Абай бүкіл әлемдік құбылыс, тек Түркі тілдес халықтардың ғана емес басқа елдердегі халықтарының да классик ақыны деп санауға болады. Мына ағылшындар Чкося дейтін ақынын ағылшын әдеби тілінің негізін қалаушы деп санайды. Біздің қазақ халқы қазақ ұлты Абайды қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы деп таниды. Дүние жүзінде сөздік қоры жағынан ең бай тіл араб тілі болса, екінші орында ағылшын үшінші орында қазақ тілі деген дерек бар. Бұның өзі оңай олжа емес, терең байлық. Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынов өзіне ұстаз санаған Қырым одақта татар госпаража орыстар госпоринский деп атайды өзінің бір еңбегінде қазақтың тілі Шыңғысханның шабуылынан кейін де көп өзгеріске ұшыраған жоқ деп жазыпты. Орта ғасырдағы Шыңғысқанның жорығынан кейінде-ақ қазақтың тілі көп өзгеріске ұшырамаса ол ілгеріден қалыптасып қалған тіл деп айтуға біз толық құқылымыз. Сондықтан Абайдың тіліне әдеби тіліне тоқтамастан бұрын Абай өленді қай уақыттан жаза бастады деген бір мәселеге көңіл аударайық. Осы қазақ қаламгерлердің арасында зерттеушілердің арасында Абай өлеңді 40 тан асқанда жазды 40 жасынан бастап жазды деген бір қауөсет кезіп жүр. Менімше бұл дұрыс емес. Абай өлеңді ерте бастаған бұл жөнінде әдебиет зерттеушілердің арасында екі түрлі пікір бар. Бірінші пікір Абай өлеңдері бір мың сегізжүз ия Абай өлеңді алдыменен 1859 жылы 14 жасында жазды деп. Екінші пікір бұған қарама қайшы Абай өлеңді 10 жасынан бастап жазды деп Абайдың толық шығармалар жинағынан сол өлең бірінші қойылған сол 10 жасында жазды деген өлеңге тоқталайық. Кім екен деп келіп ем түйе қуған, Қатын ғой күлдәрімен белін буған. Төркініңнің бергені жауыр айғыр, Бауырыңды ұрайын бірге туған. Абайдың 10 жасында жазған өлеңі деп – менімше осы пікір қате сияқты. Екінші пікір Абай тұыңғыш өлеңін 1859 жылы 14 жасында жазды деген осы пікір құлаққа енетін сияқты. Өйткені Абайдың өмірбаянымен қисындастырсақ Абай 1855-56 жалдары ауыл медрессесінде, содан кейін 57-58 жылы Семейдегі Медреседе ескіше сабақ алғаны белгілі. Бірінші өлең әлгінде мен келтірген Кім екен деп келіп ем Түйе қуған бұл таза қазақтың-менімше бұл Абайдың қазақ поэзиясын қазақтың тілін парсы сөздерінен араб сөздерінен қазақтық болғанынан кейін дүниеге келген сияқты. Әлгі медреседе оқып жүрген Абайдың арабша менен парсы тіліменен танысуы заңды құбылыс деп білемін. Сол 1859 жылы бала Абайдың санасына Фюзили Шамси Сайхали Науаий Сағни Фердауси кіреді. Қожахмет Хапиздерде алынады. Осылардан медет сұрайды. Менімше осы өлең медреседе оқып жүріп сауат ашқаннан кейінгі Абайдың бірінші жазған өлеңі ғой деп ойлаймын. Өйткені бұның барлығында қазақтың бір сөзі жоқ сол ескіше оқу ескіше танылу әсері. Екінші өлең Абайдың кеінгі жазған екінші өлеңі.
