Елде төтенше жағдай енгізілу салдарынан соттардың жұмысы онлайн форматқа көшкені жайлы бұдан бұрын да хабардар еткен болатынбыз. Карантинге қарамастан істер қашықтықтан қаралып жатыр. Электронды түрде түсіп жатқан арыз-шағымдар саны да көбеймесе, азайған жоқ. Әрине, бұл отандық сот жүйесіндегі инновациялық технологиялардың дамуы мен қарқынды қолдануының бірден-бір көрсеткіші болып табылады. Дей тұрғанымен, осы даулардың басым көпшілігі екі ауыз ақылға қонымды сөзбен бітімге келетін мәселелерден тұрады. Ал, сотқа жүгіну тиімсіз, ұзақ, әрі айтарлықтай шығынмен ұштасатынын көпшілік қауым біле бермейді. Болмашы дауға бола қақтығыс алаңынан шыққан тараптардың ара-қатынасына сызат түсері айдан анық. Олай болса, шырмалған түйінді шешудің жолдарын шолып өтсек. Заң шеңберінде дауларды шешудің…
Author: Pressa
В этой статье я обращаюсь к юридическому сообществу нашей страны, государственным органам и бизнес структурам. Сегодня, в период введенного чрезвычайного положения и карантина в нашем государстве, призываю вас минимизировать обращения с исками в суд, направить все свои усилия на активное примирение по спорным вопросам до передачи их на разрешение суда. Если обратиться к истокам возникновения необходимости такого института примирения, то следует отметить, что в ходе осуществления физическими и юридическими лицами своей предпринимательской деятельности, пользования своими правами и выполнения обязанностей нередко возникают жизненные ситуации, при которых затрагиваются права и свободы других лиц, которые пытаются защитить известными им способами. Большинство лиц, считающих,…
Пандемиямен күресудің қиын кезеңінде медиаторлар азаматтарға кәсіби көмек көрсетуді жалғастыруда. Медиацияны дамытуға Павлодар облысының Кәсіподақ орталығының «Татуласу орталығы» бітімгерлік орталығы зор үлес қосуда. Оның жетекшісі Марина Анатольевна Иванова сот жүйесінің ардагері, кәсіби медиатор. Павлодар қалалық сотының орталықпен ынтымақтастығы 2018 жылы ҚР Жоғарғы Сотының «жария-құқықтық қатынастардан туындайтын еңбек даулары мен даулардың алдын алу» және «сотта, соттан тыс татуласу»пилоттық жобалары шеңберінде басталды. Облыстық сот пен кәсіподақ орталығы арасында Меморандумға қол қойылды, онда өңірдегі соттардың орталық медиаторларымен өзара іс-қимылының мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Іс бойынша тараптарға татуласу рәсімінен өту мүмкіндігі түсіндірілетін алгоритм әзірленді. «Татуласу орталығы» бітімгерлік орталығының ұсынған мәліметтері бойынша 2020 жылдың 1…
Председатель Верховного Суда Жакип Асанов обратился к казахстанцам, использующих интернет-сервис «Судебный кабинет», сообщает zakon.kz. Обращение Председателя Верховного Суда Жакипа Кажмановича: Уважаемый пользователь «судебного кабинета»!Нет страны, где не было бы споров.Люди спорят везде, даже в развитых государствах. Это нормальное явление.Разница – в культуре разрешения споров.Мы все еще думаем – спор разрешить должен только суд. Даже малейший.Мы не против. Но знайте.Первое. В суде дела рассматриваются не быстро.Процедуры, бумаги, хождения, заседания и, наконец, – решение.Не согласны – жалобы, обращения, письма в столицу.Не факт, что устроит решение в апелляционной инстанции.Нет гарантий, что будете довольны решением в кассационной.Второе. Суд – это затратно.Госпошлина, судебные издержки, наем…
Шымкент қаласы Абай аудандық сотында бүгінгі күнге дейін, барлығы 41 азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталған. Оның ішінде, төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері медиация тәртібімен некені бұзу туралы 4 іс және баласы үш жасқа толғанға дейін алимент өндіру туралы 2 іс аяқталған. Бұл істер бойынша тараптар мобильдік қосымшалар арқылы сот отырыстарына қашықтықтан қатысу арқылы медиация тәртібімен бітімге келген. Абай аудандық сотының судья-медиаторы мобильдік қосымшаларды пайдалану арқылы қашықтан тараптарға медиация тәртібі мен тиімділігін түсіндіріп, татуласу тәртібімен бітімге шақыруда. Қазіргі ТЖ кезеңінде медиацияны қолдану деңгейін көтеру мақсатында «Facebook» әлеуметтік желісінен «Правовая медиативная помощь. #үйдеболайық» тобы ашылған. Бұл топқа…
