• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Тәуелсіздігіміздің кепіліне айналған ата заң.
Дала даналығы

Тәуелсіздігіміздің кепіліне айналған ата заң.

PressaBy Pressa28.06.2020Еш пікір жоқ3 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгінде барлық заңдардың бастауы, қайнар көзі болып табылатын негізгі ата заңымыздың қабылданғанына 25 жыл толды. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады.

30 тамыз 1995 жылы бүкіл халықтық референдумда қабылданған ата заңымыз 25 жыл уақыт аралығында егеменді еліміздің саяси, мәдени, рухани және экономикалық дамуына ауқымды үлес қосып, демократиялық жолмен дамудың негізгі бағыттарын айқындап, құқықтық мемлекет қалыптастыру қағидаларын бекітті. Еліміздің ата заңы ең жас конституциялардың қатарынан болғанымен, ол әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституциялардың қатарына қосылған.

Тарихқа жүгінетін болсақ, қазақ халқында әрқашанда ауызбіршілікті арттырып, билік пен бірлікті қамтамасыз ететін, әділдікті жүзеге асыратын заңдар болған. Атап көрсеткенде, 1511 жылы «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заңдар жинағы қабылданса, 1690 жылы Тәуке хан ел басқару ісіне қажетті «Жеті жарғы» заңдар жинағын қабылдаған. Бұл заңдарда ел ісін реттейтін негізгі қағидалар жазылғандықтан, оларды қазақ халқының алғашқы ата заңдары деп атасақ қателеспейміз. Ең алғашқы Конституция 1926 жылы Қазақ АССР-і Орталық атқару комитетімен тұңғыш рет жазылған, бірақ оны орталық атқару комитеті бекітпеген. Кейіннен 26 наурыз 1937 жылы жалпы қазақ кеңестерінің төтенше съезінде қабылдап бекіткен Конституция елімізде қырық жылдай әрекет еткен. Социализм дәуірінде 1978 жылы қабылданған Конституция тәуелсіздік алған алғашқы жылдарға дейін әрекет еткен. Ал тәуелсіздіктің ең алғашқы жылдарында 28 қаңтар 1993 жылы Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің 9-сессиясында қабылданған Конституция мемлекетімізде қабылданған саяси құқықтық сипаттағы ең алғашқы ресми заң болды. Қабылданған Конституция еліміздің негізгі заңы ретінде мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайтып, экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі дағдарыстан шығару, жас мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастырып, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуі қажет болған. Бірақ тәуелсіз елдің қалыптасуындағы жоғарыда көрсетілген барлық талаптар ең алғашқы қабылданған Конституциямызда қамтылмағандықтан, жаңа ата заң қабылдау қажеттігі туындаған. Яғни алғашқы қабылданған Конституция еліміздегі саяси, әлеуметтік экономикалық үрдістен алшақ қалып, заманның талабына сай келмеді. Сондықтан да 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум өткізу арқылы қазіргі уақытта әрекет ететін негізгі ата заңымыз

қабылданды. Қабылданған ата заңымыз еліміздің өркендеу жолында өз үлесін қосып, аз уақыт ішінде демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет орнатып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық даму жолында да басқа елдер арасында көш бастауға мүмкіндік туғызды. Қарқынды дамып жатқан заман талабына қарай 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары негізгі ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Конституция 9 бөлімнен 98 баптан тұрады. Онда мемлекеттің ең басты құндылығы ретінде адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын қойған. Мемлекеттің бір бастауы халық деп белгілеп, адамның табиғи құқықтарын мойындап, оларды қорғау қажеттілігін қамтыған. Сонымен қатар, ата заңымызда Президенттің, заң шығарушы органның, атқарушы органның, Конституциялық кеңестің өкілеттіктері мен сот төрелігін жүзеге асыратын органның өкілеттіктері нақты көрсетілген. Елімізде қабылданған барлың заң нормалары негізгі ата заңымыздан бастау алған.

Тәуелсіздіктің тірегіне айналған ата заңымызды қатаң ұстанып, оған құрметпен қарап, оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау әрбір азаматтың міндеті мен парызына айналса, еліміздегі бейбітшлік пен татулықтың негізгі тетігін ұстап тұрған ата заңымыздың тұғыры биік болары анық.

Г.А.Әлімқұлова,
 Талас аудандық сотының төрағасы 
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleМЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ТАРАПТАР ТАТУЛАСТЫ
Next Article Медиация рәсімінде жеңімпаз немесе жеңілген тарап болмайды
Pressa

Related Posts

Қазақ даласында билер сотының құрылуы және олардың атқаратын рөлі

31.10.2020

«Абай қазақ әдеби тілінің негізін салушы»

31.10.2020

АУЫЛ БИЛЕРІНЕ МЕДИАЦИЯНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

31.10.2020
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.