«Ырыс қайда барасың? Ынтымаққа барамын!» дейді халықтың әпсанасы. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген де қазақтың дана сөзі бар. Шындығында, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі экономикалық-әлеуметтік салаларындағы тұтас жетістіктері тек ынтымақтасықтың, сол ынтымақ арқылы келетін тұрақтылықтың арқасында ғана орын алды. Мамырдың алғашқы күні – Қазақстан халқының бірлігі мерекесін жаңа тұрпатта тойлау қажет. «Көктемгі 1 Мамыр мерекесі біздің елдегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыра түсуі тиіс. Бұл біздің туған Қазақстанымыздағы 20 жылда құрған негізгі мерекеміз болады. Бірінші мамыр – бірліктің ерекше мерекесі. Сондықтан да, мамырда тұтас ай бойы жақындасудың барлық жаңа жолдарын байқап көру керек. Ал тұрақтылық болмаған жерде даму да болмайтынына қазіргі жер жаһанда…
Author: Pressa
1998 жылы қабылданған «Отбасы және неке туралы» заң отбасылық құқықтың қайнар көзі болып табылады. Мұнда бұған дейінгі заң бойынша жұбайлардың ортақ меншіктік қатынастарының қолданыстағы режимі қайта қаралып, кәмелетке толмаған ата-аналардың мүдделерін қорғау мақсатымен неке жасы екі жасқа дейін төмендетілді, жұбайлардың қос фамилия алуына мүмкіндік берілді, алимент төлеу саласына да біраз жаңалықтар енгізілді. Кейбір жағдайларда отбасылық қатынастарға азаматтық құқық нормалары да қолданылуы мүмкін. Неке бұзу туралы азаматтық істерді қарағанда соттың бар мүмкіншілігі сот мәжілісінде екі жақты татуластыру үшін әрекет жасауға мүдделі, екі жұбайдың көңілдерін, олардың талап-тілектерін егжей-тегжейіне дейін зерттеп, не олардың некесін айыру қажет, не екеуін татуластыру мақсатын көзден, алты айға…
Медиатор Бақыт Түсіпбекова: Соңғы жылдары біздің қоғамда медиация ұғымы азаматтық құқықтық қарым-қатынас кеңістігінде көп қолданып, тілдік қорымызда жиі пайдалана бастадық. «Медиация» термині латынның «mediare» орта сызық немесе делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Бұл – үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Қазақы түсінікке сәйкестіндірсек екі жаққа да ортақ, дау-дамайда айтысушыларды мəмілеге келтіру арқылы тең шешім қабылдаудың ара ағайындығы. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы қаңтар айының 28-інде қабылданған «Медиация туралы» Заңы сот жүйесінде дауды баламалы шешудің осы тəсілін пайдалануға бағытталған. Құқықтық құжат медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің тəсілі мен тəртібін анықтайды. Дауды реттеу…
Әр елдің қалыптасуы мен дамуында үлкен орын ала-тын, ата заң мен, құқықтар жинағы болып табылады. Әрбір мәдениетті, ілімді-білімді халықтың, саналы адам деңгейін көрсететін нақты өлшемдердің бірі – ол халықтың өзіндік құқығы мен төл заңдарының болу-ында. Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қол-данылу тарихы тереңде жа-тыр және оның өзіндік қай-таланбас ерекшеліктері бар. Бәрімізге белгілі еліміздің заң құқықтары халықтың салт дәстүрі мен құндылықтарының негізінде құралған. Сан ғасырлар бойы еліміздің өмірінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен құ-қықтық қатынастардың да-муына шешен билер өз үле-сін қосқан. Шын мәніндегі би атанған кісілер – қазақ халқының тарихында қай-таланбас ерекше, біртуар тарихи тұлғалар, өз зама-нында халық би деп таны-ғандар – шешендігі…
Қазақтың билер соты өзі-нің шынайылығымен ха-лыққа ең жақын құқықтық орган болған. Құқықтық құрылымы және сот ісін жүргізуде өзіндік қалып-тасқан бай тарихы бар, әлемдік үлгідегі классика-лық соттарға қай жағынан да үйлесе алатын бірегей сот жүйесі екеніне дүние жүзіндегі ғалымдар нақты көз жеткізді. Қазақ елінің мыңдаған жылдардан бері ғасырдан – ғасырға ұласып келе жатқан мемлекеттік билігінде би-лер сотының алар орны ерекше. Шынайы халықтық үлгіде құрылып, ежелден елді кәдет-ғұрыпқа негіз-делген дәстүрлі құқық нор-маларын берік ұстанған бұл сот жүйесі ұлттық санамыз-дағы ұзақ жылғы даму эва-люциясында тек әділдік пен ақиқаттың айқын көрінісі ретінде мызғымай келді. Ұлтымыздың өзіне тән осындай құқықтық мәдени-еті, оның халық алдындағы беделі…
