Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын түзеу және олардың тұлға ретінде қалыптасуына, кәмелетке толмағандардың құықтарының қорғалуына ықпал ету мақсатында, Шымкент қаласындағы № 80 мектеп-лицейдің ғимаратында медиация кабинетінің салтанатты ашу рәсімін өткізді.
Оған Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Д.Сайханов, «Медиация, құқық және психологиялық қолдау орталығы» өкілі Н.Оразкулова, мектеп-лицей ұжымы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты ашу рәсімі барысында төраға Д.Сайханов өз сөзінде, сотқа дейінгі медиацияны іске асырудың өзектілігі мен тиімділігі және оны халыққа кеңінен насихаттаудың маңыздылығына тоқталып, дау-дамайсыз өмір сүру қағидаларын білім ошақтарынан бастап жастар бойына сіңіріп, кеңінен насихаттау қажеттігі туралы айтып өтті.
Жиынға қатысушылар мектеп медиациясын дамыту және медиацияны кең ауқымда насихаттау даулардың мектеп қабырғасында шешімін табуға мүмкіндік беретіні туралы өзара пікір алмасты.
Add A Comment