Author: Pressa

Байзақ аудандық сотының төрағасы Е.У.Тилеубековтың қатысуымен тергеп-тексеру барысында медиацияның қолданылуын жандандыру мақсатында онлайн режимінде «Дөңгелек үстел» өткізілді. «Дөңгелек үстелге» судья А.С.Назаркулов, Байзақ аудандық Билер кеңесінің төрағасы М.Болатбеков, Билер кеңесінің мүшелері Р.Азизов, Ж.Құмғанбаев, Байзақ аудандық прокуратурасының прокуроры Е.Тұрғынбайұлы, Байзақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ж.Мамытов қатысты. Іс-шара барысында Е.У.Тилеубеков Қазақстан Республикасы президенті Қ.К.Тоқаевтың 01.09.2020 жылғы Жолдауында айтып өткен медиация институтын жандандыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы тараптардың бітімгершілікке келіп, қысқартылуға жататын санаттағы қылмыстық істерді медиация тәртібімен қысқартуда Билер кеңесін қоса отырып қысқарту қажеттігі бойынша тоқталды. Төрағалық етуші аталған іс-шараға қатысушылардың тапсырманы бірлесіп орындау қажеттілігін,…

Read More

Убайдуллаева Рано Махсұдқызы, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толды. Ол қоғамымыз үшін маңызы зор көптеген кеңестер мен орталықтарды, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық бірлестіктерді біріктіріп отыр. Осынау қоғамдық институт құрылғалы бері келелі мәселелердің шешілуіне мұрындық болған істер өте көп. Ассамблея мемлекеттік тілді дамытуға да, медиацияны өркендетуге де, қайырымдылықты жандандыруға да, қоғамдағы ірілі-ұсақты мәселелерді шешуге де көшбасшы болып келеді. Ассамблеяға артылған қай міндет болмасын, еліміздің біртұтастығына ықпал етіп отыр. Қасиетін халқы таныған, киесін көпұлтты жұрты мойындаған Әулиеата жері – қашан да татулық пен бірліктің, ынтымақ пен өзара келісімнің ордасы болған…

Read More

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары –ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Биыл еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуде. Елбасы құрған бірегей институт айтулы дата аясында Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатының мәні мен мақсатын ашып көрсете отырып, Қазақстан халқын біріктіруге басымдық берді. Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің, ішкі тұрақтылық пен этносаралық қатынастардың, мәдениетаралық диалог пен толеранттық көзқарастардың ілгерілеуіне ықпал етті. Елбасының Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы, мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар – Ассамблеяның барлық бағыттағы жұмыстарының бастауында тұрды.Әлемдегі қазіргі ахуал татулықты ту еткен Қазақстанның өз даму жолын сенімді таңдағанын айқын дәлелдеп…

Read More

Жоғарғы Сот Ф.Эберт атындағы Герман қорымен және ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен «Соттардың БАҚ-пен өзара байланысы» тақырыбында сарапшылар кездесуін ұйымдастырды. Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары, заңгерлер қауымдастығының өкілдері, сот-құқық тақырыбына маманданған журналистер мен блогерлер қатысты. Жоғарғы Соттың өкілдері Аслан Түкиев, Назгүл Рахметуллина, Елена Максюта, Елдос Жұмақсанов пен Айдос Садуақасов сот ісін жүргізудің ашықтығы мен жариялылығы қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар сот ақпаратына қол жеткізу мәселелерін, жариялылық туралы нормативтік қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды талқылады. Судьялардың съезінен кейін кейбір блогерлер «Сот істерін дауға айналдыру» ұғымын қоғамға біржақты жеткізгенін айта келе, А.Түкиев осы бағытта түсініктеме берді. Сындарлы әңгіме барысында Жоғарғы…

