Author: Pressa

Елбасының бастамасымен көпэтносты, көпконфессиялы тәуелсіз жас мемлекетте қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының жанынан консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда азаматтық қоғамның маңызды институттарының біріне айналды. Елдегі этносаралық қатынастар саласын реттеуде тың бағыт ретінде ұсынылған бұл жаңа құрылым аз ғана уақыттың ішінде «әралуандықтағы бірлік» феноменінің негізін қалап, тәуелсіздік алған кезеңде көпэтносты қоғамда жиі кездесетін түйінді мәселелерді жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын бастама болды. Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде елімізде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық бірегей үлгісі қалыптасты. Бұл халықаралық аренада Қазақстанның сан алуан ұлтты ұйыстырып, этносаралық ынтымақты сақтай білген ел ретіндегі…

Read More

«Медиация» термині латынның «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Медиация-тараптардың еркін келісімі арқылы жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы келісімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу тәсілі. Медиацияның басты мақсаты-даудағы кінәлі тарапты анықтау емес, қайта дауласқандарды ымыраға шақырып, татуластыру, екі тарапты қанағаттандыратын шешімге қол жеткізу болып табылады. 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Қолданыстағы заң атауы ерекше болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Дала билігінің дара тұлғалары –Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез-келген дау-дамайды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтауға аса назар аударған. Бұл «алдыңа…

Read More

Қайсібір ұлттың болмасын рухани байлығы – Ана тілі. Атадан балаға, сан ғасырлар бойы ұрпақтар сабақтастығымен үзілмей келе жатқан қасиетті Ана тілі кез-келген халықтың асыл мұрасы. Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы ғана емес, тұтас ұлттың айнасы, болмысы, әлимсақтан бергі жаратылысының көрінісі. Қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаевтың: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” деген сөзінде мәні терең шындық жатыр. Қазақ елінде мемлекеттік тіл Қазақ тілі екені Ата заңымызда анық көрсетілген. «Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әрбір азаматының…

Read More

Бүгінде еліміздің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі түрде күрес жүргізу болып отыр. Бұл жеке адамның бойындағы кемшілік қана емес, сондай-ақ, тұтас мемлекеттің экономикалық, ұлттық қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін зиянды фактор. Қоғамның алға жылжуын тежеп, іштен тоздыратын, әлемдік бәсекеде аяқтан шалатын кесір екені де ақиқат. Әсіресе тәуелсіздік туын көтергеніне небәрі отыз жылға жуықтаған Қазақстан секілді елде жемқорлық дертінің кеңінен дамуы өте қауіпті. Әрине, Қазақстан болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Халықаралық ГРЕКО ұйымының, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының мүшесі. Десек те әлі талай сын кезеңдерінен өтеріміз анық. Өтпелі кезеңде сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз үшін қоғамға жат,…

Read More

Бүгінде еліміздің «Медиация туралы» Заңы екі тараптың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуіне, келіссөз арқылы, ерікті түрде, құпиялылығын сақтай отырып, бітімге келуіне жол ашып отыр. Ал азаматтық, еңбек, отбасылық дауларды шешуде медиаторлардың еңбегін айрықша бағалауға болады. Елімізде медиаторлардың көмегіне жүгіну арқылы соталды дау-жанжалдарды шешу тәсілі біртіндеп қалыптасып келеді. Медиация институты жанжалдарды шешудің баламалы құралы деп қарасақ, оның қоғамдағы орнының айрықша екенін аңғаруға болады. Ал медиаторлардың басты жетістігі медиация рәсімінен кейін қақтығысушы тараптардың жақсы қарым-қатынаста қалуында болып отыр. Сондай-ақ медиаторлар қоғамдық келісімді нығайтуға, әлеуметтік, өзге де қайшылықтарды, қақтығыстар мен дауларды шешуді үлкен еңбек жасап келеді. Медиаторлар әділ төрелік жасай отырып, қос тарапты…

