• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Медиатордың қызметін кімдер жүргізуге құқылы?
Сұрақ-жауап

Медиатордың қызметін кімдер жүргізуге құқылы?

ПернебайBy Пернебай09.02.2020Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Заңның 9 бабына сәйкес тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады.
Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін.
Медиатор тараптардан, мемлекеттік органдардан, басқа да заңгерлік, лауазымдық және жеке тұлғалардан тәуелсіз болуы керек.
Заң бойынша бітімгерлер бұл шаруамен кәсіби және қоғамдық негізде шұғылдана алады.
Жасы 40-қа толған, жақсы атаққа ие, беделді, көпті көрген және тізілімге енгізілген азаматтар бұл кәсіппен қоғамдық негізде айналысуына болады. «Басы ауырған бақсыға барады, даулы кісі жақсыға барады» дегендей, мұндай адам төрелік айтуға шын мәнісінде лайық жан болуы керек.
Кәсіпқой емес бітімгерлердің тізілімін жергілікті атқарушы орган жүргізеді. Олардың өз жұмысын ақысыз жүзеге асыратындығы осы Заңмен көрсетілген. Бітімгерге медиацияны жүргізуге байланысты келген шығындар өтеледі.
Ал медиатордың жұмысын кәсіби негізде жүзеге асыру үшін адамның жоғары білімі, медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқу оқығанын растайтын сертификаты, кәсіби медиаторлар тізіліміне енгізілген және кем дегенде 25 жасқа толған болуы керек. Олар медиацияны ақылы негізде де, тегін де жүзеге асыра алады. Оларға төленетін сыйақының мөлшері тараптар мен медиаторлардың келісімі бойынша анықталады.
Мемлекеттік қызметті атқаруға өкілеттілігі бар немесе оған теңестірілген, іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған, қылмыстық қудалауда жүрген, алынбаған соттылығы бар адамдар медиатор бола алмайды.
Екі жақ келісіп, медиаторға басқа да талаптар қоюға құқылы. Бітімгерлерді жергілікті қоғамдастық өкілдері таңдайды.
Медиация туралы заңда медиаторға қарсылық білдіру, медиациядан бас тарту сияқты талаптар қарастырылған.
Заңының 13 бабына сәйкес, медиаторлар ұйымдары медиаторлардың бастамасы бойынша «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес, өзін-өзі қаржыландыратын және өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous Article«Медиация туралы» заңның қандай ерекшеліктері бар?
Next Article Медиацияның сот жүйесіне қандай әсері бар?
Пернебай

Related Posts

Жанділдә Әжіғалиұлы: Қазақстан медиаторлар қауымдастығының бас директоры, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Республикалық Қоғамдық ұйымының Президенті.

04.05.2020

Медиацияның сот жүйесіне қандай әсері бар?

09.02.2020

«Медиация туралы» заңның қандай ерекшеліктері бар?

09.02.2020
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.