Даже в случае выигрыша судебная тяжба может стать настоящим бедствием. Только в США оплата услуг адвокатов «съедает» порядка 20 млрд долл. в год, и это без учета потерь, связанных с отвлечением от продуктивной работы ключевых специалистов, с разрушением взаимовыгодных деловых связей. Но все больше руководителей начинают понимать, что судебных процессов можно избежать, если творчески применять методы альтернативного разрешения споров, или АРС. Все формы АРС направлены на то, чтобы добиться двух вещей: сохранить время и деньги и сгладить острые углы судебной системы США, основанной на принципе состязательности в суде. За счет использования АРС в большинстве случаев участники спора разрешают разногласия быстро…
Созақ аудандық сотында, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы мен Түркістан облысы, Созақ ауданының тұрғындары «виртуалды» түрде «Онлайн-татуласу» жобасы арқылы медиациялық бітімге келді. Атап айтқанда, талапкер Жамбыл облысы, Жуалы ауданының тұрғыны М.С жауапкер Түркістан облысы, Созақ ауданының тұрғыны С.Ш-дан материалдық шығынды өндіру туралы талап арыз түсірген. Істі қарау барысында, елімізде карантиннің енгізілуіне байланысты тараптар сот отырысына қашықтықтан «виртуалды» түрде қатысып, оларға медиацияның тиімділігі түсіндірілді, нәтижесінде «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы аясында «Онлайн-татуласу» жобасы арқылы тараптар медиациялық келісімге келді. Елімізде карантин кезінде ел азаматтарының конституциялық құқықтарын соттар арқылы қорғау үшін IT-технология кеңінен қолданылуда, мұндай жұмыстың жаңа форматы дәл қазіргідей карантин уақытында өз тиімділігін…
Қоғам мен мемлекеттің қалыпты және тұрақты дамуы салауатты отбасылық-тұрмыстық қатынастарға тікелей байланысты. Өкінішке орай, төтенше жағдай режимі оқшаулану адамдарға отбасында жанжалдар туындайды, балалар зардап шегу жағымсыз салдарына әкеп соқтырды. Әйелдер мен балаларды қатыгез қараудан қорғау отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, үй зорлығының құрбандарына көмек көрсету және салауатты қарым-қатынасты қолдау мақсатында маңызды міндет болып табылатындықтан, Батыс Қазақстан облыстық сотының бастамасымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты жұмыс тобы құрылды. Топ құрамына Батыс Қазақстан облысының судьялары, прокуратура, ішкі істер, білім басқармасының, БҚО әкімінің жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, Медиаторлар одағының, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының, «Қиын өмірлік…
Жоғарғы Сот Төрағасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Өкімімен бекітілген 7 басым жобаның қатарында сот жүйесін цифрландыруға бағытталған SMART-сот (Е-сот) жобасы да болды. Осы жобаға сәйкес Республика соттарын цифрландыру мақсатында Жоғарғы Сот Аппараты басшысының бастамасымен сот жүйесінің ІТ-қызметтерін жоғары деңгейге жеткізу бағытында бірқатар жобалар іске асырылып, электрондық сот төрелігінің базалық компоненттері құрылды. Бұл жөнінде, 2018 жылы 28 қыркүйекте ЖС-та Парламент депутаттарының қатысуымен өткен «Соттар мен құқық қорғау органдарын цифрландыруды құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбындағы жиында ЖС Төрағасы Ж.Асанов: «Сот төрелігінің жеті түйіні» шеңберіндегі SMART-сот бағдарламасы сәтті іске асырылуда. Цифрландыру үрдіс емес, бұл – күнделікті қалыпты жағдай. Қазір Интернет арқылы 6,5 млн. сот…
Адамзат баласының өмірін жаһандану деген ғаламат ұғым билеп, санамызға әбден сіңісіп, тұрмысымызға қонақтап қалған тұста да өз құндылығын асыра түсетін ғұмырлық мәселелер бар. Олар сол дәуір үшін ұлық саналатын кез келген дүниелердің көлеңке қалтарысында қалып қоймайтынын сеніммен айта аламын. Сондай жаныма жақын әрі өзекті тақырып – тіл жайы. Нағыз елжанды, ұлтжанды тұлғалардың даналық тұжырымдарына көз жүгіртсем, туған тілді қорғау Отанды қорғаумен бірдей екеніне, Отаныңды дұшпан жаулап алса, оны азат етуге болатынын, ал халықтың жаны саналатын тіл жауланса – ол барлық нәрсенің ақыры екендігін шегелей жеткізген тұжырымдары да мені терең ойға жетелейді. Бұдан әрбір саналы жан тілін, оның тазалығын сақтауға, атап…