МТҚ тізімдік құрамы, клубтық кездесулер журналы т. б. құжаттар жатады. Мектеп медиациясын құратын теңдестер тобына 7-10 сынып балалары тартылуы қажет. Осындай топқа кіретін белсенділер арқылы мектеп оқушылары арасында кездесіп қалатын алкогольді ішімдікке әуестік, нашақорлық, темекіге үйір болушылық сияқты жаман әдеттердің алдын алу шаралары да жүзеге асырылады. Медиация қызметінің қызметкерлері жанжалды шешу үшін көмекке мұқтаж әр оқушыға көмек көрсетеді. Бұл ретте дауда шешім қабылдау құқығы кураторға тапсырылады, ал даулы жағдайға қатысушылар оның нәтижесіне ықпал ете алмайды. Медиация процесінің айрықша белгілері: медиатор таңдалады; тараптардың мүддесі ескеріледі; шешім құпия қабылданады. Медиация қызметінің кураторлары балалармен тұрақты араласу барысында әділдік пен бейтараптылық қағидаттарына сүйенеді. Олар…
Author: Pressa
https://www.youtube.com/watch?v=MS2J0Epm1OE Сұхбат алған Нурбала Оразкулова ханым
https://www.youtube.com/watch?v=FF_IYdWRNKs Сұхбат алған журналист Пернебай САПАР
2019 жылдың сәуір айында Шымкент қалалық соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қалалық филиалы, Шымкент қаласының Әділет департаменті, Адвокаттар алқасы, Нотариалдық палатасы және Кәсіподақтар орталығы араларында өзара «Ынтымақтастық туралы» Меморандумға қол қойылған болатын. Меморандумның мақсаты дауларды сотқа дейін реттеу институтын, оның ішінде, қоғамдағы шиеленіс деңгейін төмендетуге ықпал ететін медиация институтын енгізу және жан-жақты дамыту бойынша өзара іс-қимыл аясында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады. Бүгін Шымкент қалалық сотының ұйымдастыруымен осы Меморандум аясында Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшыларының және медиаторлардың қатысуымен бейнеконференц байланыс арқылы онлайн «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Мәжіліс барысында Комиссияның құрамы мен жұмыс тәртібінің ережесі…
Мыңдаған мақала, күн сайынғы кездесу (дөңгелек үстел, семинар аясында), жүздеген жүздесу (эфирде), әлеуметтік желідегі әртүрлі посттар мен бейнехабарламалар, осының бәрі – медиация жайында. Расында айтылмаған ойлар мен талқыланбаған пікір жоқтың қасы деп тұжырымдасақ қателеспеспіз. Өкінішке орай, жасалған іс-шаралар тиісті, күтілген нәтижесін әлі көрсетер емес. Сол себепті, бүгінгі мақала тағы да – медиaция жайында болмақ. Абай атамыз өзінің бірінші қара сөзінде айтқандай: «…ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі…». Медиация сөзінің шығу тарихы, мәні, заңның қабылдануы және статистикалық мәліметтер туралы жазу артық болар, сол себепті медиация тараптарға…
Биыл біз ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын республика көлемінде атап өтудеміз. Осы орайда мақаламның кіріспесін Абай атамыздың мына бір өлең шумақтарымен бастағым келіп отыр Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп ойнап күлмес, Мені мен менікінің айрылғанын, «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған Өлді деуге сия ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, дегендей бүгін біз артына өлмейтін сөз, өшпейтін мұра қалдырған Абай атамыз туралы сөз қозғаймыз. Абай атамыздың қазақ даласында дауларды, тартыстарды шешуде алатын орны ерекше болғанын тарихтан білеміз. Дау мұраты – біту десек, сол дау-дамай-ларды …
