• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Абай: «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған бәлеге жолығар»
Ақпарат

Абай: «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған бәлеге жолығар»

PressaBy Pressa30.09.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазіргі кезде қоғамда дау-дамай көп екені жасырын емес. Жұрттың көбісі өз мәселесін сот арқылы шешкісі келеді.


Елбасы, Мемлекет басшысы қоғамдағы ұсақ-түйек дауларды бітіммен шешудің баламалы тәсілдерін қарастыру туралы тапсырма жүктегені белгілі.


Жоғарғы Сот қоғамдағы дау-дамай деңгейін төмендету үшін татуластыру рәсімдерін кеңінен қолданысқа енгізуде.
Нәтиже қандай?


Атқарылған іс-шаралар жөнінде Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов былай тарқатады.


– Хакім Абай: «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған бәлеге жолығар» деген. Ағайын арасындағы, отбасы айналасындағы, т.б. азғантай дауды ушықтырмай, өзара келісіммен, бітіммен шешкенге не жетсін.


Жоғарғы Соттың «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы бойынша соңғы екі жылдан астам уақыт жүргізілген жұмыстар нәтижесін беруде.


Жоба 2018 жылы басталды. Содан бері 86 053 іс қаралды, татуласу рәсімдері 24159 іс бойынша жүргізілді.


Бастапқыда пилоттық жобаға республикадағы 97 сот қатысты, 118 татуластырушы-судья даудың бітіммен аяқталуына белсене атсалысты.


Бүгінде біздің бастамамызбен еліміздің 17 өңірінде 47 татуласу орталығы ашылып, 413 билер кеңесі құрылған.


Соның арқасында даулардың 28 пайызы сотқа дейін татуласумен аяқталды. АПК-ға түзетулер енгізіліп, жоба тұрақты сипат алып отыр.
Бұдан басқа, «Отбасылық сот» жобасы 2019 жылы басталса, «Түнгі соттар» жобасы 2018 жылғы маусымнан 2019 жылғы желтоқсанға дейін жүргізілді. Нәтижесінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда ӘҚБтК-ке түзетулер енгізілді.


Маусымның 10-ында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Азаматтық процестік кодекске түзетулерге қол қойды.


Ең бастысы, судьяның процестегі рөлі өзгереді. Оның белсенділігі артты, жауапкершілігі күшейді. Судьяны талап арыз қыспағынан шығармайтын шектеулер келмеске кетті. Судья істің шынайы мән-жайын анықтау үшін қосымша дәлелдемелерді сұратуға құқылы. Өз бетінше ақиқатқа көз жеткізуге ұмтылып, процесс барысында тараптардың уәждеріне қатысты өз ойын айта алады.


Бір сөзбен айтсам, жаңа түзетулерге сәйкес енді адам құқығын сотта қорғау деңгейі арта түседі.


Тағы бір үлкен мәселе. Мысалы, дамыған елдер әкімшілік юстицияны енгізген. Біз де сондай заңды қабылдауға бастамашы болдық.


Мемлекет басшысы 29 маусымда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске қол қойды.


Біздің құқықтық жүйемізде бұл жаңа құжат.


Оның мәні – сотқа талап арыз берген адам емес, керісінше, мемлекеттік орган өз шешімін не әрекетін түсіндіріп, дәлелдеуге міндетті.


Заң тілімен айтсақ, «мемлекеттік органның кінәлілігі презумпциясы» енгізіледі.


Әкімшілік әділет мемлекеттік органдардың адамдар мен бизнеске көзқарасын жақсартады.

Заң бойынша сот алдында бәрі тең десек те, іс жүзінде қарапайым адам мен мемлекеттік органның кадрлық, қаржылық, басқа ресурстарын салыстыруға келмейді. Енді мұндай теңсіздік жойылмақ.
Жалпы, біз азаматтардың өз құқығын қорғау үшін сотқа шағым түсіруінен қашқақтап отырған жоқпыз. Онсыз да сотқа шағымданатындар азаймайтыны түсінікті.


Біздің мақсатымыз – соттарда қаралатын күрделі істер мен материалдардың сапалы қаралуына қол жеткізу.


Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, – деп түйіндеді сөзін Жақып Қажыманұлы.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleМедиаторы-волонтеры АНК через соцсети помогают казахстанцам решать споры
Next Article Жергілікті соттарда медиация мәселесі күн тәртібінен түскен емес
Pressa

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.