• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Қазақстан Жо­­ғарғы Сотының Төрағасы Жа­қып Асановтың татуластыру рә­­сімдеріне қатысты үндеуі
Ақпарат

Қазақстан Жо­­ғарғы Сотының Төрағасы Жа­қып Асановтың татуластыру рә­­сімдеріне қатысты үндеуі

PressaBy Pressa07.05.2020Updated:12.05.2020Еш пікір жоқ3 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанның Жоғарғы Соты карантин жағдайындағы жұ­­мысын қашықтан жүргізуде. Қазіргі уақытта республика соттары 100 пайыз сот отырыстарын онлайн қарауға көш­­ті. Алай­да жыл өткен сайын сотқа келіп түсетін арыз-шағымдар са­ны өсіп келеді. Бұл сот процесінің са­­пасына кері әсер етуі мүм­кін. Осыған орай Қазақстан Жо­­ғарғы Сотының Төрағасы Жа­қып Асанов татуластыру рә­­сімдеріне қатысты өз үндеуін жа­риялады.

«Жау мен дау – егіз» дейді хал­­қымыз. Дауласу кез келген, тіпті да­мыған елдерге де тән құ­былыс. Бірақ сол дау-жанжалды ушық­­тыр­­май шеше аламыз ба? Сол дауды шешу мәдениетіміз қан­дай? Бізде кез келген дауды сот ше­шеді деген көзқарас қа­лып­тас­қан. Дегенмен мынаны білген жөн. Біріншіден, істі қарау ұзаққа со­зылуы мүмкін. Ол аяқталғанша, бір емес, біраз сот отырысы өтеді. Ап­пеляция, тіпті кассация ше­ші­мі де көңіл­ден шықпауы мүмкін. Екін­ші­ден, бұл үлкен шығын. Мем­ле­кеттік баж төлейсіз, сот шы­­ғынын өтей­сіз, заңгер жал­дай­сыз. Жолға, қо­нақүйге шы­ғын­даласыз. Үшіншіден, ашуға ерік беріп, жүйкеңіз жұқарады. Не­ге де­сеңіз, сот – дау алаңы. Он­да ай­тысып, тар­тысуға мәж­бүр­сіз. Отбасы, дос­тар, жұмыс, биз­нес – бәрі шет­те қалады. Бұл бер жағы. Кей­де тараптар ашуға бе­ріліп, бір-біріне ауыр сөздер де ай­тып жатады. Егер дауласушылар бір әулеттен болса, онда сол шаңы­рақтан береке қашады. Ал дос, қызметтес болса, арадағы сый­ластық бұзылады.

Жалпы, елімізде дау-дамай са­­ны жылдан-жылға артып ба­ра­­ды. 2014 жылы сотта 1,6 млн іс қа­­­ралса, 2019 жылы 3,3 млн не­­ме­се 2 есе көп. Әр судья бір ме­зет­те 100-ден аса азаматтық іс пен ма­териал қарайды. Жұ­мыс­қа кө­мілген судьядан қан­дай сапа, қан­дай нәтиже күтуге бо­лады? Оның үстіне, ақ-қара­сын айыруға келмейтін жағ­дай­лар да бар. Мы­салы, ағайын ара­сындағы дауды сот тара­зы­сына салу қаншалықты дұрыс? Бабаларымыз «Алдыңа кел­се, атаңның құнын кеш» де­ген. Бұл – қанымызда бар қасиет. Қа­зақ даласында дау бейбіт жол­­мен шешіліп отырған. Да­мы­ған ел­дерде даулардың 70-90%-ы сотсыз, бітіммен аяқ­та­лады.

Ең дұрысы – татуласу, келісу, бір мәмілеге келу. Бұл – мемле­кет өр­кендеуінің алғышарты. Ме­нің үн­деуімнің негізгі себебі де осын­да. Біз елімізде дау-да­май­дың ба­рынша аз болғанын қалаймыз. Татуласу үшін жан-жақ­ты жағдай жасаймыз. Өңір­лерде татуласу ор­талықтарын аштық. Онда ме­диа­торлар, пси­хологтар, басқа да ма­мандар жұмыс істейді. Бізге Кәсіпо­дақ­тар федерациясы мен Қа­зақстан хал­қы Ассамблеясы көмек­те­седі.

Орталықтың міндеті – екі жақ­­қа да қолайлы шешім ұсыну. Осы арқылы дауды реттеп қана қоймай, қарым-қатынасты да сақтаймыз. Тараптар өз еркімен, са­н­алы түрде ортақ келісімге ке­леді. Медиаторды әр адам өзі таң­­дайды, біз тек олардың тізі­мін ұсы­намыз. Жергілікті соттар осы­ның барлығын түсіндіріп, жол көр­сетуге міндетті.

Татуласу – дауды шешудің ең дұрыс жолы. Бұл ата-ба­ба­мыздан қалған асыл мұра. Осы құн­ды­лық­тың қадірін білейік» делінген. Иә, халқымызда «Бірлігі жоқ ел то­зады, Бірлігі күшті ел озады» де­ген мақал бар. Қазіргідей жа­ман індетпен халық болып күре­сіп жатқан кезде бір-бірімізбен сот­таспай, бір-бірімізбен тату­ла­сып, дос­тасайық демекпіз. Оған не­гіз бар. Біз бірауыз сөзге тоқ­та­ған дана халықтың ұрпағы еке­німіз­ді бір сәт есімізге алайықшы, ағайын!

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleДаукестік дауа таптырмас
Next Article Ұлы Жеңіс күні құтты болсын !
Pressa

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Келісіп пішкен тон келте болмас

13.11.2023

Медиация – татулық тірегі

05.08.2023
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.