Созақ аудандық сотында, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы мен Түркістан облысы, Созақ ауданының тұрғындары «виртуалды» түрде «Онлайн-татуласу» жобасы арқылы медиациялық бітімге келді.
Атап айтқанда, талапкер Жамбыл облысы, Жуалы ауданының тұрғыны М.С жауапкер Түркістан облысы, Созақ ауданының тұрғыны С.Ш-дан материалдық шығынды өндіру туралы талап арыз түсірген.
Істі қарау барысында, елімізде карантиннің енгізілуіне байланысты тараптар сот отырысына қашықтықтан «виртуалды» түрде қатысып, оларға медиацияның тиімділігі түсіндірілді, нәтижесінде «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы аясында «Онлайн-татуласу» жобасы арқылы тараптар медиациялық келісімге келді.
Елімізде карантин кезінде ел азаматтарының конституциялық құқықтарын соттар арқылы қорғау үшін IT-технология кеңінен қолданылуда, мұндай жұмыстың жаңа форматы дәл қазіргідей карантин уақытында өз тиімділігін көрсетуде.
Созақ Аудандық Соты