Оның сөзінше, оқшаулану кезінде бірқатар әйелдер күйеуінің «қақпанына түсіп» құрбанына айналып жатыр. Кейбір елдерде көмек сұраған әйелдер саны артқан. Құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлерінің жұмысы ауырлап тұрған кезде, оларға көмектесетін қызметкерлер жетіспей жатыр деп атап өткен Гутерриш. Елде енгізілген төтенше жағдай мен карантин кезінде әйелдер отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. БҰҰ мәліметтері бойынша, көптеген мемлекеттерде коронавирус індетіне байланысты карантин шаралары еңгізілгеннен кейін үйдегі зорлық-зомбылықтың көбеюі байқалуда. Бұл мәселені шешу үшін БҰҰ бас хатшысы билікке үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруды ұсынды. Сонымен бірге дүкендер мен дәріханаларға зорлық-зомбылыққа қауіп төнген жағдайда жедел-жәрдем жүйесін орнатып қоюға кеңес берді. Кейбір статистикалық мәліметке сүйенсек, Жер…
Author: Pressa
Бір апта бұрын 28 жастағы ақтөбелік Айнагүл Бекенованы бұрынғы күйеуі жұмыс орнына келіп, пышақпен бетін тіліп тастағаны туралы жаңалық БАҚ-та жарияланды. Белгілі болғаны, келіншек бұған дейін де күйеуінен талай рет таяқ жеген. Бас прокуратураның 2019 жылғы мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 400 әйел тұрмыстық зорлыққа шыдай алмай, өз-өзіне қол жұмсайды. Әлемдік пандемия кезінде көптеген елде тұрмыстық зорлық әрекеті күрт өсіп отыр. Тұрмыстық зорлыққа ұшыраған қыз-келіншектерге «не істеген жөн» деген сұраққа Қазақстандағы психоаналитикалық қауымдастықтың мүшесі Жұлдыз Төлеу Azattyq Ruhy тілшісімен болған сұхбатта жауап берген еді. — Жұлдыз ханым, пандемия кезінде тұрмыстық зорлыққа ұшыраған қыз-келіншектерге бұрынғыдан гөрі қиынырақ болып жатқаны анық. Себебі, олар…
Бүгінгі күнде дауларды шешудің балама жүйесі барлық өркениетті елдерде және замануи құқықтық инфрақұрылым құруға ұмтылудағы мемлекеттерде өз қолдаушыларын тауып жатыр. Өкінішке орай, Қазақстанда медиацияның дамуы кенжелеп қалған, бірақ сот отырысының осындай баламасы көптеген азаматтардың көңілінен шығады. Медиация ретінде «дауласып жатырған тараптардың ерiктi келiсiмi бойынша өзара түсіністікке жету және даулы жағдайды шешетін шартты жасау мақсатында бейтарап тұлға – медиаторды тарта отырып бітімге тоқтау рәсiмi» түсініледі. Медиация – (латын тілінен mediatio – делдалдық, ағылшын тілінде – mediation) – дауды шешу жолында тараптардың өзара әрекетке түсуін жүзеге асыратын кәсіби медиатордың көмегімен және ерекше іс жүргізу жағдайлары бойынша дауды шешудің мүмкіндігі мол, осы дауға…
Ағымдағы жылдың 16 наурызы мен 18 сәуірге дейінгі төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында карантинге байланысты кейбір шектеулерді бұзғаны үшін, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476 және 478-баптары бойынша 285 адамға қатысты әкімшілік іс қаралған. Соның ішінде, 279 адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту және 71 адамды қамауға алу туралы сот қаулысы қабылданған. Сондай-ақ, 116 адамға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, 91 адамға ескерту жасалған, ал әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмағандықтан, 7 адам жауапкершіліктен босатылған. Егер, бұл жазаның қатал немесе жұмсақ екендігін өзге елдермен салыстырсақ: Ресейде карантинді бұзғаны үшін жеке тұлға 15 мыңнан 40…
Құрметті отандастар!Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр.Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады.Бүгінде 177 мемлекетте 800 мыңға жуық адам осы дертке шалдықты.Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда.Біз төтенше жағдай жариялап, Қазақстанда вирустың жаппай таралуына жол бермедік.Соның арқасында ахуалды бақылауда ұстап отырмыз.Халқы Қазақстанмен шамалас кейбір елдерде коронавирусқа шалдыққандар ондаған есе көп.Мен елорда мен Алматыда ғана емес, еліміздің барлық өңірінде карантинді күшейтуді тапсырдым.Барша қазақстандықтарға сабыр сақтап, түсіністік танытқаны үшін алғысымды айтамын.Біз дүрбелең тудыруға жол бермейміз.Дәл осы кезде халық мемлекетке қолдау көрсетуі керек.Бұл – аса маңызды.Коронавирус – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын қауіпті дерт.Дегенмен, біз індетке шалдыққан адамдарға барлық қажетті көмекті көрсетеміз.Бүгінде…