• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Әкімшілік юстиция және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттары
Ақпарат

Әкімшілік юстиция және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттары

halyqmediatoryBy halyqmediatory27.08.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әкімшілік юстиция-мемлекеттік басқару жүйесіндегі заңдылықтың сақталуына мониторинг жүргізу үшін арнайы органдардың немесе арнайы соттардың жүйесі, яғни бір жағынан азамат немесе ұйым, ал екінші жағынан мемлекеттік орган арасындағы әкімшілік және құқықтық дауларды шешудің  арнайы рәсімдік процедурасы. Әлемнің көптеген елдерінде осындай жүйе құрылған. Әкімшілік әділеттілік заңның үстемдігінің, мемлекеттік басқарудың және әкімшілік құқықтың маңызды сипаты болып табылады.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (әрі қарай-АРПК) жеке азаматтар мен бизнестің әкімшілік органдармен дауларды шешу тәртібін реттейді.

Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.

Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу АРПК-де  баяндалған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады.

Қағидаттардың қатарында сенім құқығын қорғау, мөлшерлестік, құқықтардың басымдығы, ресми талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу қағидаттары бар.

Мемлекеттік органдарымен дауласу барысында тараптарға татуласу мүмкіндігі берілген. Әкімшілік сот ісін жүргізу мен сот шешімін орындаудың ақылға қонымды мерзімін атауға болады.

Сонымен қатар, шешімнің орындалмағаны үшін сот мемлекеттік органга және кез келген шенеунікке айыппұл сала алады.

Әкімшілік әділет жүйесін енгізу маңызды реформа және бұл халық үніне құлақ асатын мемлекет құрудың тиімді құралы болып табылатынын ескеру қажет.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ерназарова Гүлжан Әзіретқызы

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleКонтрафактілік өнімдер елдің экономикасына кері әсерін тигізуде
Next Article Жастар үйленуге дайын ба?
halyqmediatory

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.