Қазақстанның Жоғарғы Соты карантин жағдайындағы жұмысын қашықтан жүргізуде. Қазіргі уақытта республика соттары 100 пайыз сот отырыстарын онлайн қарауға көшті. Алайда жыл өткен сайын сотқа келіп түсетін арыз-шағымдар саны өсіп келеді. Бұл сот процесінің сапасына кері әсер етуі мүмкін. Осыған орай Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов татуластыру рәсімдеріне қатысты өз үндеуін жариялады. «Жау мен дау – егіз» дейді халқымыз. Дауласу кез келген, тіпті дамыған елдерге де тән құбылыс. Бірақ сол дау-жанжалды ушықтырмай шеше аламыз ба? Сол дауды шешу мәдениетіміз қандай? Бізде кез келген дауды сот шешеді деген көзқарас қалыптасқан. Дегенмен мынаны білген жөн. Біріншіден, істі қарау ұзаққа созылуы мүмкін. Ол…
Дауасыз дерттің дүрбелеңі басылмай тұрған қазіргі уақытта жұрттың дау-дамайға бой алдырмай, барынша ымырашыл болғаны маңызды. Десе де былайғы күнде бір-біріне дес бермей, басынан дауы арылмай жүргендердің қарасы қысылтаяң шақта да сейілер емес. Ондайларға орайы келіп, соттың онлайнға көшкені оңды болды. «Байтал түгіл бас қайғы» болып тұрған тар кездің өзінде келіспеушілік пен кикілжіңді кейінге қалдырғанға көндікпей, сотқа жүгінетіндер жетерлік. Індетке байланысты карантин шаралары қатаңдатылған алғашқы аптада күніне мыңға жуық сот процесі қашықтан өтсе, сәуір айының басында бұл көрсеткіш екі есе өскен. Бүгінгі таңда соттар күн сайын 4,5 мыңға жуық істі онлайн режімде қарап жатыр. Бұдан төтенше жағдай сот ісін цифрландыруды едәуір…
Құрметті оқырман! Тәжірибе жүзіндегі жиі қойылатын сұрақтарға тоқталып өтсек. Сұрақ: Қандай жағдайларда медиация рәсімі жүргізіледі, ал қай жәйттерде өткізілмейді ? Жауап: Медиация рәсімі сотқа дейін, сот кезінде-соттан тыс, немесе сот шешімінің орындалу сатысында да жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасында, тараптар таңдаған бейтарап және тәуелсіз медиатордың қатысуымен өтетін рәсім. Медиация рәсімін жүргізу немесе өткізбейтін жағдайлар ҚР «Медиация туралы» Заңымен толығымен қарастырылған. Бұл жерде, Қазақстан патриоты ретінде айтарым: негізі, шет жерлерде жүргенімде, немесе осы медиация тақырыбына, сол басқа елдердің өкілдерімен кездескенімде «ауыз толтырып» айтатыным: Біздің елде медиация рәсімі барлық жағдайларда қолданылады. Қатынас азаматтық болсын, коммерциялық болсын, немесе қылмыстық жағдайларда да, қолданылатын…
АҚ берешекті, сыйақыны, тұрақсыздық айыбын өндіру, қаржылық лизинг шарттарын бұзу және лизинг заттарын қайтаруға міндеттеу туралы екі ЖШС-ға және жеке тұлға У.-ға талап қойып, Солтүстік Қазақстан облыстық сотына жүгінді. АҚ мен ЖШС-нің біреуінің арасында екі қаржы лизингі шарты жасалған болатын. Екінші ЖШС мен У. кепілгер болды. Талап қоюшы шарттардың талабы бойынша ЖШС-ға кейіннен сатып алу құқығымен ауыл шаруашылығы техникасын жалға берген екен. Бірнеше жылдан кейін қаржылық қиындықтарға байланысты ЖШС кесте бойынша кезекті төлемді төлей алмаған. Сондықтан АҚ борышкерден және кепілгерлерден 39 млн. теңгеден астам берешекті ортақ тәртіппен өндіріп алу туралы талап қойып сотқа жүгінді. АҚ қаржы лизингі шартын бұзуды және ЖШС-ға лизинг…
Қостанайда жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жанында дауларды реттеу жөніндегі комиссия құрылды. Қостанай қалалық сотының атқарушылық іс жүргізу барысында адамдар мен жеке сот орындаушылары арасында туындайтын дауларды соттан тыс тәртіппен шешуге бағытталған бастамасы осылайша іске асырылды. Қалалық сот комиссия жұмысының шеңберінде сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне шағымдарды саралап, оларды бір судьяға бекітеді. Сот іс жүргізуге қабылдаған жеке сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне жасалған барлық шағымдар дереу бітімгершілік комиссияға жіберіледі. Өтініш берушілерге олар кейіннен комиссия отырысына қатысуы үшін бұл туралы ескертіледі. Ал жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өз беттерімен талап қоймайтын үшінші тұлға ретінде іске тартылуда. Мұның өзі комиссия қызметінің заңдылығы үшін жүзеге асырылып отыр.…