• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының  әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енеді.
Медиация

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының  әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енеді.

halyqmediatoryBy halyqmediatory20.04.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының  әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енеді.
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Осы Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.

Мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады.

Кодекстің 120-бабында осы санаттағы істер бойынша татуластыру рәсімдерін жүргізу тәртібі белгіленген.

Сот (судья) тараптардың татуласуы үшін шараларды қабылдайды, оларға дауды процестің бүкіл сатысында реттеуге жәрдемдеседі.

Кодекстің талабына сай, тараптар өзара жол беру негізінде әкімшілік процестің барлық сатысында (кезеңінде) сот шешім шығаруға кеткенге дейін татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы әкімшілік істі толығымен немесе ішінара аяқтай алады.

Мұндай татуласу жауапкердің әкімшілік қалауы болған кезде жол беріледі.

Жауапкердің әкімшілік қалауы дегеніміз не?

Әкімшілік қалау – әкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерде заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдау өкілеттігі.

Заңнаманың талабына сай, татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды.

Мұндай келісім мәжбүрлеу тәртібімен орындаушылық талаптарға сай келуге және тараптарды татуластыратын шарттарды, сондай-ақ сот шығыстарын, оның ішінде өкілдер көрсеткен қызметке ақы төлеуге арналған шығыстарды бөлу тәртібін қамтуға тиіс.

Заң талабына сай, келісім шарттары заңға қайшы келмеуі және басқа да адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбауы тиіс.

Сот тараптардың татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш хатын сот отырысында немесе алдын ала тыңдауда қарап, оны бекіту не одан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

Әрине дауласушы тараптар мұндай келісімді ерікті түрде орындауы тиіс. Ал, егер орындалмаса, ол, келісім жасаған адамның өтініш хаты бойынша сот беретін атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

Осы санаттағы істер бойынша татуласу рәсімдері бірінші сатыдағы, апелляциялық және кассациялық сатыдағы сотта жүргізіледі.

Н.Биболов Шымкент қалалық сотының судьясыН.Биболов Шымкент қалалық сотының судьясы

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous Article«Отбасы институтын нығайтудағы медиацияның рөлі» тақырыбында Шымкент қаласы ЖОО арасында байқау өткізілді
Next Article Қалалық соттың төрағасы әкімдермен кездесті
halyqmediatory

Related Posts

Келісіп пішкен тон келте болмас

13.11.2023

Медиация – татулық тірегі

05.08.2023

5 тамызда ҚР «Медиация туралы» Заңның қабылданғанына 12 жыл толады

04.08.2023
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.