Read More

Оның жұмысына Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, Cот төрелігі академиясының және Cоттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің өкілдері қатысты. Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов сот жүйесіндегі өзгерістердің қатарында ӘРПК-нің қабылдануын атады. Заң 2021 жылғы шілдеден бастап сотқа азаматтар мен бизнестің талап арыздарын «мемлекеттік органның кінәлі презумпциясы» қағидаты бойынша қарауға, талап арыздарды әзірлеуге, көмектесуге және мемлекеттік органдардан соттарда тәртіпті сақтауды талап етуге мүмкіндік береді. Президенттің қатысуымен судьялардың VIII съезінің өткізілгені туралы айтылды. Қоғаммен кері байланысты жолға қою, судьялардың тәуелсіздігі, кәсібилікті арттыру, жаңа судьяларды жария іріктеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдағы жұмыс бағыттары болып айқындалды. Халықаралық кеңеске қатысушылар халықаралық тәжірибені ескере…

Read More

Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы күніне арналған «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы» атты сұқбат кездесу өтті. ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев жиынның Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында өтіп отырғанын атап өтті: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтар үшін ерекше мереке. Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құрып, дамытудағы қайраткерлік тұлғасы мен тарихи миссиясын паш етеді. Қазақстанның Тәуелсіз, зайырлы отыз жылдық жаңаша тарихының әрбір кезеңінде Ұлт Көшбасшысының саяси қолтаңбасы айқын көрінеді. Елбасы Қазақстан халқын бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылдырып, елімізді ұлтаралық келісім мен бірліктің…

Read More

Рухани байлық халықтық демократия және халық билігі өзінің тарихи шеңберіне қарамастан өркениет құндылықтары болып табылады әpi бола бермек. Тарих осы құндылықтардың бip кезде Шығыс Депті¬қыпшақтардың Ұлы даласы немесе Қазақия деп аталған Орталық Азия кеңістігінде Билер соты қызметінде кемелденген түрінде көpiнic табуына жол ашты. Ежелден ен даланы еркін мекендеген қазақ халқының өзіндік этно-мәдени, әлеуметтік құқықтық заңдылықтары ғасырлар тезінен тегістелеп кәдеге асырылып, күнделікті отбасы, ошақ-қасындағы жол жоралғылардан бастап, әлеуметтік ортаға қарай ойысатын салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлі заңдылықтарға дейінгі дала ережелері қағазға хатталып, соған негізделген болатын. Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық…

Read More

Абай бүкіл әлемдік құбылыс, тек Түркі тілдес халықтардың ғана емес басқа елдердегі халықтарының да классик ақыны деп санауға болады. Мына ағылшындар Чкося дейтін ақынын ағылшын әдеби тілінің негізін қалаушы деп санайды. Біздің қазақ халқы қазақ ұлты Абайды қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы деп таниды. Дүние жүзінде сөздік қоры жағынан ең бай тіл араб тілі болса, екінші орында ағылшын үшінші орында қазақ тілі деген дерек бар. Бұның өзі оңай олжа емес, терең байлық. Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынов өзіне ұстаз санаған Қырым одақта татар госпаража орыстар госпоринский деп атайды өзінің бір еңбегінде қазақтың тілі Шыңғысханның шабуылынан кейін де көп өзгеріске ұшыраған жоқ…

Read More

Сыбайлас жемқорлықтың белең алуы қай кезде де қоғамға аса қауіпті. Жемқорлық дерті адам бойындағы асыл қасиеттерді жоюмен қатар, мемлекеттің қарқынды дамуына елеулі зиянын тигізері сөзсіз. Азаматтардың Үкімет пен билікке деген теріс көзқарасын қалыптастырады. Сондықтан сыбайлас жемқорлық тұтас қоғам болып күресуді қажет ететін, күрделі түйткілге айналды. Лауазымды тұлғалардың, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық мен сатқындық танытуы жемқорлықтың бастауы болмақ. Әлемде экономикалық, технологиялық және басқа бәсекелестік қарқын алып тұрған кезеңде жемқорлыққа белшеден батқан қоғамның құрдымға кетері анық. Анығында бұл кеселден аман қалған, немесе түп-тамырымен жойып жіберген мемлекет жоқтың қасы. Әйтсе де, бұл бағытта елімізде сан алуан жұмыстар…

Read More