Әл-Фараби педагогикасының түпкі мақсаты – адамдарды бақытқа жеткізу. Оның пікірінше, философия ақиқатқа жетуге ұмтылғандықтан адамзаттың бақытқа жетуіне қызмет етеді. Ол адам баласын жаратылыстың ең ұлы құндылығы деп есептеді. Әбу-Насыр әл-Фараби ақылды, пайымдағыш, мінсіз, еңбекқор отбасы үлгісін ұсынды. Бүгінгі отбасы тәрбиесі жағдайында отағасының бойынан табылуға тиісті қасиеттер ретінде бұл қасиеттер бүгінде де өз өзектілігін жоймаған. Бұл тұста ғұлама әл-Фараби өзінің «Бақытқа жету жолында» деген еңбегінде отбасы басшысының ақыл-парасатының жоғары болуы ондағы өмірді дұрыс ұйымдастыруға және отбасы мүшелерін бақытты тұрмыс кешуге бастайтын басшылығында өте маңызды орынды иеленетінін сипаттайды. Сөйтіп, оны пайымдағыштық қасиетпен байланыстырады. Отбасының негізгі қызметі өмірге ұрпақ әкелу болса, өмірге келудегі…
Author: Pressa
Татуластыру рәсімдері даулар мен жанжалдарды соттан тыс, бірақ толығымен азаматтық—құқықтық салада шешуге мүмкіндік береді. Бұл бағыт Қазақстан Республикасы үшін аса маңызды және жылдан жылға дамып келеді. Дегенмен, азаматтар мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдарға, атап айтқанда сотқа жүгінуге көбірек дағдыланған. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (бұдан әрі-ҚР АІЖК) соттар жұмысының қазіргі заманғы форматтарын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізутуралы Қазақстан Республикасының 10.06.2020 ж. № 342-VI Заңымен енгізілген татуластыру рәсімдерін қолдану кезінде соттың мүмкіндіктерін кеңейтетін заңнамадағы өзгерістер мен толықтырулар ең үлкен және маңызды қадам болды. Осылайша, АІЖК-нің 150-бабына сәйкес талап арызды қабылдау…
«Кешірімділік — анадан, кішіпейілділік — данадан» дейді ата бабаларымыз. Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі кешірімді болу. Анықтап айтсақ, кешіру арқылы өзіңізді ренжіткен адамның бойындағы ұятты, қамқорлық пен мейірімділікті оята аласыз. Бүгінгі қоғамда кейбір адамдар кешірімді болуды қорқақтық, әлсіздікке балайды. Осы керағар қасиет адам бойындағы өш алу, кек сақтау секілді теріс қасиеттерді ұлғайтып, бауырмашылдық пен мейірімнің шоғын өшіріп жатады. Кешірімшіл адамның серігі төзім. Төзім сүйіспеншілікті оятып, түптің түбінде жеңіске жетудің алғашқы қадамы болмақ. Шәкәрім Құдайбердіұлы жырлағандай: Біреудің мінін кешірсең, Құдай да сені кешеді. Көңілі жұмсақ адамның, Күрмеуін тағдыр шешеді. Бүгінгі қоғамда ажырасу ең өзекті мәселе екені жасырын емес. Ерлі зайыптылар, бірнеше…
Даулар мен қақтығыстар өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Олардың кейбірін ымыраға келу арқылы шешуге болады. Басқалары соттың талқылауы мен әділеттілік органының шешімін талап етеді. Жалпы қазақ халқы қашан да отбасы беріктігі мен шаңырақтың шайқалмауын жоғары қойған. Ал бүгін де «отбасы ошақ қасындағы әңгімені» дау қылып, сотқа жүгінетіндердің саны артуда. Отбасылық даулардың әулет ақсақалымен емес, сот арқылы шешілетіні өкінішті. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, әке, ана және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы, әрі міндеті», – деп баса көрсетілген. Осы жүктелген міндет елімізде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі негізінде жүзеге…
Бiз өмір сүріп отырған қоғамда шешімі күрделі мәселенің бірі сыбайлас жемқорлық. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қалыптасуы шарт. Барлық мемлекеттік органдар осы бағытта жұмыс істеуі керек. Әділет министрлігіне көпшіліктің жемқорлыққа қатысты құқықтық сауатын арттыру жұмыстарын күшейтуді тапсырамын. Білім және Ғылым министрлігі де балаларды ерте жастан жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздеріне баулуды қолға алғаны жөн» деп айтқанындай балалардың тәрбиесіне аса қатты мән бергеніміз абзал. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызы БҰҰ құжаттарында атап көрсетілген. Қазақстан да 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосылған. Және 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Елімізде сонымен қатар сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық,…