Шығыс ақындарынша дейтін бір өлеңі бар, одан кейін дейтін үшінші өлең бар. Бұл үш өлеңнің барлығыда Араб, Парсы сөздерінен тұрған демек Абай әлі біздің поэзиямызды шет тілдерден тазартуға дең қоймаған кезінде деп ойлаймын. Абай поэзияға шындап кіріскеннен кейін шетелдің кірме сөздерін әдебиеттен сырып тастау ол кісінің бас аурына айналды. Ол міндетті жақсы орындап шықты деп олаймын, өйткені Абай қазақтың әдеби тілінің негізін қалап берді. Неге дейсіз енді қай тілдеде болсын оның ережесіне қолдану тәртібіне байланысты әр сөздің орналасу орны болады. Мәселенки бастауыштан басталып толықтауыштан толықтырып анықтауыштан анықталып барып баяндауыш сөздің соңында кетеді.Қазақ поэзиясындағы қазақтың сөйлеу тіліндегі осы дәстүрді бірінші рет менің ойымша бұзып жаңа сөз жасаған. Жаңа сөз тіркестерін жасаған, жаңа сөйлем жасаған Ұлы Абай болды. Мәселенкин ел жамаған билік жоқ, ел қыдырып самғалды диді Абай. Өте әлеуметтік өмірді аз сөзбен тілден мағыналап жасалған екі ойлау.Мұндағы ел жамаған билік жоқ дегендегі ел жамаған Абай жасаған жаңа тіркес. Бұған дейін біз қазақ бәлкім киім жамау, етік жамау деген сөздерді қолдансақ қолданған шығар. Ал ел жамау деген сөзді ел бүтіндеу деген сөзді Абай бірінші рет қолданып отыр. Содан кейін Абайдың классик ақын болатыны Абай инессияға яғни өлеңдегі ішкі дүниесінде епкінге аса маңыз берген ақын болды. Мен өз басым сөз қайталаудан қорқамын үлкенкемшілігім шығар, ал бірақ Ұлы Абай жүрек деген сөзді өзінің шығармаларында 80-рет көңіл деген сөзді 113-рет қолданыпты. Бұның барлығы өлеңнің екпіні үшін бірақ Абай қолданғанда бұрынғы қазақ ақындарындағыдай әйтеуір буын санын толтыру үшін әйтпесем ырғақ үшін қолданбай мазмұнды ашып көрсететін сөз ретінде қолданған. Игнессия дегенде салыстыра кетейін қазақтың ауыз әдебиетінде сарманымды деген ендеше сарманымды сасық көлге қамаймын бар малымды дейтін шумақ жолы бар осындағы сарманымды ендеше сарманымды деген сөз неғып жүр ештене білдірмейді удыр түсініксіз тек қана жолды толтыру үшін қолданылған ақынның шала саутаттылығы.
Ал Абай қайталаған әрбір сөз мәнге мазмұнға ие болып отырады бұлар жаңашадан жаңаша мазмұн береді. Мысалы үшін единица жақсысысы ерге ерік билігін дейтін метафора жасады Абай. Осындағы единица жақсысы ерге ерік билігін, бұл метафораның жаңағы ішкі екпіні тас түйін боп түйілген түйіні кейінгі ақындардың барлығына сабақ. Абайдың классик ақын болатыны бір мысалы өзіне дейінгі ауыз әдебиетінің қорын жетік білгендігі оны жаңаша түрлендіріп жаңаша биікке көтере білгендігі. Енді Абайға дейтін шендестіру тәсілі болмады деп айтсақ ол ауыз әдебиетінің өкілдереріне обал болады Қазақстандықтардың арасынан Уфада алғаш басылған «Ер Тарғындағы» Ақжүністің сөзін көпшілік біледі кейіннен бұл сөз Еуропадағы бір тілге аударылып айып басып кетті сол Ақжүністің сөзін қараңыз қара жерге қар жауар , қарды көрде етім көр. Қар үстіне қан тамар қарды көрде бетім көр. Бұл керемет нәрсе керемет теңдестіру қарменен етті, қанменен бетті бірақ мұнда кемшілік барма Абай осы өлеңнің өзінен кемшілік көрді деп ойлаймын.
