Ата-бабамыз сонау ықылым заманнан бері бірліктің береке, татулықтың тыныш тірлік екенін ұрпағына насихаттап өтті. Қазақты ұлт ретінде сақтап қалған батырлығы мен дархан мінезі досқа да дұшпанға да мейірімді, кешірімшіл дархан мінезі еді. Достық пен ынтымақты ту еткен бабаларымыз береке мен ырыстан айырылған жоқ. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластықты табиғи жаратылысына тірек етіп келді. Төле би соңғы демін алар шағында үш жүздің игі жақсыларына: «Малға салсаң баспайтын, ұрсаң шаппайтын жабы бар. Қусаң жететін, қашсаң құтқаратын желден жүйрік тұлпар бар. Екі адамның басы қосылса өсек айтатын әйел бар. Бір елге ана, пана болатын әйел бар. Шешім – айтқанда осылардың ара-жігін ашып, екшеп…
Author: Pressa
Бүгін Шымкент қалалық сотының ұйымдастыруымен қала аумағында орналасқан Сайрам ауылының жанындағы Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қабылданған «МӘРТӨБЕ тарихи кешенінде» «Келер ұрпаққа жолдау» жазылған капсуланы салу шарасы өтті. Оған қалалық соттың төрағасы Е.Рахымбеков пен қала әкімі М.Әйтенов, қалалық мәслихаттың хатшысы, Билер кеңесінің мүшелері мен сот қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Қалалық соттың алқа төрағасы Е.Жанғазин іс-шараны ашардағы кіріспе сөзінде: – Бүгінгі жиынның мақсаты, көне Сайрам маңындағы тарихи орын Мәртөбеде болашақ заңгерлерге арналып «Келер ұрпаққа жолдау» жазылған капсуланы салу рәсімін салтанатты жағдайда атқару, – деді. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, шараның маңыздылығына тоқталып, Мәртөбе – ел тарихында айрықша мәнге ие тарихи орын. «Мәртөбе…
Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық сотының және Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қолдауымен «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің» президенті, жаттықтырушы-медиатор Оразкулова Нурбала Алтынкановна осы ауданның қоғамдық медиаторлары және ауыл билерінің қатысуымен «Медиация рәсімін жүргізу ережелері және дауларды реттеудің практикалық дағдылары» тақырыбында семинар тренинг өткізді. Семинар барысында Еңбекші ауданының татуластырушы соты Отарбаев Еркен Бостанбекұлы, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бас маман-заңгері Абдуллаев Құрмет Сейдуллаұлы соттан тыс медиацияны дамыту және қоғамдағы қақтығыстардың деңгейін төмендету үшін билер кеңесін құруды атап өтті. Ұмытылуға шақ қалған көне дәстүрлерді жаңғырту арқылы бүгінгі күннің мәселелерін шешу керектігі алдағы кездерге жоспарланды. Ал бірегей бұл құрылым енді аудандағы азаматтармен ерлі-зайыптылар арасындағы…
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезі делегаттарының алдында құттықтау сөз сөйледі. Бейне конференция режимінде өткен жиынға еліміздің бүкіл өңірлерінің судьялары, сондай-ақ, шетелдік сарапшылар қатысты. Президент сөйлеген сөзінде сот төрелігінің әділ және заңды жүзеге асырылуына мемлекет те, бүкіл қоғам да мүдделі екенін атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі пандемия кезінде еліміздің сот жүйесі күрделі сынақтан өткеніне тоқталды. Оның айтуынша, карантинге қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Ақпараттық технологияның арқасында сот процесін қашықтан жүргізу форматына жедел көшірдік. Бұл ұтымды әрі оңтайлы шара болды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары мен соттардың жұмысындағы бірқатар кемшіліктерге назар аударды.…
Семинар барысында Енбекші ауданның татуластырушы соты Отарбаев Еркен Бостанбекұлы, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бас маман-заңгері Абдуллаев Құрмет Сейдуллаұлы соттан тыс медиацияны дамыту және қоғамдағы қақтығыстардың деңгейін төмендету үшін билер кеңесін құруды атап өтті . Билер – зиялы қауым өкілдері мен беделді ақсақалдар медиацияны кеңінен насихаттай отырып, өңір тұрғындарымен профилактикалық әңгімелерді белсенді жүргізуде. Жаттықтырушы билерді отбасылық дауларда тараптарды татуластырудың, жанжалға түсетін тараптармен байланыс орната білудің, ымыраға келу, сендіру, медиацияның артықшылықтары және оның қолдану әдістері оған қоса практикалық дағдыларымен таныстырды. Даудың құрылымы мен қақтығыстың бастамашылары туралы әңгімелесті. Семинар соңында ауыл билеріне сертификаттар табысталды. Оразкулова Нурбала Алтынкановна, «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» заңды тұлғалар…
