• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Тарих және гендерлік саясат
Қоғам

Тарих және гендерлік саясат

halyqmediatoryBy halyqmediatory02.05.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Тарих және гендерлік саясат
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Дәстүрлі қазақ қоғамында ер мен әйелдер арасындағы теңдік, өзара сыйластық ежелден қалыптасқан. Ер мен әйелді бөлетіндей ешқандай кемсітушілік болған емес. Отбасында да әрқайсысының өзіндік орны болған. Ұлтымыздың ұлт болып қалыптасуында ұлттық құндылықтарды дәріптеуде әйелдің орны бір бөлек. Қазақ халқының түсінігіндегі әйел адамының маңызы ұлт болып қалыптасқанымыздан бері өте жоғары бағаланған. Оның жұмсақтығы, мейірімділігі және жанашырлығы ер адамдардан ерекше етіп тұратын басты факторлар болып табылады.

Бұл тақырыпты одан əрі ашар болсақ, əйел адамның ерлерге қарағанда физикалық жəне эмоцияналдық (стресске шыдамдылық) тұрғыда əлсіздеу келетіні, алайда, сол кемшіліктерді басқа көптеген артықшылықтарымен толықтыратыны ғылыми зерттеулермен дəлелденген. Əйелдерді ерлермен салыстырғандағы ұзақ өмір сүру көрсеткіші, жақсы есте сақтау қабілеті, иммунитетінің жоғары болуы, жəне т.б. Бұған қоса, бала тəрбиесінде де ананың атқарар рөлі əкесінен жоғары тұратыны, жұмсақ мінезділердің балаларына əкеден қарағанда жақын тұратыны айдан анық.

Содан болар, орта ғасырда қалыптасқан міндеттер, яғни, əйел адамның үй тірлігімен, бала тəрбиесімен ғана айналысып, мал табу, жұмыс жасау міндеттерінен босатылуы логикалық түрде өте орынды болған. Бірақ та, бүгінде, жаһандану дəуірі болып жатқан заманда қазақ ұғымында қалып кеткен сол ойдың қазіргі уақытқа сай емес екендігі, жəне сол түсініктің өзгертілуі керектігі көп талқыға көтерілуде.

Қазақстан Республикасының Ата заңының 14-бабы 2-тармағында: «Тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне мүліктік жағдайына, жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» делінген.

Гендерлік теңсіздік проблемасы көптеген елдердің, діндердің, ұлт пен мəдениеттің көпшілігінде тараған. Сондықтан мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі ана мен баланы қорғау, əйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мəселелері болып табылады.

Қарапайым сөзбен гендерлік теңдік – бұл барлық əйелдер мен ерлер, қыздар мен ұлдар құқықтарының теңдігі. Ерлер мен əйелдердің теңдігін қамтамасыз ету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

-гендерлік саясат саласындағы заңнаманы жетілдіру жəне оны халықаралық стандарттарға сəйкестен діру;

– материалдық активтерге (жер, мүлік, кəсіпорындар) ие əйелдердің үлесін арт-тыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

– еңбек нарығына, қаржы жəне басқа ресурстарға тең қол жеткізу арқылы əйелдердің экономикаға қатысуын кеңейту;

– əйелдер кəсіпкерлігін дамыту тетіктері арқылы ауылдық жерлердегі əйелдерге қолдау көрсету;

– гендерлік саясатты іске асыру бойынша орталық жəне жергілікті билік органдарының іс-қимылдарын тиімді жоспарлау жəне үйлестіру үшін жағдайлар жасау;

– ерлер мен əйелдердің орташа еңбекақысындағы гендерлік алшақтықты қысқартуға ықпал ететін жағдайларды қамтамасыз ету;

– бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге əйелдердің қатысуын кеңейту. Көптеген мемлекеттерде əйелдер құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу міндеті тұр.

Ф.Балтаева. Шымкент қаласы кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleЖоғарғы Соттың жалпы отырысында талқыланған мәселелер
Next Article «Некені тіркеуші органдар тарапымен бұзудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел
halyqmediatory

Related Posts

Жеңіс күнін атап өту, қарияларымызға деген құрмет

26.06.2021

Елім деп еміренетін ер

26.06.2021

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы зияткерлік меншік саласының үлесі

20.05.2021
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.