• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Ораза кезінде адам ағзасында болатын өзгерістер
Тұғыр

Ораза кезінде адам ағзасында болатын өзгерістер

halyqmediatoryBy halyqmediatory03.05.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Ораза кезінде адам ағзасында болатын өзгерістер
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ораза кезінде адам ағзасында болатын өзгерістерді Nurotau.kz порталы назарларыңызға ұсынады.

Тазалану кезеңі – 1 (1-2 күн) Оразаның бірінші күні қанымыздағы қант төмендейді. Жүрек соғысы бəсеңдеп, қан қысымы төмендейді. Бұлшықеттен гликоген шығып, əлсіздік пайда болады. Тазаланудың алғашқы күндері ең қиын болып келеді. Бас ауру, жүрек айну, ауыздан жаман иіс шығу, тілдің ауырланып, ісінуі – тазаланудың бірінші кезеңінің белгілері. Осы кезеңде аштық та қатты сезілуі мүмкін.

Тазалану кезеңі – 2 (3 күннен 7 күнге дейін) Май қышқылы құрамындағы майлар ыдырап, глицеридтер молекуласындағы глицеринді босатып, глюкоза айналады. Бет майланып кетеді, себебі ағза ашыған майдан арылып жатады. Бет терісі жаман адамдарда жағдай асқындап, аздап бөртпе шығуы мүмкін. Ағза оразаға үйрене бастайды, ас қорыту жүйесі демалып, барлық күш тазалануға жəне емделуге жұмсалады. Қанның ақ түйіршіктері мен иммунитет жүйесінің белсенділігі артады. Өкпе тұсыңыз ауырсынуы мүмкін. Тазалану органдары, өкпе жолдары ретке келіп, жаңалану процессі үстінде болады. Тынысыңыздың əлі де жағымсыз иісі бар, тіліңіз де ағарып тұрады. Тоқ ішекте де өзгерістер болып, ішек қабырғаларына жабысқан нəжіс ажыратыла бастайды.

Тазалану кезеңі – 3 (8-күннен 15 күнге дейін) Өзіңді сергек сезініп, қуатың тасып жүресің. Алайда, ескі жараларың қозып, біраз ауырсынуы мүмкін. Бұл, ағзаның ораза кезінде өзін-өзі емдеуге көшкенін көрсетеді. Мысалы, қолыңызды он жыл бұрын сындырып алсаңыз да, сынған орында із (рубцовая ткань) қалады. Қолды сындырған кезде ағзаның өзін-өзі емдеу қасиеті өмір сүру салтына тікелей байланысты болатын. Егер сіз салауатты өмір салтын ұстанбаған болсаңыз, онда ағзаның емделу қасиеттері қыл үстінде болатын. Ораза барысында ағза өзін-өзі емдеу қасиетін белсенді етеді. Ағза өз бойынан өлі не жарақаттанған жеріне (ткани) лимфоциттер секреттелген (шырышты) заттарды жеткізіп, ақаулы жасушаларды жоюға кіріседі. Осы шырышты заттар бұрын болған ақау орнын қайта ауыруына əкеп соқтыратын сол жердегі жүйке талшықтарына əсер етеді. Ағза өзін-өзі емдеп болуының көрсеткішіде осы ауырсыну болмақ. Бұлшықеттер қатайып, токсиндердің əсерінен ауырсыну асқындайды. Токсиндер аяқта жиналатын болған соң, аяқтарыңызда ауру сезінесіз. Ауыз қуысында шағын жаралар пайда болуы мүмкін, ол бактериялардың көбеюі салдарынан болады. Күнделікті ауызды тұзды сумен шайып тұрсаңыз, жаралар тез жазылады.

Тазалану кезеңі – 4 (16-күннен 30 күнге дейін) Ағза ашығуға əбден үйренген. Қуатыңыз көп, ой-санаңыз тынық. Тазалану кезеңдері қысқарып, тіліңіз де қызғылттанып, тынысыңыз таза болатын күндер кездеседі. Органдарыңыз өзін-өзі емдеуді аяқтайды. Ағза өзін əр түрлі ауру қоздырғыштарынан тазалағаннан соң, органдар екі есе тез жұмыс жасап, ақауы бар жойылған жасушалар орнын толықтырады. 20 күннен соң санаңыз тынық, жүйкеңіз тыныш, қуатыңыз көп, бойыңызда баланс сезіледі. Есте сақтау қабілетіңіз артады.

Адина Жусупова.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleҚазақ үшін жер мәселесі рухани сипаттағы ұғым
Next Article Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы зияткерлік меншік саласының үлесі
halyqmediatory

Related Posts

Хақтың жолы әділдік

10.07.2021

Әділдік — ізгіліктің іргетасы

10.07.2021

Қазақ үшін жер мәселесі рухани сипаттағы ұғым

03.05.2021
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.