Өйткені мұнда дидаттикалық сарын басым таппақтау басым. Бұл өлең не сырттай салыстыру ғана бар ішкі күй жоқ. Абай осыны біліп шеңдестіруге келгенде ішкі күйді білдіретін керемет метафоралық жолдар жасады. Дәл осы қармен қанға байланысты енді Абай қалай гүлдендірді дейсіз аз ғана азық ретінде пайдалана отырып, Абай қар аппақ, бүркіт қара ,түлкі қызыл метафора жасады ұқсайды қасса сұлу шомылғанға Абайда өмір бар қимыл бар сырттай салыстыру емес бұның бүркіті де әрекеттің үстінде қара-аппақ болып жатыр. Қасса сұлу шомылып отырған Түлкі ұқсайды дейді деп айтуға болады. Абай қазақ поэзиясындағы тұңғыш психолог ақын. Ол кісі сырттай ғана сурет жасамай адамның көңіл күйін ішіне кіріп зерттей білген. Мәселенки Абайдағы бір-біріне ынтығу болып келетін бір суып, бір ысып, бір үміт, бір қауып , бір суынып бір ысып деген түрдегі шендестірулер Абайға дейін қазақ әдебиетінің тарихында болған емес. Егер осы мен келтіріп отырған жоғарыдағы қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл ұқсайды деген жолды өз алдына ойып алып бір жерге іліп қойсаңыз да артық сөзсіз керемет өлең жолы болып тұра береді деп ойлаймын. Абайда әдеби тілді салу үшін, негізін қалау үшін Абай қазақтың әдеттегі тілдегі созбаландану тәсілін өзгертті Абай. Мысалы үшін: келдік талай жасқа енді кіруге оралдық көрге дейтін екі жолға қараймыз. Мұндада жаңағы Игнессия бар Келдік кіруге дейтін нәрселер.
Осында Абай тілді жинақтау үшін сөзді әдейі тастап кетті бұл сөз, назар аударыңыздар келдік талай жерге ендің кіруге қалдық көрге енді дейтінде осында бір сөз жоқ Абай бұны әдейі тастады деп ойлау керек. Өйткені тіл жинақтап өзі айтатын жүрекке жылы келетін айналасы теп-тегіс болу үшін тастады ол сөзді. Кіруге қалдық көрге енді осындағы сөз жаңағы қолдану тәртібі бұрынғы қазақтың сөз қолдануы ол былайша тырнақшаның ішіне алғанда Абайдың тарапынан бұзылып тұр қазақ сөйлесе көрге кіруге сәл ақ қалдық жақындап қалдық деп сөйлер еді. Осында Абай тастап кеткен сөз сәл ақ жақын деп деген сөз болса керек бірақ оны олай етпейді Абай кіруге қалдық көрге енді дегеннен бәрібір түсінікті жақындап қалдық деген сөз арифметикамен айтқанда біздің ойымызда тұратын бір сан сияқты болып қалады. Бұл өлеңдердің барлығында да байқап отырған шығарсыздар баяндауыш алдында бастауыш соңында.
Бұл үлгіні қазақ орыс поэзиясында болмады десек ауыз әдебиет ақындарына тағыда біз қиянат жасаған боламыз бұндай үлгі қазақтың ауыз әдебиетінде болды. Қамбар батыр жырындағы Патша айтты Қамбарға өлтірейін деп едім көрдіңіз ба баяндауыштан басталып тұр Патша айтты қамбарға өлтірейін деп едім. Мұндада екі сөз баяндауыштан басталып тұр сол сияқты Қамбар айтты Падишам.
Атыммен тасып ауылды қондырып едің көшіріп дид мұндағы Қамбар айтты Патша айтты дейтін сөздер ішкі сөз қайталау деймізба игреция үшін дауысты керек болып тұрған сөздер деп ойлаймын мен. Мұндай нәрсені қазақ әдебиетінде де кейінгі біздің кәзіргі жазба деректерімізде сәтті ұштастырған ақындар болды. Сөз қайталаудан қорықпай Абай күй тәсілімен жазсса кейбір өлеңдерін осыны бізде Төлеген Айбергенов «Вокзалдар» дейтін өлеңінде өтте сәтті қолданды. Вокзалдар ару ақ залдар. Ақзалдар ару вокзалдар тілеулес жерге аттандың тілеңдер маған-ақ жолдар. Осындағы сөздерге қарасаңыз қайталанып отырған екі-үш-ақ сөз вокзалдар ару ақ залдар ақзалдар ару вокзалдар деп қайта бір сөз қайталанып келед күннің тәртібіменен міні Абайдың бүгінгі поэзияға еткен әсері.
Нармахан Бегалы,
Ақын, К.Симонов атындағы
Халықаралық сыйлығының,
«Алаш» Халықаралық әдеби
сыйлығының лауреаты