияға…
Брифинг Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің атқарған жұмысы бойынша Шымкент қаласының ақпараттық коммуникациялық орталығында өтті. Спикерлер ретінде кеңсе меңгеруші Әкежан Елшібаев және Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қабыл Дүйсенби қатысты. Ә.Елшібаев өткен жартыжылдықтың маңызды мәселесі – жаңа Әкімшілік соттың ашылуына бағытталған ауқымды жұмыс болғанын айтты. Бұл сот мамандандырылған соттар ғимаратында орналасқан. Жаңа әкімшілік соттың судьялары мен сот мамандарын қала соттарының штатын көбейтпей, ішкі резерв есебінен жүзеге асырды. Жаңа әкімшілік сот орналасқан «Мамандандырылған соттар» ғимаратының 4-қабатында жөндеу жұмыстары да ішкі мүмкіншіліктер есебінен жүргізіліп, сот қызметкерлерінің кабинеттері қажетті жиһазбен және IT-жабдықтармен жарақтандырылды. Сонымен қатар, қолдағы барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, фронт-офисті қажетті ұйымдастыру…
«Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді, – деп жазады Президент. – Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр». Әлемдік өркениет көшінде әрбір ұлт өзінің барлық құндылықтарын, әсіресе тіл деген ұлы байлығын шама келгенше қорғап, сақтап жолында. Ұлттық сананың қалыптасу жолында, өткен тарих көшіндегі өнеге-ғибраттарды сақтау арқылы біз қазіргі аласапыран заманда ұлттық тілімізді қорғай аламыз. Өйткені жұлымыр уақыт, аласұрған кеңістік пен…