• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Балалары үшін жарасып жатқан отбасылар аз емес
Отбасы психологиясы

Балалары үшін жарасып жатқан отбасылар аз емес

PressaBy Pressa01.05.2020Еш пікір жоқ5 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

1998 жылы қабылданған «Отбасы және неке туралы» заң отбасылық құқықтың қайнар көзі болып табылады. Мұнда бұған дейінгі заң бойынша жұбайлардың ортақ меншіктік қатынастарының қолданыстағы режимі қайта қаралып, кәмелетке толмаған ата-аналардың мүдделерін қорғау мақсатымен неке жасы екі жасқа дейін төмендетілді, жұбайлардың қос фамилия алуына мүмкіндік берілді, алимент төлеу саласына да біраз жаңалықтар енгізілді. Кейбір жағдайларда отбасылық қатынастарға азаматтық құқық нормалары да қолданылуы мүмкін.

Неке бұзу туралы азаматтық істерді қарағанда соттың бар мүмкіншілігі сот мәжілісінде екі жақты татуластыру үшін әрекет жасауға мүдделі, екі жұбайдың көңілдерін, олардың талап-тілектерін егжей-тегжейіне дейін зерттеп, не олардың некесін айыру қажет, не екеуін татуластыру мақсатын көзден, алты айға дейін мерзім береді. Жұбайлардың жанұясын сақтап қалу үшін, олардың кәмелетке толмаған жас балаларын тіріжетім етіп қалдырмас үшін, заң жүзінде соттың құзырындағы бар мүмкіндік осы. Сот мәжілістерінде некені бұзу жайлы істерді қарағанда, ондай азаматтық істерді зерттегенде, жағдайдың себептерін анықтауға ты-рысамыз. Ерлі-зайыптылардың жас балаларының қамы үшін оларды жарастыру, татуластыру мақса-тында аталы сөздерді, үлгі-өнеге айтып және жауапкершіліктерін түсіндіріп бағамыз. Балалары мен ел-жұртының алдындағы борышын түсініп, райынан қайтып, жарасып кеткен жастар аз емес.

Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі кезін-де және бір-біріне мүлікті және өзге де талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке бұзылады.

Елімізде 2011 жылы қабылдаған «Медиация туралы» заң талаптарын сотта қаралатын неке және отбасына байланысты туындайтын даулар жөніндегі азаматтық істерді қарау барысында қолданған жөн. Кезінде отбасында болып жататын дау-дамайлар ауылдың сөзі дуалы ақсақалдарынан аспайтын. Қоғамдағы неке және отбасыға қатысты даулардың өршіп бара жатуы – ар-ұят пен әдепті бойына ана сүтімен сіңіріп өскен қазақ халқы үшін өте өзекті мәселе. Бүгінде жүзінде асырылып жатқан жобалардың бірі – «Отбасылық сот» жобасы.

Дереккөздерге сүйенсек, алғашқы отбасылық сот 1947 жылы Жапонияда қалыптасқан екен. Кейін Франция, Англия, Бельгия қолданысқа енгізді. Қазақстанда пилоттық жоба ретінде қолға алынған «Отбасылық сот» Сингапур елінің жүйесіне негізделіп жасалды. Біздің еліміздің сот жүйесінде жаңа технологияларды қолдану аясы кеңейіп, ақпараттық сервистерді және оларды пайдалану механизмдерді күн өткен сайын жетілдірілуде.

Қоғамда ажырасу мен некесіз туылатын балалар санының көбейгендігі, әрбір үшінші отбасының шаңырағы шайқалып жатқаны, отбасылық зорлық-зомбылық оқиғаларының жиелеуі мамандарды алаңдатып отыр. Сондықтан, «Отбасылық сот» пилоттық жобасы көптеген мәселелердің шешімін табуына әсер етті. Өкінішке қарай соңғы жылдары Шымкент қаласында ажырасулар саны мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс көрсеткіші өскені байқалады. Жергілікті соттарда қаралатын 4-5 істің біреуі неке және отбасылық қарым-қатынастарға байланысты болып отыр. Кәмелетке толмаған балалар құқығының бұзылуы, отбасылық жанжалдар, неке бұзу, алимент өндіру әкелікті анықтау, мүлік бөлісу, тағы басқа мәселелер бойынша қаралатын азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істерді бұдан былай бір сотта, яғни отбасылық сотта қарау көзделуде. Бұл судьялардың жүктемесін азайтып, кадр саясатын жетілдіруге ықпал етпек.

