Бүгінде барлық заңдардың бастауы, қайнар көзі болып табылатын негізгі ата заңымыздың қабылданғанына 25 жыл толды. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. 30 тамыз 1995 жылы бүкіл халықтық референдумда қабылданған ата заңымыз 25 жыл уақыт аралығында егеменді еліміздің саяси, мәдени, рухани және экономикалық дамуына ауқымды үлес қосып, демократиялық жолмен дамудың негізгі бағыттарын айқындап, құқықтық мемлекет қалыптастыру қағидаларын бекітті. Еліміздің ата заңы ең жас конституциялардың қатарынан болғанымен, ол әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституциялардың қатарына қосылған. Тарихқа жүгінетін болсақ, қазақ халқында әрқашанда ауызбіршілікті арттырып, билік пен бірлікті қамтамасыз ететін, әділдікті жүзеге…
Author: Pressa
Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшылар «Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» «Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер Б-дан кондоминиум объектісінің ортақ меншіктегі мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген жұмыс түрлеріне жұмсалған қаражатты өндіру сұраған талап қою арызымен жүгінген. Талап қоюшы жауапкер Б-ға №17-келісім шарт бойынша жұмыстардың жүргізілуі, қаржыландыруы және атқарылу тәртібі түсіндіріліп, келісім шарт тараптармен бекітілгенін, дегенмен жауапкер заңнамаларға сәйкес, кондоминиум обьектісіне жүргізілген күрделі жөндеудің қайтарымды қаражатын төлемей, аталған тұрғын үй пәтер иелерінің жиналысында қабылдаған шешімнің барлық үй-жайлардың меншік иелері міндетті болып табылатын талаптары орындалмаған. Істі қарау барысында сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеумүмкіндіктері мен құқықтары, оның…
Қазақстан Республикасы ІІМ -нің 2020 ж 4 маусымдағы нұсқауына сәйкес Аль-Фараби полиция Басқармасының ұйымдастыруымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, мектептегі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, халықты ақпараттандыру, қоғамда отбасының ролін нығайту бойынша, Шымкент каласы «Ана үйі», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы», «Медиация, құқық және психологиялық қолдау орталығының» мамандарының қатысуымен» дөнгелек үстел өткізілді. ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы 15-18 маусым аралығындағы арналған Операциялық жоспарына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру,олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту бойынша «ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» республикалық акциясын…
Қазақта «Елемеген ауру жаман, ескермеген дау жаман» деген мақалдың мән-мағынасын биылғы көктемнен бері терең ұғынып, түйсіне бастадық. Үстіміздегі жылдың 16 наурызы мен 11 мамыры аралығында елімізде жарияланған «Төтенше жағдай режимі» (бұдан әрі – ТЖР) Шымкенттің тұрғындарына да оңайға соққан жоқ. Дегенмен, алғашқы күннен бастап қаладағы мемлекеттік органдар мен қаланың соттары коронавирус пандемиясына қарсы күресті ұйымшылдықпен жүргізіп, соның нәтижесінде бұл ауыр сыннан бірсыдырғы өтіп келеді. Елімізде ТЖР-нің енгізілуіне байланысты Шымкент қалалық сотының тарапынан шұғыл шаралар қолға алынып, процессуалдық мерзімі бар сот істерінің қаралуы кейінге шегеріліп, талап-арыздарды «Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды форматта немесе пошта арқылы жолдау ұсынылды. Қалалық, аудандық сот төрағаларының…
Екі жылдан бері Жоғарғы Соттың бастамасымен еліміздің жергілікті соттарында «Smart Сот» және «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламалары жүйелі түрде жүзеге асуда. Солардың қатарында Шымкент қаласының Экономикалық сотында электронды сот пен татуласу мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Оған дәлел ретінде, мына мысалдарды келтіруге болады. Елімізде биылғы наурыз айында жарияланған төтенше жағдайдан кейін, республика соттарының жұмыстары онлайн режимге көшкені белгілі. Осы жағдайда «Smart Сот» бағдарламасы бойынша өткен жылдары атқарылған жұмыс өз жемісін берді. Мысалы, қазіргі кезде Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық Экономикалық сотында қаралып жатқан азаматтық істердің барлығы да қашықтан онлайн арқылы өткізілуде. Әрине бұл қажетті шара, судьялар мен азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған. …
