16.07.201 ж. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Шаңырақ» отбасын сақтау орталығының ұйымдастыруымен, Қазақстан психологтар лигасының мүшесі, ҚР Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің спикері, ҚР президент әкімшілік жанындағы «Әйелдер ісі, және отбасы-демографиялық саясаты» жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі кәсіби психолог, арт-терапевт Қойшиева Лимана Құттыбекқызының және психолог, кәсіби медиаторлардың қатысуымен «Неке және отбасын нығайтудағы медиацияның ролі» тақырыбында семинар-тренингті «Республикалық медиаторлар Асоциациясының» президенті, тренер – медиатор Н.Оразкулова өткізді.
Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастап тұр. мамандардың айтуынша, ажырасуға арыз беретіндер – көбіне үйленгеніне 1 немесе 2 жыл ғана болған жас жұбайлар және оған себеп – қаржы қиындықтары мен отбасына туыстардың араласуы. Соңғы деректер бойынша тіркелген некелер санының 43 пайызы ажырасумен аяқталған. Алайда, ажырасу санының көп болуына Атаулы әлеуметтік көмектің енгізілуі себеп болуы мүмкін. Себебі материалдық көмек аламыз деген жұптар жалған түрде ажыраса бастаған.
Азаматтық істердің басым бөлігін отбасы мүшелерінің арасындағы дауларды құрайды екен. Соның бірі отбасылық медиация. Отан от басынан басталады дегендей, отбасында туындаған кикілжің, реніш, келіспеушіліктердің шешімін медиациялық жолмен шешу ең тиімді әдіс. Себебі, отбасылық дауларды шешу күрделі жайт болғандықтан екі тарапқа да отбасылық медиатордың көмегіне жүгіну тиімді.
Отбасылық медиацияның негізгі мақсаты – отбасында туындаған түрлі кикілжіңдер мен мәселелердің алдын алу. Азамат¬тарды сотқа жеткізбей татулас¬тыру үлкен тәжірибе мен білік-тілікті қажет етеді. Маманның әлеуметтану мен адам психологиясынан да хабары болуы қажет.
ҚР «Медиация туралы» Заңының 25-бабында медиацияның отбасылық қатынастар саласындағы ерекшеліктері негізінде жұргізіледі онда ата-ана некені жалғастыруға, құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерін белгілеуге, ата-аналарының балаларды бағып-күтуге салымына қатысты ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктер, сондай-ақ отбасылық қатынастардан туындайтын басқа да келіспеушіліктер медиация арқылы шешілуі, ал медиатор медиацияны жүргізген кезде баланың заңды құқықтарын ескеруге тиіс, ал егерде медиация барысында баланың қалыпты өсуіне және дамуына қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін немесе оның заңды мүдделеріне елеулі залал келтіретін фактілер белгілі болса, медиатор баланың құқықтарын қорғау жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын органға жүгінуге міндетті деп негізделген.
Отбасылық медиация – ажырасу немесе ажырасу қарсаңындағы ерлі-зайыптыларға бір-бірімен өзара әрекеттерін жақсартуға және ажырасуға, балалар мен қаржылық немесе мүлікке қатысты мәселелерде екі тарапқа да қолайлы негізделген шешімдер қабылдауға, тәуелсіз үшінші тұлғаның көмегімен реттелетін рәсім. Кәмелетке толмаған балаларға қатысты отбасылық дауларды бейбіт жолмен шешу баланы тәрбиелеу туралы отбасылық даулар кезінде балаларға психологиялық жарақат алу қаупін азайтады. Ажырасу әлегімен жүрген ата-ана баланың жағдайын көрмеуі де, білмеуі де мүмкін. Ал, бала оны сезеді, біледі. Ата-анасының екеуі де балаларының қасында болып, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатса сол бізге үлкен жетістік.
Тренингте отбасылық медиацияның мақсаты туралы, отбасы дауларын реттеуде медиативтік құралдардардың (белсенді тыңдау, рефреминг, эмпатия т.б.) қолдануы практикада жүзінде көрсетілді. Кейде ерлі-зайыптылар, ағайындар бірін-бірі кешіре алмай, араларында туындаған реніш, түсінбеушілік, азап шегу секілді эмоциялар басым болып тараптар келісімге келмей жатады. Ондай кезде медиаторға негативтік сезімдермен жұмыс жұргізуге тура келеді, медиатордың жан- жақты біліктілігі қажет, ондай болмаған жағдайда тараптардың келісімге келмеуі ықтимал. Медиатор мен психолог көмек қажет болған жағдайда бірін-бірі толықтыра алады немесе медиатор медиация процедурасын тоқтатуға құқылы, сондай-ақ психологиялық көмекке жүгінуге кеңес беруге болады.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы уақытта медиативтік құралдар отбасы дауларында тиімді қолдану керектігі нақты айтылды.
HALYQ MEDIATORY ақпарат