Осы орайда Шымкент қаласы әкімшілігінің Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» ашылған. Бұл мекеменің мекенжайы, телефон номерлері, жауапты мамандары және оның психологы жөнінде ақпарат беріліп, сондай-ақ іс бойынша тараптарға уақытша мекенжай қажет болған жағдайда сол мекемеге жолданып отыр. Сонымен қатар «Ана үйі» қоғамдық қорымен «Отбасылық сот» пилоттық жобасын бірлесіп жүзеге асыру мақсатында меморандумға қол қойылған.

Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты былтырғы жылы жалпы 5896 азаматтық істі аяқтаса, соның ішінде неке және отбасы қатынастарына қатысты 1199 талап арыз түсіп, 894 іс бойынша некені бұзу туралы сот шешімі қабылдаған. Соның ішінде 246 талап қою арызы бойынша талаптардың татуласуына байланысты іс жүргізу тоқтатылған және 119 талап қою арызы тараптардың татуласуына байланысты қараусыз қалдырылған.

Бүгінгі таңда Еңбекші аудандық сотында отбасын сақтап қалу мақсатында бастапқы тегін психологиялық көмек көрсетіліп, отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша іс-шаралар жүргізіліп және отбасылармен ата-аналық міндеттерін орындау (алименттік міндеттемелер) бойынша бірлескен профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды міндетті тәрбиелеу бойынша бірлескен бағдарламалар енгізіліп, бірлескен әлеуметтік бағдарламалар әзірленуде.

Соңғы кездері ерлі-зайыптылардың ажырасуы үлкен проблемаға айналып отыр. Ажырасулар арасындағы басты себептер ішімдікке салыну, өмірге деген көзқарастардың сәйкес келмеуі, тұрмыстық зорлық-зомбылық және бедеулік болып отыр. Кейбіреулер мұны қалыпты жағдай деп қабылдауда. Сол себепті отбасы мүшелері, қоғамдық ұйымдар, судья, медиатор, психолог мамандар үйлесімді түрде жүйелі жұмыс істегені жөн деп есептейміз. Сотқа талап қою арызын жазардан бұрын жәбір-жапа көргендер медиатордың алдынан өткені ләзім. Мемлекеттік баж алымының мөлшерін де көбейткен мақұл болмақ.

Мая ШЕРТАЕВА, 
Еңбекші аудандық сотының судьясы

Ажырасулар арасындағы басты себептер ішімдікке салыну, өмірге деген көзқарастардың сәйкес келмеуі, тұрмыстық зорлық-зом-былық және бедеулік. Жоғарыда көрсетілген пилоттық жобаның мақсаты – осы көрсет-кіштерді төмендетіп, еліміздегі орын алып отырған бұл бағыттағы дағдарыстық жағ-дайды жою, ажырасу факторын болдырмау.

Жобаның міндеті:

– Отбаслық жанжалдардың себебін анықтау;

– Сот процесінің барлық сатысында та-раптарға қатысты татуластыру шараларын қолдану;

– Отбасы құқықтары мен мүдделерін, со-ның ішінде кәмелетке толмағандардың құ-қықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

Жобаның мақсаты:

– Отбасы мүшелері арасында отбасылық қатынастың нығайтылуына және қалпына келтірілуіне ықпал ететін шешім табуға көмектесу;

– Отбасында тәрбие беру мәселелерін тал-қылау, ата-ана мен бала қарым-қатынасы бұзылуының алдын алу;

– Тараптардың белсенді мұқтаждардың анықтау және кімелекке толмағандардың мүдделерін сақтай отырып, олар бойынша ортақ шешім табудың мүмкіндіктерін іздеу.

Бүгінге дейін «Отбасылық сотты» құруға байланысты талдау жасалып, соттың жүк-темесі мен соттың соттылығына енетін іс-тер санаттары анықталды. Отбасы істе-ріне қатысты істердің 14 санаты белгіленіп, соның алгоритмі анықталды. Шымкент қала-сындағы Еңбекші аудандық сотында пилоттық жоба аясында түсетін істер бойынша тараптарға арнайы психологпен алдын ала әңгімелесу сатысынан өту мүмкіндігі ұсынылып, ол жөнінде «шақыру» қағаздары (SMS ар-қылы жолданатын электронды нұсқасы) екі тілде әзірленді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleМектептегі медиация бітімгершілікке бастайды
Next Article 1 мамыр халықаралық ынтымақтастық күні
Pressa

Related Posts

Бала бақыты отбасы татулығында

02.04.2021

Тәрбие нәрін тереңнен толға!

02.04.2021

Гүл емес, бала өсіріп жатырмыз

02.04.2021
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.