• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » «Отбасы институтын нығайтудағы медиацияның рөлі» тақырыбында Шымкент қаласы ЖОО арасында байқау өткізілді
Медиация

«Отбасы институтын нығайтудағы медиацияның рөлі» тақырыбында Шымкент қаласы ЖОО арасында байқау өткізілді

halyqmediatoryBy halyqmediatory15.04.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Отбасы институтын нығайтудағы медиацияның рөлі
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 10 жыл толуына орай, Шымкент қаласы Орталық Азия Инновациялық университетінің акт залында, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып студенттер арасында байқау өткізілді. Шымкент қалалық сот, «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, Республикалық «HALYQ MEDIATORY» газеті редакциясының ұйымдастыруымен және Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының қолдауымен Шымкент қаласы ЖОО Халықаралық Silkway, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Мирас, Орталық Азия Инновациялық университеттерінің және М.Сапарбаев атындағы институт арасында ұйымдастырылды. Байқаудың басты мақсаты қазіргі қоғамдағы медиация институтын дамыту, жас медиаторлардың семинарларда алған білімдерін практикамен ұштастыру, медиация қызметтерін насихаттау. Байқауда аталған университеттерден топ болып қатысушылар өздерінің бақтарын сынады.

Байқауда алғашқы сөз алған «Өркениет» ақпараттық-әдістемелік орталығының төрайымы Коздибаева Абила Коздибайқызы «Қазақ тарихында да медиация институты ерекше орын алатынын және біздің бұл механизмді бабалар мұрасы деп атауға толық құқығымыз бар» екенін айтып өтті. Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметінің хатшысы Қабыл Дүйсенби қатысушыларға тілегін білдіріп, сәттілік тіледі.

Орталық Азия Инновациялық университеттерінің атынан «Жас медиаторлар қауымдастығы» тобы қатысса, Халықаралық Silkway университетінің намысын «Фемида» тобы қорғады. М.Сапарбаев атындағы институттың атынан «Мардан қырандары» тобы қатысты.

Сайыста қатысушылар өзара ойларын дұрыс жеткізу, сөйлеу мәнері, ораторлық шеберліктерін көрсете отырып, медиация жүргізу процесін практика жүзінде көрсете білді. Орталық Азия Инновациялық университетінің аға оқытушысы Ақмарал Жайлауованың дайындаған студенттері «Үздік команда» номинациясын иеленіп, білімдері мен дайындықтарын жоғары деңгейде көрсете білді.

Халықаралық Silkway университетінің «әлеуметтік-құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Сұлтанқұлова Қалбике Абденовнаның кураторлығымен қатысқан студент Ошақбаев Дінмұхамед «Медиация – болашақтың мамандығы» тақырыбында эссе жазу номинациясын иеленді.

М.Сапарбаев атындағы институтының кураторы Қаныбек Аділбектің жетекшілігімен қатысқан студент Айнұр Жүніс «Сұрақ-жауап» номинациясы бойынша 1-орынды иеленді.

«Республикалық медиаторлар қауымдастығының» кәсіби медиаторы Серік Тұрсынбаев өз кезегінде байқауды қорытындылады.

Байқауды ұйымдастырғандарға студенттер тарапынан шынайы алғыстарын білдіріп, болашақта кәсіби медиатор мамандығын таңдауға деген құлшыныс пайда болды. Алдағы уақытта қатысушылар тарапынан осы салада жүрген әріптес мамандармен бірігіп жұмыс жасау туралы ұсыныс білдірді.

Байқау өте жоғарғы деңгейде өтті. Осындай іс-шараларды алдағы уақыттарда да ұйымдастырып, дәстүрге айналдырсақ деген ниеттерін білдірді.

Halyqmediatory ақпарат.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleМаңғыстауда Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстегі жаңашылдықтар талқыланды
Next Article 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының  әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енеді.
halyqmediatory

Related Posts

Келісіп пішкен тон келте болмас

13.11.2023

Медиация – татулық тірегі

05.08.2023

5 тамызда ҚР «Медиация туралы» Заңның қабылданғанына 12 жыл толады

04.08.2023
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.