• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Ағам
Әдебиет

Ағам

ПернебайBy Пернебай09.02.2020Updated:15.04.2020Еш пікір жоқ5 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әли ағам отау құруға бел байлаған жылы мен бесінші сыныпты тәмәмдап жатқан кезім болатын. Біздің Өркен ауылында әлдебір оқыс не жоспарлы оқиға болып жатса ел шу ете қалатын. Көбінесе қатын – қалаштың ортасы араның ұясындай ызың – ызың болып қып – қызыл өсекке тез толып кететін. Желдей есетін әңгі-ме, керек адамға, керек кезде лезде жететін. Соңғы күн-дердегі әңгімеге азық, өсек-ке арқау болып тұрған менің ағам Әлидің үйленуі еді.
» Дәукеннің үлкені көрші ауылдан қыз алып қашып келуге кетіпті «. «Алып қа-шатын қызы өрімдей жас екен «. «Сотталып кетпесе болғаны » – деген сарындағы алып – қашпа, қыңыр – қисық әңгімелерден аяғың шалынып, сүрініп ет – бетіңмен құлайсың. Мұндай өтірік пен шыны аралас әңгімені кім, қашан, қай жерде тудырып, таратып жүргенін біле алмақ түгілі бағдарлай алмай әуре сарсанға түсесің.
Біз үйде екі баламыз. Ағам Әли және мен Оспан. Ағам менен бақандай он жас үлкендігі бар. Әке – шешем қыс бойы ағама » Үйленсеңші » – деп құлақ етін жеген соң, көктем шыға:
» Көздеп жүрген қызым бар, алып қашып келемін » – деген қысыр пәтуасын шы-ғарды. Сол жылғы көктемнің көгі ұзарып, жер ана бусанып жатқан шақта ағамның әлгі әңгімесі шындыққа айналды. Бір күнде көрші Ақшоқы ауылынан он бірінші сыныпты тәмәмдап жатқан қызды алып қашып келді. Өркендіктер шу ете қалды. Қәзір бұрынғы заман дейсіңдер ме, бала сотталып кетіп жүрмесін. Қәзір заман басқа, заң басқа, адам басқа. Оның үстіне қыз өте жас екен, – деген бауырмашылдық танытқан сөздер көптеп айтылғанды. Бұл сөздерге құлақ асқан ағам жоқ. Айт-қанын істетіп үйренген қыр-сық, бірбеткей ағам ақыры ойын жүзеге асырып тынды. Десе де ағамның кісі қызығарлық түрі, сүйсінерлік тірлігі бар жігіт болатын.
Ағайын – туыс, көрші – қолаңның үлкендері тегіс жиылып қызды әзер дегенде көндірді. Сонымен сол бір көктемде ойламаған жерден жеңгелі болдым. Арты үлкен тойға ұласты. Жеңгемнің есімі Айша. Мені алтын бала деп атайтын болды.
Айша жеңгем сұңғақ бойлы, қара торы келген, мөлдір көзді қыз. Бойында жігіт іздеген асыл қасиеттердің бәрі бар десем келте ойламағаным болар. Әке – шеше тәрбиесін жадына нықтап түйген, өз орынын анық біледі. Көп сықылықтап күлу, сөзге араласып кету, орынсыз жерге бас сұғу деген жұрнағымен жоқ. Біздің отбасымызға лезде сіңісіп, байырғыдан бері бірге тұрып келе жатқандай аз уақыт ішінде бой үйретіп алды.
Мен мектепті бітірген жылы Айша жеңгем үшінші баласын дүниеге алып келді. Сол жылы арман қуып Алматыға оқуға кеттім. Әл – Фараби атындағы университеттің журналистика фа-культетіне түсіп, білім жолына түбегейлі бағыт бұрдым. Ауылға үш – төрт айда бір барып тұрғаным болмаса, көбінесе Алматыда оқумен қатар қосымша жұмысты бірге алып жүр-генмін.
Бірде маған анам хабарласты. Дауысы әлдебір жайға алаңдаулы болып сезілді. Не болғанын сұрағанымда Анам жылап жіберген. Одан кейінгі жыламсырап сөйлеген анамнан нақты ұққаным ағам Әлиді ат сүйреп кетіпті…..жағдайы өте нашар…
