• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Әл-Фараби аудандық сотында медиацияның қолданылу жағдайы туралы
Ақпарат

Әл-Фараби аудандық сотында медиацияның қолданылу жағдайы туралы

НурбалаBy Нурбала31.03.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Перизат Сафарбаева, Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының судьясы

Бүгінгі таңда, әлемдік тәжірибе бойынша, медиацияның ірі бизнестерден бастап, отбасылық дау-жанжалдарда, ажырасу мен дүние-мүлікті бөлісу тағы басқа да көптеген мәселелерде қолданылады. Халықаралық статистикаға жүгінетін болсақ, медиация арқылы бүкіл келіспеушіліктердің 30-40 пайызы қаралады және солардың 85 пайызы оң нәтижеге ие болады екен.

Қазіргі кезде медиация Еуропа, АҚШ және Австралия мемлекеттерінде белсенді қолданылады. Біздің елімізде дауларды шешудің әдісі ретінде 2011 жылдың 28 қаңтарында «Қазақстан Республикасының Медиация туралы» Заңы қабылданды.

Медиация жанжалдарды баламалы шешудің жеңіл түрі болып табылады. Медиация рәсімі кезінде, жанжалға қатысушы жақтар медиатордың біліміне, тәжірибесіне және шеберлігіне сүйене отырып өзара тиімді шешімге келеді.         Медиация жанжалға қатысушылардың эмоционалды күшін, ақшасын және уақытын үнемдеуге көмектеседі.

Медиаторлар сотқа дейін татуласу – даукестіктің деңгейін төмендете отырып, дауларды бейбіт келісім арқылы тиімді шешуді қолға алады. Араздасқан азаматтарды сотқа дейін бітімге келтіреді, дауласқан тараптарды мәмілеге келтіріп жүйелі сөзге тоқтатады. Келісу мәдениетінің маңызын арттырады.

«Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасы аясында «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасы іске қосылған. Бұл жоба медиацияны және татуластыру рәсімдерін дамытуға бағытталған. Татуластырушы судья тараптарға медиацияның барлық артықшылықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіреді. Татуластырудың мақсаты бұрынғы билер соты сияқты тараптардың дауласушылық деңгейін төмендетіп, оларды бітімге келтіріп, татуластыруға қол жеткізу болып табылады. Азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі сотқа прокурорлардың қатысуын азайту, соттардың қарауындағы істерді оңайландыру, жаңа мән-жайларға байланысты істі татуластыру жолымен шешу секілді тетіктер медиацияның маңызын арттыра түсті.

Өткен жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотында «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Егер, аудандық соттың нақты статистикасына көз жүгіртетін болсақ, 2019 жылы Әл-Фараби аудандық сотының тарапынан татуластыру рәсімдері көп қолданылған істер санаты қатарында: Неке және отбасы қатынастарынан туындайтын даулар бойынша 72 іс, шарт талаптарынан туындайтын даулар бойынша 55 іс және басқа санаттағы даулар бойынша 22 істің болғанын тілге тиек еткім келеді.

Жалпы татуластыру рәсімдерін қолданумен былтыр 149 іс сот медиациясы тәртібімен, 164 іс татуласу келісімімен және 18 іс партисипативтік рәсім тәртібімен,  яғни барлығы 331 іс аяқталған.

Сонымен қатар, татуластыру рәсімдері азаматтардың бір-бірінен қарызын, шығындарын өндірумен байланысты санаттағы істер бойынша көп қолданылғанын атап өткім келеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleБалалары үшін жарасып жатқан отбасылар аз емес
Next Article Медиация тәртібімен дау қысқа мерзімде шешіледі және оның құпиялығы да сақталады
Нурбала

Related Posts

Салық төлеушінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда дербес шоттарын есепке алу, беру және жүргізу

10.10.2024

Алғыс хаттар тапсырды

12.09.2022

Зияткерлік меншік және оны қорғау жолдары

22.02.2022
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.