• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Әділдік — ізгіліктің іргетасы
Тұғыр

Әділдік — ізгіліктің іргетасы

halyqmediatoryBy halyqmediatory10.07.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ3 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әділдік, Әділеттілік (арабша әдл) — әділдік, әділқазылық, шыншылдық; турашылдық, адалдық, дұрыстық; әдәләт — 1) әділқазылық; 2) юстиция — дәстүрлі құқықтық мәдениетте адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың белгілі тәртібіне тікелей қатысты принцип, адамның қоғам алдындағы ғана емес, сонымен бірге қоғамның тұлға үшін де жауаптылығын көрсететін, адамның өмір сүру жағдайлары мен сапасын білдіретін әлеуметтік-этикалық категория.

Әділдік — ізгіліктің ірге тасы. “Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ” (Абай). Әділдік уақыт ағынында өзгеріп отырады. Оның алғашқы түріне көне қоғамдағы “жазалаушы әділеттілік” деген жатады. “Қанға қан, жанға жан”, талион, кек алу принциптері ілкі санада әділдік саналды.

Қылмыс пен жаза, әрекет пен айыптау мәселелері әділдіктің осы түсінігімен түбірлес. Қоғамдағы меншіктік қатынастардың қалып-тасуына байланысты жазалаушы әділдіктің орнына оны тепе-теңдік тұрғыдан түсіну алдыңғы қатарға шықты. Қоғамдық байлықты барлығына бірдей үлестіру идеясы әділдік талабына айналды. Бұл ұран желеуімен талай қантөгістер, революциялар, бүліктер жүріп жатты.

Әлеуметтік әділетті орнатамыз деген желеумен бір ғасырға жуық коммунистер өз халықтарына бақытсыздық әкелді. Социолизм қоғамы “байлық — бұл әділетсіздік, ол кісіні аздырады, адам неғұрлым кедей болса, оның руханилығы жоғарылай түседі” деген жаңсақ пікірді құлаққа құйып келді. Шын мәнісінде, қабілеті мен білігі тең емес адамдарға мүлікті бірдей үлестіріп беру әділетсіздіктің айқын көрінісіне жатады. Мұндай түсінік әлеуметтік енжарлыққа әкеп соғады. Алайда, әлеуметтік теңдік — өркениетті қоғам құрудың басты шарты. Адамдар құдай алдында, әдеп, құқық, заң алдында тең және бірдей мүмкіндікке ие.

Нарықтық қоғамда “мүмкіндіктер теңдігі мен әділеттілігі” деген өмірлік принцип кең етек жайған. Қоғамдық қатынастар әрбір адамның өзіндік мақсатына жету мүмкіндіктерін шектемеуі керек. Әділдіктің басты өлшемі — адам құқықтары теңдігінің жүзеге асуы. “Нәтижелер теңдігі” қоғамдық байлықты өмірде табысқа жете алмаған адамдардың пайдасына қайта бөлуге әкеледі. Бұл экономиканың даму ынталылығын азайтады. Мысалы, дәрігер мен санитардың, профессор мен ассистенттің еңбегін тең бағалау әділетсіздікке жатады. Алайда қоғам мүліктік теңсіздікті тым шарықтатып жібермеуге тырысуы қажет. Қоғам үшін пауперлер мен люмпендердің, кедей адамдардың қатары көбеюі қымбатқа түседі. Ол қоғамдық ынтымақтастық пен тұрақтылыққа кері әсерін тигізеді.

Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол”, — дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.

Шәкәрім қажы адалдық турасында: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи», — деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді.

Сымбат Айдархан, журналист

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleҚазақтың қандай салт-дәстүрлері сақталмай қалған?
Next Article Хақтың жолы әділдік
halyqmediatory

Related Posts

Хақтың жолы әділдік

10.07.2021

Ораза кезінде адам ағзасында болатын өзгерістер

03.05.2021

Қазақ үшін жер мәселесі рухани сипаттағы ұғым

03.05.2021
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.