Отбасы – бұл әрбір адамның өміріндегі ең басты нәрсе. Отбасы – ол Отан. Дегенмен өмірдің кейбір кезеңдерінде отбасында да қарым қатынас қиындықтары болып тұрады. Ондай сәттерде бір біріне ауыр болатындай отбасылық қатынасты бұзуға асықпау қажет. Мұндай кезде балаларға қиын соғады. Себебі, бала жүрегіне ата-ананың екеуі де өте жақын әрі қымбат. Олар оны бөле алмайды. Жамбыл облысында 2018 жылдан бері өмірлік қиын жағдайларға тап болған отбасыларға көмек көрсету үшін «Отбасылық сот» жобасы жүзеге асырылып келеді. Жобаның басты мақсаты – отбасыларға сотқа дейін, сондай-ақ сот кезінде отбасылық және әлеуметтік жанжалдарды реттеу мамандарының қатысуымен атаулы жәрдем жасау, татуласу процестері, құқықтық кеңес беру арқылы…
Маңғыстау облыстық сотында онлайн режимде «Маңғыстау облысының Билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Жаңаөзен қалалық және Мұнайлы аудандық филиалдарын ұйымдастыру және құру» тақырыбында іс-шара өткізілді. Онлайн форматта өткен іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев және судьялары, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің өкілдері, Билер кеңесінің мүшелері, медиаторлар қатысты. Дауларды соттан тыс реттеу институттарын дамыту – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басым жобаларының бірі. Осы орайда, қоғамдағы дау-жанжалдарды азайту үшін халықпен жұмыс істеудің бірыңғай алаңын құру мақсатында 2019 жылдың сәуірінде Ақтау қаласында Билер кеңесі құрылып, өз жұмысын бастады. Тәжірибе көрсеткендей, Маңғыстау облысы Билер кеңесінің…
ҚР Әділет министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысқа ерікті жастарды тарту бойынша іс-шаралар жоспары Шымкент қаласы Әділет департаментімен әзірленіп, бекітілді. Департаментпен 2020 жылдың басынан қазіргі таңға дейін зияткерлік меншік құқығы саласында біршама нәтижелі жұмыстар атқарылған. Зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында біршама насихат жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 тамыздағы №135 Жарлығына сәйкес 2020 жыл Еріктілер жылы болып жарияланды. Осыған орай, ҚР Әділет министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысқа ерікті жастарды тарту…
Шымкент қаласының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі «Қазақстандықтардың әл-ауқатын өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру іс-шаралар бойынша жұмыстар атқарылды. Зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша «Қазақстандықтардың әл-ауқатын өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыруға» бағытталған 1 семинар, теледидар мен радиолардан 2 сұқбат берілді, 6 лекция, адалдық алаңында 5 кеңестер берілді, тұтынушылар арасында суалнамалар жүргізілді. Департаменттің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңының 22-1 бабына сәйкес, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін, сондай-ақ тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылау Қазақстан…
Судья-медиаторлар талап арызды қарау барысында тараптарға дауды татуласу арқылы шешудің тетіктерін түсіндіріп, бейбіт жолмен аяқтаудың маңызын ұдайы жеткізіп келеді. «Ел даусыз болмас», – демекші қоғамда дау көп. Тәжірибе көрсеткендей, сотқа талап арыз беріп, қарызын, ортақ мүлкін, еңбекақысын даулап жүргендер жетерлік. Әрине, сотқа жүгініп, заңның аясында адамдардың құқығы мен бостандығын қорғауы дұрыс-ақ. Алайда, болмашы дау-жанжалдарды өзара шешуде артықшылық көп екенін екінің бірі ескере бермейді. Егер, дауды сотқа дейін және сотта бейбітшілікпен шешкен жағдайда сотқа жұмсалатын сот шығындары қалтаңызда қалып, уақытыңызды үнемдеп, қарсы тараппен қарым-қатынасқа сызат түспей, сыйластықтың жалғасары сөзсіз. Соңғы уақытта экономикалық соттарда да бизнес субъектілеріне қатысты даулар көбеюде. Мәселен, Маңғыстау…