Read More

Әкімшілік әділет институтын құру идеясын Мемлекет Басшысы өзінің былтырғы Жолдауында айтқан болатын. Соған байланысты, Жоғарғы Сот пен Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің (бұдан әрі ─ ӘРПК) жобасын әзірлеп, дайындап Парламентке ұсынған тұғын. Парламент бұл Кодексті талқылап, қабылдаған соң, биылғы 29 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа ӘРПК-ға қол қойған болатын. Бұл Кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Демек, келесі жылы Қазақстанда әкімшілік сот ісін жүргізудің жаңа түрі енгізіледі. Осылайша елімізде сот төрелігінің бір жүйесі ретінде әкімшілік әділет (юстиция) институты енгізіледі. Бұл Кодексті қабылдағанда Қазақстандық заң шығарушылар Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйенген. Мысалы, Германияның сот жүйесі арнайы тәуелсіз әкімшілік…

Read More

24 желтоқсанда даңқты қазақ батыры, жауынгер, əскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды Осыған орай, қазақтың біртуар тұлғасының халықты ынтымаққа, əділдікке, тəртіпке шақырған қанатты сөздерінің топтамасын назарларыңызға ұсынамыз. Ерлік – табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін! Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды. Ана үшін аянба – ант ұрады.Бала үшін аянба – бетің күйеді.Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын. Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып…

Read More

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған. Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударылды. Елбасы әсіресе, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің бүгінгі дамуына тоқталып, оны ары қарай жандандырудың негізгі жолдарын айқындады. Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдаудың маңызды элементі Мемлекет басшысының 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық рақымшылық жасау туралы тапсырмасы болып табылады. Салықтың негізгі сомасын төлеу кезіндегі осы шара шағын және орта бизнеске айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша берешектік тазартуға және жұмысты таза парақтан бастауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Елбасы өз Жолдауында отандық тауар өндірушілердің өнімін…

Read More

Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы бастау алды. Аталған акцияның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мен құқықтық тәрбиені насихаттау мақсатында өрбіді. Акция аясында Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Айгүл Қалиеваның ұйымдастыруымен Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының бас маманы Л.Омарова, «Ана үйі» координаторы Қ.Тунтекова, «Сана-Сезім» құқықтық әйелдер бастамалары орталығының өкілі Э.Еникеева, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін Самғау сенім» орталығының мамандары М.Шарипова, Ж.Смайлова, психолог М.Утенова, «Медиация, құқық және психологиялық…

Read More

Ажырасқан ерлі-зайып­тылар әңгіме барысын­да көбінесе өзінің бұ­рынғы жартысын көпте­ген салаларда білімді адам ретінде сипат­тайды: «Ойбоо-ой!Егер сіз оны тыңдасаңыз, ол соншалықты жа­н-жақты адам, сіз таң­данасыз…».Бірақ со­нымен қатар бұрынғы жұбайының отбасылық әл-ауқаттың негізін орнату туралы білімі­нің жетіспеушілігін білд­іретін заттар айтады.Мектепте жоғ­ары математиканы, эс­тетиканы, астрономия­ны үйретеді, ал отба­сын қалай құруды және сақтауды үйретпе­йді,бәрі физик, хими­к, тарихшы бола берм­ейді ғой, бірақ бәрі де отбасылы болады. Мектеп медалінің иег­ері, содан кейін беде­лді университеттің түлегі болған тұлғаны­,жұбайымен ізгі қары­м-қатынас құра алмағ­андығынан туындаған жағдайлар оны қоршаған ортаның сый- құрме­тіне ие болушылар тобының тұғырынан лақтырып тастайды және әлеуметтік оқш­ауланған адамдардың жайғасымына төмендетеді, өйткені олар қаз­ір өткір сын мен…

Read More

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Отан-отбасынан басталады. Ал сол шаңырақтың берік болуы отбасылық құндылықтарға, тәлім тәрбиеге байланысты. Жастарды ұлттық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Үлгілі отбасын құрып, адал ұрпақ өсіру – кімнің де болса, ең бірінші алға қойған үлкен мақсаты әрі асыл арманы болса керек. ​Танымал Американдық әлеуметтанушы мен психолог Констанция Аронс әлемде әрбір 13 секунд сайын бір…

Read More