• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » AБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛДЫ АБАЙ – ШЕКСІЗ ӘЛЕМ
Әдебиет

AБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 175 ЖЫЛ ТОЛДЫ АБАЙ – ШЕКСІЗ ӘЛЕМ

PressaBy Pressa01.09.2020Еш пікір жоқ4 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

АБАЙ – ШЕКСІЗ ШЕТСІЗ ӘЛЕМ. БІЗ АБАЙДЫ АҚЫН, ОЙШЫЛ, ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЗБА ПОЭЗИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ДЕП БІЛЕМІЗ. АЛ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ЖАЙЛЫ КӨП АЙТА БЕРМЕЙДІ.

Көшпелі қазақ қоғамы қандай қиындық көрсе де «далалық құқықтық тәртіптің» сақталуы арқылы ерекшеленген. Ресей империясының отарлау саясаты жолындағы үлкен кедергі осы болған. Сол себепті Патша өкіметі далалық аймаққа әкімшілік басқару тәртіптерін енгізу, сол арқылы дәстүрлі билер сотын әлсіретуге бағытталған шаралар жүргізуді ұдайы назарда ұстап отырғаны тарихтан белгілі.

Соның бірі 1868 жылдың 21 қазанындағы «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарындағы басқару туралы Уақытша Ережелермен» заңдастырылған. Далалық халық судьяларының билер съезін патша өкіметі енгізген болатын.

Солардың бірі 1885 жылы Семей облысының уезд аралық төтенше билер съезіне шақырылуы. Аталған съезд мамыр айында Шар өзенінің бойында Қарамола деген жерде болғандықтан «Қарамола съезінде жазылған Ереже» деп көрсетілген. «Кереку, Қарқаралы, Семей, Өскемен, Зайсан уездері арасындағы дауларды шешу үшін шақырылған бұл төтенше билер съезіне ұлы кемеңгер Абай Құнанбаев та қатысқан. Ереженің архивтен алынған нұсқасында 38 би, 5 болыс басқарушылары, Өскемен уезінің бастығы, Семей уезінің бастығы, Зайсан уезі бастығының көмекшісі, Қарқаралы уезі бастығының аға көмекшісі және облыс әскери губернаторы қол қойған. Сонымен қатар аталған уездерден көптеген адамдар, молдалар қатысқан» – деп көрсетілген «Қазақтың ата заңдары» кітабының бесінші томында.

Айтылғандардың тағы бір бұлтартпас дәлелі Найманның Төлегетайынан тарайтын Қаракерей – Байыс – Мұрын – Жолымбет – Назар – Жанболат – Жанай – Байбол – Торғай – Базар – Тілемісұлы Тана мырзаның інісі Есенгелдінің ұлы Қоқаш қажының (1839 – 1922 ж.ж.) өмірінің соңғы кездерінде айтқан мына бір шумақ өлеңі. Өлеңде: «Шүкіршілік туғаныма мың ай болды. Көп жасап өміріме көңілім толды. Бас қосқан орта жүздің жиынында, Алдымда Жұмақан мен Абай болды» – дейді. Жұмақан Зайсан уезінің биі, атақты қарадан шыққан хан Қисық Тезековтың бел баласы. Жұмақан сол төтенше съезде қабылданған «Ережеге» 37-ші, ал Қоқаш 38-ші болып қол қойған. Бұл мәлімет М.Сыдықовтың «Тоғыз таңбалы Найманның Қаракерей шежіресі» кітабында ( VІ том) жазылған. «Қарамола Ережесі» жазылатын уақыттарда (1885) Абай ел жұмысына белсене араласып жүрген. Абай съезде көптің бірі болып отырмағаны белгілі. Осы съездің төбе биі болып, ережені жазған Абай Құнанбаев деуге толық негіз бар. 1885 жылғы Қарамола Ережесі туралы «Үш күннен кейін уезд барлық елді жинап алып, Абайдың жазған жаңа заңын оқытты. Барлығы 73 статья екен. Көпшілік түгел мақұлдады,

Бірауыз сөз қосқан жан болмады» – деп жазады тағы бір сол күндердің куәгері Мүсірәлі Алыбайұлы – Абайдың құдасы. Дүзбембет болысының адамы. Ақынның баласы Мағауияның әйелі – Дәмегей, осы Мүсірәлінің қызы. Империялық аппараттың билерге ереже жазудағы берген еркіндігі негізгі заңдарына қайшы келмеуі тиіс болатын. Егер де патшалық саясатқа немесе заңдарға қайшы келетін нормалар байқалса, өлке басшылары оларды алып тастауды не болмаса сәйкестікке келтіруге құзыретті болған. Осыған қарап, Абайдың ақын, ойшыл, кемеңгерлігінен бөлек қоғам қайраткері, құқықтану саласынан мол білімі бар әділ де, парасатты би, болғанын аңғару қиын емес. Абайдың өзі өмір сүрген дәуірінде жесір дауы, әйел басына азаттық әперуге қатысты талай дауларға түсіп, басы дауға қалғаны мәлім. Осылай күнделікті өмірде өзінен әділет сұрап келгендердің дауын прогресшіл көзқарастарының негізінде шешіп, дәурені өткен әдет-ғұрып нормаларына қарсы қадам жасаған. Түптеп келгенде Абай осы көзқарасын Қарамола Ережесіндегі 46-бапқа «Күйеуі өлген жесір әйел қаласа күйеуінің бір бауырына яки туысқан ағайынына тиеді, егер тимесе ықтияры өзінде», 45-бапқа «Егер қалыңдық қазаға душар болса, онда қалыңдықтың сіңілісі келіскен күнде ғана беріледі, келіспесе күйеулер жағына төлеген қалың малы қайтарылады» – деп тұжырымдаған.

Сондай-ақ, атап өтерлік жаңашылдық – ереженің 17-бабында куәгер ретінде ант беруге жіберілетін адамдардың жас мөлшері туралы норма белгіленген. Ант беруге болыстық молдалар, болыстық басқарушылар және қожалар, жасы 18-ден төмен жастар және жасы 63-тен асып кеткен қариялар жіберілмеген. Құжаттан Абайдың ел билеудің әдет-ғұрыптық құқықты жүйесі мен ислам діні бекіткен заң нормаларын заман талабына сай жаңғырту идеялары айқын көрінеді. Съезде Абайдың ел арасында ғана емес, орыс әкімдері, патша үкіметінің Семейдегі әкімдері арасында да беделі өсе түскендігін тануға болады.

Ұзақбек АТАНБАЕВ, 
Тарбағатай аудандық сотының аға сот приставы
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleМЕДИАЦИЯ – БАБАЛАР МҰРАСЫ НЕМЕСЕ ТАТУЛАСТЫРУ МЕХАНИЗМІ
Next Article ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ БОЙЫНША МЕДИАЦИЯ РӘСІМІН ҚОЛДАН
Pressa

Related Posts

Қазақ батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл

28.12.2020

Қазақ даласында билер сотының құрылуы және олардың атқаратын рөлі

31.10.2020

«Абай қазақ әдеби тілінің негізін салушы»

31.10.2020
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.