Қазақстандық әрбір отбасы жекелеген адамның алтын мектебі ғана емес, тұтас мемлекеттің түпқазығы, діңгегі. Қоршаған ортаның, тұтас қоғамның беріктігі мен жас ұрпақтың маңызды, ұлттық тәрбие алуы отбасынан басталады. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Ал жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы мен бақытты жүзінде. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы өте зор. Ерлі-зайыптылардың өзара қатынасы сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтың ошағы болуы тиіс. Кез-келген ұлттың дамуы мен келешегі екі…
Жалпы қазіргі дамыған әлемде әр адам өзінің құқықтарын жақсы біледі және өзінің ар-намысына нұқсан келмегенін қалайды. Құқықтары бұзылған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына немесе сотқа арыз жазады. Қазіргі таңда еліміздегі құқық бұзушылықтардың статистикасы мен салыстырмалы түрдегі деңгейіне мән беріп қарайтын болсақ, қылмыстық құқық бузушылық бойынша медиация рәсімін қолдану тәртібі кенінен жүргізілуде. Жалпы, медиация өз бастауын көне заманнан алады. Оның ішінде өзіміздің тарихымызға көз салатын болсақ бүгінгі таңдағы медиаторлардың атқарып отырған жұмыстарын дауларды шешу, екі жақтың мүддесін қанағаттандыру және т.б. жұмыстарын сол кездегі билер алқасы жүзеге асырған. 2011 жылы 28 қаңтарда Қазақстанда «Медиация туралы» Заң қабылданған. Жеке және заңды тұлғаларда туындайтын…
АБАЙ – ШЕКСІЗ ШЕТСІЗ ӘЛЕМ. БІЗ АБАЙДЫ АҚЫН, ОЙШЫЛ, ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЗБА ПОЭЗИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ДЕП БІЛЕМІЗ. АЛ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ЖАЙЛЫ КӨП АЙТА БЕРМЕЙДІ. Көшпелі қазақ қоғамы қандай қиындық көрсе де «далалық құқықтық тәртіптің» сақталуы арқылы ерекшеленген. Ресей империясының отарлау саясаты жолындағы үлкен кедергі осы болған. Сол себепті Патша өкіметі далалық аймаққа әкімшілік басқару тәртіптерін енгізу, сол арқылы дәстүрлі билер сотын әлсіретуге бағытталған шаралар жүргізуді ұдайы назарда ұстап отырғаны тарихтан белгілі. Соның бірі 1868 жылдың 21 қазанындағы «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарындағы басқару туралы Уақытша Ережелермен» заңдастырылған. Далалық халық судьяларының билер съезін патша өкіметі енгізген болатын.…
Көпшілігіміз дау туындаған жағдайда, бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы сотқа жүгіну деп санаймыз. «Сотқа беремін» деген суық сөз бүгінде жиі айтылатын болды. Алайда, елімізде дау-жанжалдарды шешудің балама әдістері танымал бола бастады, олар көбінесе тез, әрі ыңғайлы болып келеді. Дауларды шешудің балама әдістерін енгізу сот жүйесіне қойылған ауқымды міндеттердің ішінде ерекше орын алады. Сондай тәсілдердің бірі-медиация институты болып табылады. Медиация дегеніміз- тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі болып табылады. 2011 жылы 26 қаңтарда «Медиация туралы» заңының қабылдануымен еліміздің сот жүйесінде медиация құқықтық институт ретінде орнығып, жылдан-жылға дамып…
Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. Бұл бағытта бірқатар маңызды міндеттер атқарылған, атап айтқанда, Қазақстан халықаралық ГРЕКО ұйымына мүше болды, қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы анықталған жағдайда оның басшысының қызметінен босатылуы заңмен бекітілді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін заңнамамен сараптау жұмыстары күшейтілді. – Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан, яғни, 820-дан 912-ге өскен. Transparency International ұйымының 2019 жылы өткізген сауалнамасының қорытындысы бойынша азаматтардың 28,7 пайызы мемлекеттік ауруханалар мен емханаларды сыбайлас жемқорлықтың ордасы деп атаған. Бұл басқа мемлекеттік мекемелермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, мысалы, полиция – 11,3%, жер қатынастары…