• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » «Соңғы аптада экономикалық және әлеуметтік қысым мен үрей күшейген кезде, біз отбасылық зорлық-зомбылықтың куәсі болып отырмыз», – деді Гутерриш.
Отбасы психологиясы

«Соңғы аптада экономикалық және әлеуметтік қысым мен үрей күшейген кезде, біз отбасылық зорлық-зомбылықтың куәсі болып отырмыз», – деді Гутерриш.

PressaBy Pressa30.04.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Оның сөзінше, оқшаулану кезінде бірқатар әйелдер күйеуінің «қақпанына түсіп» құрбанына айналып жатыр. Кейбір елдерде көмек сұраған әйелдер саны артқан. Құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлерінің жұмысы ауырлап тұрған кезде, оларға көмектесетін қызметкерлер жетіспей жатыр деп атап өткен Гутерриш.

Елде енгізілген төтенше жағдай мен карантин кезінде әйелдер отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. БҰҰ мәліметтері бойынша, көптеген мемлекеттерде коронавирус індетіне байланысты карантин шаралары еңгізілгеннен кейін үйдегі зорлық-зомбылықтың көбеюі байқалуда.

Бұл мәселені шешу үшін БҰҰ бас хатшысы билікке үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруды ұсынды. Сонымен бірге дүкендер мен дәріханаларға зорлық-зомбылыққа қауіп төнген жағдайда жедел-жәрдем жүйесін орнатып қоюға кеңес берді.

Кейбір статистикалық мәліметке сүйенсек, Жер бетінде қазір 2,6 миллиард адам карантинде отыр

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия БҰҰ қорымен бірігіп «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгоритмі» жадынамасын дайындады.

Егер сіз отбасыңызда зорлық-зомбылық орын алған жағдайда келесі алгоритмді қолданған жөн:

1. Зорлық-зомбылық туралы ауызша арызбен 102 нөмірі бойынша дереу полицияға хабарласыңыз. Немесе qamqor.gov.kz порталы арқылы онлайн-арыз беріңіз.
Құқық бұзушыға шара қолдану үшін полиция қызметкерлерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған жерге келулерін талап етуге құқылысыз.

2. Жарақат алған жағдайда 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақырыңыз. Полиция қызметкерінен сот-медициналық куәландыруға жолдама алыңыз.

3. 150 тегін нөмірі немесе +77081060810 нөмірі (WhatsApp), www.telefon150.kz сайты арқылы тәулік бойы жұмыс жасайтын балаларға, жастарға және зорлық- зомбылық көріп отырған адамдарға арналған ұлттық бірыңғай сенім телефонына хабарласыңыз. Ол жерде сізге психологиялық және құқықтық көмек көрсетіп, учаскелік инспекторлардың, дағдарыс орталықтарының және басқа да қажетті ұйымдардың байланыс телефондарын береді.

Хабарласудың жасырын мен құпияда болуына кепілдік беріледі.
4. Аймақтардың барлығында тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда Сіз осы орталықтардан баспана сұрай аласыз.

5. Әр аймақта Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат
жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді. Ол жерде Сізге кеңес беріп, қажетті қолдау көрсетеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleКарантин кезіндегі тұрмыстық зорлық – психоаналитик пен заңгер кеңесі
Next Article Тілім барда айтылар сыр ойдағы…
Pressa

Related Posts

Бала бақыты отбасы татулығында

02.04.2021

Тәрбие нәрін тереңнен толға!

02.04.2021

Гүл емес, бала өсіріп жатырмыз

02.04.2021
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.