Сол күні жалма – жан ауылға билет алып құстай ұштым.
Ағамды биік төсегінен түсіріп, жерге жатқызыпты. Ауруханаға апарғанында бізден көмек жоқ деп шы-ғарып жіберіпті. Одан әрі жағдайдың қалай өрбитіні белгілі ғой. Ішкі құрылысы, ми қабаты әбден бүлініпті. Бір тосын ғажайып оқиға болмаса науқастың ақтық баспалдақтары күтіп тұр депті дәрігерлер. Бұған ашуланған әкем дәрігерлерді боқтап ағамды үйге әкеліп тәуіп жағалап кетіпті. Аңшылық десе бір иығын беріп тұратын ағам кешкілік достарымен тау жағалап кетсе керек. Күн кенеттен бұзылып соқыр тұман түсіп, ағамдар бір – бірінен адасып қалыпты. Ақыры ағамның артына қасқырлар түсіп ас-тындағы көк бурылы үркіп қашыпты. Ағам сол кезде бос отырып, ат селк ете шапқанда сол жақа қарай ауып аяғы үзеңгіде қалып кетіпті. Аяғын шығарып үлгермеген күйі үркіген ат сүйрей жөнеліпті. Қаншалық жерге дейін сүйрегені белгісіз. Достары бір күн іздеп Көкше шатқалынан тауып алыпты. Қайта қасқыр жеп кетпепті.. Әйтпегенде жағдай мұнанда мүшкіл болғандай екен. Өте көп қан жоғалтыпты.
Ағамның жанына келіп отыра бергенімде ол кісі маған қарай бұрылды. Еріні жыбырлап әлдене айтқандай болды. Дауысы өте әлсіз шығады. Құлағымды ауызы-на қарай жақын тосқанымда » Балаларым аманат, аманат » – деген сөзге шамасы әрең келді. Бойындағы бар күші әлгі сөзге сарқылып кеткендей. Қатты ымыранып көгеріп бара жатты. Көзім-нен моншақтай – моншақтай жастарым төгіліп кетті. Менің келгенімді күткен екен бәйтерегім….. одан соң үзіліп кетті. Үй іші шу ете қалды. Жеңгем сай сүйегімді сырқырата жылап жіберген.
Есіл ағам. Қайран менің ағам. Ақжарқын, дархан көңілді ағам.
Әлі есімде….
Мені иығына көтеріп алып қырда жүгіруші еді. Өзі ұшақ болып мені самғатушы еді.
Қадіріне жете алмай кет-кен қасқа басым – ай! Оспан сенің тойыңды ішімдіксіз дүркіретіп өткіземіз деуші еді. Артында үш балапанын қалдырып өзі ұшып кетті… Кейін сен мықты тілші болып ұшақпен ұшып біздің ауылды басып өткеніңде мен қол бұлғап тұрамын ғой деуші еді. Сонда елдің бәрі мынау Дәукеннің кіші ба-ласы нағыз халықтың баласы болыпты ғой дейтін болады деуші еді. Енді мен қарайып қалдым. Өзі келместің ұшағына мініп кетті.
Қаншама кісілер жеңгеме: » Жалғыз қалып қалма, тірі адам тіршілігін жасайды. Өлген өлді. Тірінің жалғыз жүруі құптарлық емес » , – деп ақылдарын үйіп төксе де жеңгем біреуіне де қайырылмады. Бар берген жауабы: » Мен Әлидің отын сөндір-меймін » – дегені еді. Айна-лайын ақ жеңгем.
Қазір ұшақпен ұшқан сайын терезеден төменді қараймын…. ағам тірі бол-ғанда қолын бұлғап тұрар ма еді ?!
Қайтейін…Кейде жұмыстан шаршағанымда аспанға қараймын. Бәлкім ағам маған аспаннан қол бұлғап тұрған шығар деп…

Жандос Әуесхан

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleҰрлық
Next Article Медиация деген не? Ол қашан, қалай пайда болған?
Пернебай

Related Posts

Қазақ батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл

28.12.2020

Абай: «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған бәлеге жолығар»

30.09.2020

ҰЛЫ ҰСТАЗДЫҢ ОТБАСЫ ТУРАЛЫ ОЙЛАРЫ

03.09.2020
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.