Бүгінгі қалыптасып отырған жағдай қатердің айтып келмейтінін, мұндай қиындықты бірлігі мықты, ынтымағы күшті елдің ғана жеңе алатынын көрсетіп берді. Төтенше жағдай төзім мен шыдамның сыналар шағы. Осындай сындарлы сәтте әр құрылым өзінің жұмыс істеу тәртібін өзгертіп, әлемді алаңдатқан індеттің алдын алуға барлық амалды жасап жатыр. Сол қатарда сот құрылымы да бар. Қазір қылмыстық істер азайғанымен, отбасылық дау-дамайлар, тұрмыстық кикілжіңдер саны кеміді деп айта алмаймыз. «Біз біргеміз!» деп мемлекет елдің тыныштығына кепіл болып, қиындықты бірге еңсеруге шақырып отырған тұста халықтың болмашы нәрсені даулап, соттасып жүруі жақсылықтың нышаны емес. Әрине, арыз-шағымдарды қарауға, шешім шығаруға соттың әлеуеті де, шамасы да жетеді. Бірақ, алдына…
Елімізде медиацияны дамытудың кешенді шаралары қолға алынғалы біраз уақыт өтті. Жоғарғы Соттың бастамасымен жүзеге асырылып отырған бұл шара өз кезегінде жемісін беріп те жатыр. Медиация қай кезде болмасын екі жаққа да тиімді. Уақыт үнемдей отырып, бітімге келу дауласушы екі тарапқа да пайдалы. Дегенмен кейбір адамдарға медиатордың атқаратын қызметі түсініксіз көрінуі мүмкін. Сондықтан бүгінгі таңда бірқатар насихат жұмыстары жүргізіліп, көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Өз кезегінде бұл әрекет оң нәтижесін беріп те келеді. Мәселен «Соттағы татуласу рәсімдері» пилоттық жобасын жүзеге асыру тақырыбында ШҚО сотының 2020 жылы 1 тоқсанының статистикасына жүгінетін болсақ 8503 азаматтық іс қаралған, ал салыстырмалы түрде 2019 жылы сол үш айында…
Дана халқымыздың «Жол мұраты – жету, дау мұраты – біту» деген мақалы бекер айтылмаған. Бабаларымыз «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» дегендей, кешіріп, келісімге келу бұл бұрыннан қазақтың қанында бар қасиет. Соңғы жылдары Шымкент қаласының соттары тараптар арасындағы дау-жанжалға қатысты бірқатар істерді, оларды өзара татуластыру арқылы бітімгершілікпен бітіру мәселесіне аянбай атсалысып келеді. Өздеріңізге белгілі, 2015 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне өзгерістер енгізіліп, бір тарау толығымен татуласуға арналған болатын. Оның басты мақсаты – қоғамды сабырлыққа, түсіністікке, татуласуға шақыру. Дау туындаған жағдайда азаматтар бір-бірімен түсіністікпен қарап келісімге келіп, татуласу арқылы істі бітімгершілікпен бітіру мәселесі кодекске енгізілген ерекшелік еді. Осы заңның шеңберінде, шешім…
1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының қолдауымен 15 мамыр –Халықаралық Отбасы күні болып бекітілген. Қазақта «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Қазақ үшін шаңырақ сөзі қай кезде де киелі. Отбасы – адамның бойына барлық жақсы қасиеттерді дарытатын қара шаңырақ. Ұл мен қызға отбасында беретін тәлім-тәрбиені ешбір қоғамдық ұйым бере алмайды. Мағынасы терең отбасы, шаңырақ, әулет деген сөздерді ата-әжелеріміз біздің санамызға сіңіріп келген.Шын мәнінде отбасында береке-тыныштық болмаса адамдардың қоғамға қызмет етіп, пайда келтіруі де қиын екендігі белгілі. Барлық жақсылық атаулы отбасынан бастау алатынын ескеріп, 2018 жылы Жоғарғы Соттың бастамасымен республикамыздың 4 облысында «Отбасылық сот» Пилоттық жобасы қолға алынған болатын. Жобаның міндеті…