Author: Pressa

Жамбыл аудандық сотында бір аптаның ішінде неке-отбасылық қатынастар саласында 4 азаматтық іс бойынша даулар медиация тәртібімен реттелді. Бірінші азаматтық іс бойынша тараптар 2013 жылы заңды некені тіркеген. Бұл некеден кәмелетке толмаған 2 қызы бар. Отбасының ыдырау себебі ерлі-зайыптылар арасындағы сенімсіздік пен күйеуінің тарапынан қол көтередін жиілеуі. Талап қоюшы сотқа неке бұзу туралы арызбен жүгінді. Өз кезегінде жауапкер некені бұзуға қарсы емес екендігі туралы сотқа арыз берген. Алайда судья тараптармен әнгімелесіп, оларға татуласуға мерзім берген соң, тараптар бір –бірімен түсінісіп, медиациялық келісім жасады. Бұл келісім бойынша жауапкер талап қоюшымен татуласып, отбасына қатысты мәселелерді жанжалсыз шешуге және талапкерге түсіністікпен қарауға міндеттенеді. Келесі…

Read More

Маңғыстау облыстық сотында бейнеконференцбайланыс арқылы өткен кеңейтілген кеңес жұмысында 2020 жылғы 6 айда атқарылған соттардың жұмысы талқыланды. Маңғыстау облыстық сотында бейнеконференцбайланыс арқылы өткен кеңейтілген кеңес жұмысында 2020 жылғы 6 айда атқарылған соттардың жұмысы талқыланды. Онлайн форматта өткен іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, Соттар әкімшісі басшысының м.а. Аманбек Калпаков және кеңсе меңгерушілер қатысты. Ержан Даулиев Азаматтық процестік кодекстегі басты жаңашылдықтарды назарға алып, 15-баптың төртінші бөлігіне сәйкес, сот тараптың уəжді өтінішхаты бойынша не өз бастамасы бойынша істің…

Read More

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы міндетін атқарушы Бекназаров Әбдіғаппар Өсербайұлының 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша баяндады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың міндеттері, – адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулы-ғын, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiпті және қауiпсiздiктi, мемлекеттiк билiктi және мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың белгiленген тәртiбiн, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу болып табылады. 1. Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына 2020 жылғы 6 ай мерзімінде 4 106 әкімшілік іс түскен. Ал, 2019 жылдың 6 айында 5 342 әкімшілік…

Read More

Карантин кезінде медиатор-психологтардың қажеттілігі арта түсті. Оларға ерлі зайыптылардан бөлек, ұстаздар мен дәрігерлер, бизнестегі серіктестер көптеп хабарласады. Медиаторлар түрлі тақырыптағы түсініспеушілік, даулар мен жанжалды жағдайларды шешуге онлайн режим арқылы шешіп жатыр. Күллі әлемді қарусыз-ақ, аз уақытта жаулап алған коронавирус пандемиясы халыққа айтарлықтай ауыртпалығын түсірді. Тарихқа жүгінсек, әлемді әр ғасырда аты жаман ауру бір шарпып тұрған. 1720 жылы Еуропаны Марсель обасы, 1820 жылы Филиппин, Индонезия және Тайланд елдерінде тырысқақ эпидемиясы, 1920 жылы Испанияда «испан тұмауы» жайлаған. 2020 жылы Қытайдан басталған коронавирус індеті әлемді жаулап отыр. Айта кетелік, Коронавирус бұған дейін де бірқатар елдерде белгі берген. 2002-2003 жылдары әлемнің 37 елінде 8…

Read More

Қазақстан Республикасының Конституциясының 27- бабына сәйкес, неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі міндеті болып табылады. Бала құқықтары туралы Конвенцияға сай, бала туылған бетте тіркеуге алынады және туылған сәттен бастап оның есімі қойылып, азаматтық алуға құқығы бар, сондай-ақ мүмкіндігінше өзінің ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылы. Баланың туған тегін анықтау, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен (бұдан әрі — Кодекс) белгіленіп реттеледі. Әкелікті анықтау туралы мәселелерді және әкелікті тану фактісін реттейтін құқықтық нормаларды…

Read More

Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылықпен ғана айналысып қоймай, әділ де парасатты би, білікті заңгер болғанын да айтқанымыз абзал. Құнанбай Өскенбайұлы айтулы шешен, қилы заманда еліне, халқына танылған көсем, қайраткер болды. Талай тартыс, дау-дамайда қалың елді шешендігімен сүйсіндіріп, есімі тірісінде аңызға айналды. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Міне Абайдың даналық жолында әке үлесі мол болған. Ол бала күнінен әкесінің қатал, қайсар мінезіне сын көзбен қарап, замана перзенті екенін жете түсінген. Болашақ ақын ел анасы атанған әжесі Зеренің аңыз ертегілерін естіп, ағайын-туысқа қадірлі, әзіл-қалжыңға шебер, жөн-жобаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өседі. Абай…

Read More

https://www.youtube.com/watch?v=VCClWCxlXys Құрметті отандастар! Баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделене түсуде. Коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр. Кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатыр. Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті, соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сол себепті, бірқатар елдерде карантин тәртібі қайта күшейтіліп, әуе, көлік қатынасы қайтадан шектелді. Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілді. Бұл аса қажетті шешім болды. Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан, алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ. Барлық азаматтарды тағы да…

Read More

2020 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне, соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл Заңда тараптарды татуластыруға бағыттталған өзгерістерге ерекше тоқталып өткен жөн. Себебі, азаматтық процесте тараптардың татуласуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Татуластыру рәсімдерін одан әрі дамыту, татуласу рәсімдері мен медиация институтын дамыту және даулардың санын қысқарту мақсатында татуластыру рәсімдері жүргізілген жағдайда талап қою арызын қабылдау үшін алдын 5 күндік мерзім берілсе, енді татуласуға 10 күн уақыт беріліп отыр. Дауларды сотқа дейін және сот отырысы кезінде реттеудің процессуалдық жолдары…

Read More

Бұрынғы қазақтың билері ертедегі қазақ қоғамындағы әділеттілік пен туралықты іс жүзінде қамтамасыз еткен. Олар тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, жанжалдасқанды татуластырып, ел арасындағы кез келген дауды бітімгершілік жолымен шешіп отырған. Қазақ қоғамындағы осындай дана шешімдер өз кезегінде халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтап отыруға шексіз үлес қосқан. Бір сөзбен түйіндесек, қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың озық өнегесі болған. Қазақтың билері салған сара жолды жаңғыртып, әлемдік заңдылықтарды саралай отырып, соған сай толықтырулар қосып, елімізде 2011 жылы қаңтар айында «Медиация туралы» заң қабылданды. Бұл заңының дүниеге келуі қоғамның қажеттігінен туған дүние және ол 2011 жылы тамыз айында қолданысқа…

Read More