• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » «Отбасылық сот» жобасының нәтижесінде Шымкентте ажырасу азайды
Ақпарат

«Отбасылық сот» жобасының нәтижесінде Шымкентте ажырасу азайды

PressaBy Pressa16.05.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының қолдауымен 15 мамыр –Халықаралық Отбасы күні болып бекітілген. Қазақта «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Қазақ үшін шаңырақ сөзі қай кезде де киелі.

Отбасы – адамның бойына барлық жақсы қасиеттерді дарытатын қара шаңырақ. Ұл мен қызға отбасында беретін тәлім-тәрбиені ешбір қоғамдық ұйым бере алмайды. Мағынасы терең отбасы, шаңырақ, әулет деген сөздерді ата-әжелеріміз біздің санамызға сіңіріп келген.Шын мәнінде отбасында береке-тыныштық болмаса адамдардың қоғамға қызмет етіп, пайда келтіруі де қиын екендігі белгілі.

Барлық жақсылық атаулы отбасынан бастау алатынын ескеріп, 2018 жылы Жоғарғы Соттың бастамасымен республикамыздың 4 облысында «Отбасылық сот» Пилоттық жобасы қолға алынған болатын. Жобаның міндеті – отбасылық жанжалдардың себептерін анықтау, сот процесінің барлық сатысында тараптарға қатысты татуласудың бар мүмкіндіктерін қолдану, соның ішінде отбасы құқықтары мен мүдделерін бірінші кезекте кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталды. Шымкент қалалық сотының төрағасы Е.Рахымбековтың 2018 жылғы 4 желтоқсандағы Өкімімен Еңбекші аудандық сотының негізінде «Отбасылық сот» Пилоттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Былтыр қалалық және Еңбекші аудандық соттарының ұйымдастыруымен «Бақытыңды балаңнан ізде!» атты интерактивті кездесу өтті.

Одан кейін де Шымкент қаласының Білім, Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары, Прокуратура, Полиция департаментінің өкілдері мен медиаторлар, психологтар және т.б. қатысуымен бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды.Осы атқарылған жұмыстың нәтижесінде, Шымкенттегі кейбір шаңырақтар шайқалмай, ажырасу азайды. Оған дәлел ретінде «Заңды некені бұзу» санатында қаралған азаматтық істерге қатысты дерекке тоқталып кетейін.

Мысалы, 2019 жылдың 4 айында ажырасуға 1267 талап арыз түскен, биылғы 4 айда олардың саны – 890, яғни 176-ға аз. Былтыр 4 айда ажырасқандар саны – 719 болса, биыл – 638. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 81-ге аз, демек, 81 отбасы сақталды деген сөз! Өткен жылы 4 айда медиация тәртібімен татуласқаны 67 еді, ал биыл олардың саны 100-ге жетіп отыр.Осылайша, екі жарым жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Отбасылық сот» жобасы өзінің тиімділігін көрсетті.

Қабыл ДҮЙСЕНБИ,
Шымкент қалалық сотының
баспасөз хатшысы

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleТатуласудың тиімді тетіктері
Next Article Даудың бітімгершілікпен біткені екі жаққа да тиімді
Pressa

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.