• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы зияткерлік меншік саласының үлесі
Қоғам

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы зияткерлік меншік саласының үлесі

halyqmediatoryBy halyqmediatory20.05.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ3 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған.  Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударылды. Елбасы әсіресе, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің бүгінгі дамуына тоқталып, оны ары қарай жандандырудың негізгі жолдарын айқындады.

Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдаудың маңызды элементі Мемлекет басшысының 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтық рақымшылық жасау туралы тапсырмасы болып табылады. Салықтың негізгі сомасын төлеу кезіндегі осы шара шағын және орта бизнеске айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша берешектік тазартуға және жұмысты таза парақтан бастауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Елбасы өз Жолдауында отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдауға шақырды.

«Экспортқа бағытталған индустрияландыру – экономикалық саясаттың алғышарттары болуы тиіс. Үкімет экспортпен айналысатын тауар өндірушілерге назарын аудару қажет. Бұл ең алдымен, өңдеуші өнеркәсіпке болу қерек», деді Елбасы Н.Назарбаев. Осы мақсатта, ол барлық қазақстандықтарды отандық өнімді қолдануға шақырды.

Сонымен қатар, 30 дамыған елдің қатарына  кіру мақсатында алға қойылған жұмыс жоспарын ілгерлерту бойынша, мемлекет жұмысының негізгі бөлігі жоғарыда атап өткендей, қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ.

Осы орайда еліміздегі сатылымға шығатын   жалған өнiмдерге төзбестiк көзқарас туғызуға бағытталған жариялы науқан жүзеге асырылуға тиiс. Осы неізде зияткерлiк меншiк құқығын бұзу мен сауда белгiлерiн қолдан жасаушылар үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық қудалау шараларын одан әрі күшейту керек.

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасының бірқатар құқық қорғау органдарының міндеттерінде қамтылған.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Шымкент қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы саласы бойынша аталған Жолдауға бағытталып  семинарлар мен дөңгелек үстелдер, бұқаралық ақпарат құралдарында да насихат жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек,  кәсіпкерлерге арнайы  лекциялар оқылып, «АDALDYQ ALANY» жобасы аясында  жиі кеңестер беріліп, тұтынушылар арасында сауалнамалар жүргізілді

Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2021 жылдың басында Шымкент қаласы Әділет департаменті мен Шымкент қаласы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында зияткерлік меншікті қорғау және сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасындағы хабардарлықты арттыру бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті, Шымкент қаласының полиция департаменті, Шымкент қаласы бойынша мемлекттік кірістер департаменті арасында заңсыз айналымдағы тауарларды анықтауға, жолын кесуге және контрафактілік өнімдерді сатып алуға, оны сақтауға, өткізуге немесе дайындауға бағытталған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жалпы Әділет департаментімен 2018 жылдан бастап 1 645 365 теңгені құрайтын контрафактілі өнімдер тәркіленіп, жойылған. Нәтижесінде, заңсыз тауар таңбаларын пайдалану арқылы контрафактілі өнімдерді шығарған құқық бұзушыларға 929 575 тенге көлемінде айыппұл салынған.

Ал құқықтық түсіндірме жұмыстарының нәтижесі бойынша 7 000 000 теңгені құрайтын контрафактілі өнімдер сатылымнан алынып тасталынды.

Сондай-ақ, ҚР Әділет министрлігінің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында «Контрафакт» атты Республикалық байқау өткізілді.

Аталған байқауда 10 жастан 15 жасқа дейінгі балалар арасында «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбында сурет салу бойынша және 14 жас және одан жоғары жас санатындағы азаматтарға үздік ұран байқауы ұйымдастырылды.

Байқау туралы ақпараттарды халықтың назарына жеткізу мақсатында Департаменттің барлық интернет желілерінде, Facebook, Instagram парақшаларында кеңінен таратылып, телеарналардан сұхбаттар берілді.

Үздік сурет байқауын насихаттау бойынша Департамент қызметкерлерімен Шымкент қаласының барлық мектептерінде 10 жастан 15 жасқа дейінгі конкурстың ережесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Одан бөлек, осы байқау және жұмыс жоспарлар аясында бөліммен құқық иегерлерінің, мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлердің қатысуымен семинарлар өткізілді.

Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы, халыққа зияткерлік меншік объектілерін кеңінен түсіндіру. Сондай-ақ, контрафактілі өнімдерді сатып алу қауіпін болдырмау, алдын-алу, мұндай өнімдерді алған жағдайда адам денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруі және ол үшін жауапкершілік бар екенін халық назарына жеткізу және контрафактілік өнімге деген теріс көзқарасты қалыптастыру болып табылады.

Жоғарыда атап өткендерді қорытындылай келе, атқарылып жатқан  жұмыстардың барлығы Президентіміздің жолдауы аясындағы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, кәсіпкерлерге қолдау көрсету болып табылады.

Шымкент қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің жетекші маманы Бекмурзаев Темірхан

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleОраза кезінде адам ағзасында болатын өзгерістер
Next Article Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылығы
halyqmediatory

Related Posts

Жеңіс күнін атап өту, қарияларымызға деген құрмет

26.06.2021

Елім деп еміренетін ер

26.06.2021

«Некені тіркеуші органдар тарапымен бұзудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел

02.05.2021
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.