Author: halyqmediatory

Құрметті қазақстандықтар, баршаларыңызды бүгінгі ұлық мереке – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн бейбітшілік қалайтын адамзат баласының ортақ мерекесі. Миллиондаған жан құрбан болған Екінші дүние жүзілік соғыста ардагер аға-апаларымыз ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, әлемге бейбітшілік дәнін септі. Отан үшін кеудесін оққа тосып, жанқиярлық танытқан аға буынның қажырлы еңбегі адамзат тарихында алтын әріптермен жазылды. Бүкіл әлемді шарпыған, үзіліссіз 1418 күнге созылған бұл сұрапыл соғыстың бел ортасында қазақстандықтар майданда да, тылда да ерліктің жарқын үлгісін көрсетті. Елімізден майдан даласына 1 млн. 200 мыңнан астам жауынгер аттанды. Сол кезеңде 500-ден астам отандасымыз Кеңес одағының батыры атанып, қайсарлық пен жанқиярлықтың озық…

Read More