Контрафактілік өнім дегеніміз – еліміз бекіткен халықаралық келісімшарттар нормаларын бұза отырып жалған өнімдерді айналымға тарату немесе басқаша мақсатта пайдалану. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заң еліміздегі тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықты қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Контрафактілік өнімдер және зияткерлік меншікті заңсыз пайдалану кәсіпкерлікті дамытуға кері әсерін тигізіп отыр. Қазіргі кезде контрафактілік өнімдер көптеген сауда нүктелерінде сатылуда. Ал, лицензиясы бар өнімдер сауда жасайтын нүктелер саусақпен санарлық. Мысалы, фармацевтикалық өнімдердің тауар таңбасын пайдаланып, дәрі-дәрмектерді сапасыз өндіру, оны пайдаланушы тұрғынның денсаулығына елеулі кері әсерін беруі мүмкін. Айталық,…
2019 жылдың 09 қазанында Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебін жария еткен болатын. Рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстан 55-ші орынға ие болды. Қазақстан 2012 жылдан бастап рейтингке (Ресей сияқты) экономикасы дамудың екінші кезеңінен (өнімділікке негізделген кезең) үшінші кезеңіне(инновацияларға негізделген кезең) өткен ел ретінде қатысады. Бұдан басқа, ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы ДЭФ БЖИ көрсеткіштері бойынша кәсіпкерлер арасында жүргізілетін жұмыстарды тұрақты түрде ақпараттық қолдаумен қамтамасыз етеді. ҚР Әділет министрлігіне келетін болсақ: 114 көрсеткіштің 4 индикаторы бойынша жауапты орындаушы болса, 3 индикаторы бойынша қосымша жауапты болып табылады. Атап айтқанда: Жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар: «Әкімшілік дауларды реттеуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы…
Отбасылық сот пилоттық жобасының енгізілуіне, еліміздегі неке бұзулардың санының көбеюі, отбасы құндылығының төмендеуі негіз болған. Пилоттық жобаның мақсаты – отбасылық дауларды азайту және отбасын сақтап қалу, оның мүшелерінің құқықтарын қорғау, кәмелетке толмаған балалардың толық отбасында тәрбиеленуі болып табылады. Қазіргі таңда бұл пилоттық жобаға арнайы тағайындалған татуластырушы-судьялар, сотқа арызданған тараптар қатысуда. Жоба аясында некесін бұзуға бел буған отбасылармен аудан әкімшілігінде құрылған арнайы топ жұмыс жасайды. Бұл топқа мамандар (психолог, әлеуметтік мәселелермен айналысатын мемлекеттік мекемелердің өкілдері және т.б.) кіреді. Сонымен қатар, ауданымызда «Аналар алқасы», «Билер кеңесі» институттары құрылып, өз жұмыстарын жүргізуде. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, судья отбасылық…
Даулар мен қақтығыстар өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Олардың кейбірін ымыраға келу арқылы шешуге болады. Басқалары соттың талқылауы мен әділеттілік органының шешімін талап етеді. Жалпы қазақ халқы қашан да отбасы беріктігі мен шаңырақтың щайқалмауын жоғары қойған. Ал бүгін де «отбасы ошақ қасындағы әңгімені» дау қылып, сотқа жүгінетіндердің саны артуда. Отбасылық даулардың әулет ақсақалымен емес, сот арқылы шешілетіні өкінішті.Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, әке, ана және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы, әрі міндеті», – деп баса көрсетілген. Осы жүктелген міндет елімізде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі негізінде жүзеге асырылады.…
(неке бұзу және алимент өндіру бойынша) Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі отбасылық құндылықтарды қорғау болып табылады. Ажырасу – бүгінгі таңда әлеуметтік проблемалардың біріне айналып отыр. 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Аталған заң медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Қазіргі таңда соттарда дауларды медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуге арналған пилоттық жоба іске асырылуда. Жоба міндеттері – татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып табылады. Жоба мақсаты – дау-жанжалдардың кейбір түрлерін медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу. Яғни, татуластыру рәсімдерін қолдану аясын одан әрі кеңейтіп, азаматтардың сот шығындарын барынша азайтуды көздейді.…