ҚР Әділет министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысқа ерікті жастарды тарту бойынша іс-шаралар жоспары Шымкент қаласы Әділет департаментімен әзірленіп, бекітілді.
Департаментпен 2020 жылдың басынан қазіргі таңға дейін зияткерлік меншік құқығы саласында біршама нәтижелі жұмыстар атқарылған.
Зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында біршама насихат жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 тамыздағы №135 Жарлығына сәйкес 2020 жыл Еріктілер жылы болып жарияланды.
Осыған орай, ҚР Әділет министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысқа ерікті жастарды тарту бойынша іс-шаралар жоспары Шымкент қаласы Әділет департаментімен әзірленіп, бекітілді.
Аталған жоспарға сәйкес, бөліммен сауда орталықтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, өндірісітік орындарында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетудің жайын түсіндіріп, оқыту сабақтары жүргізілді. Яғни, тауар таңбаларын тіркеу, қорғау, сондай-ақ контрафактиілік өнімдерді түпнұсқадан қалай ажырату керек екендігі жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар бірнеше семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, БАҚ арқылы сұхбаттар берілді.
Мәселен, Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметкерлері Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Заң факультетінің еріктілерімен бірлесіп Шымкент қаласындағы «Sunrise» сауда орталығында зияткерлік меншік құқықтары бойынша халықтың білімін жетілдіру мақсатында сауалнама жүргізді.
Аталған сауда орталықта студент еріктілер келуші халыққа өткізіліп жатқан іс-шараның негізін түсіндіріп, сауалнамада көрсетілген контрафактілі өнімдер жайлы бірнеше сұрақтарға жауап берді.
Өткізілген іс-шараның мақсаты, халыққа зияткерлік меншік объектілерін кеңінен түсіндіру. Сондай-ақ, контрафактілі өнімдерді сатып алу қауіпін болдырмау, алдын-алу, мұндай өнімдерді алған жағдайда адам денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруі және ол үшін жауапкершілік бар екенін халық назарына жеткізу және контрафактілік өнімге деген теріс көзқарасты қалыптастыру болып табылады.
Сонымен қатар, бөліммен Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісі индикаторларын және Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Жаhандық бәсекеге қабілеттілік индекстерін жақсарту мақсатында 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Аталған жоспарда көрсетілген тапсырмалар өз жалғасын табуда.
Департаменттің зияткерлік меншік құқықтары бөлімі өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңының 22-1 бабына сәйкес, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін, сондай-ақ тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144 бабының 3 тармағында бақылау және қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тексеруге
адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіргені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, яғни тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары иесінің немесе сенімхат бойынша өкілдерінің өтініштері болып табылады.
Осыған байланысты, бөлім Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 158 бабында көзделген бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалануын қарайды.
Алайда, Қазақстан Республикасының Президентінің 26.12.2019 жылғы №229 санды «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтату туралы мораторий жарияланған.
Аталған мораторийге қарамастан жыл басынан арыздар келіп түсуде (жыл басынан 6 арыз). Арыз иелеріне толықтай жауап беріліп, қаңағаттандырылуда. Мәселен, «Достык-Сервис» ЖШС-нен «УЮТ» тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы арыз келіп түскен. Аталған арызда көрсетілген жеке кәсіпкерге патенттік сенім білдірген өкіл мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп, заңнама нормаларына сілтемсе жасап, құқықтық түсіндіру жұмыстры жүргізілді. Нәтижесінде, құқықтық түсіндіру жұмыстарынан кейін жеке кәсіпкер «УЮТ» тауар таңбасы пайдаланудан алып «Баян» тауар таңбасына өзгертілді.
Сондай-ақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен, құқық қорғау органдары мен жеке кәсіпкерлердің қатысуымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес тексерулерге қатысты микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мораторий жариялануына байланысты семинар кеңестер, дөңгелек үстелдер жиі өткізілуде.
Департаменттің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған жұмыстары өз жалғасын табуда.
Бекмурзаев Темирхан Аблайханович, Шымкент қаласы Әділет департаментінің жетекші маманы