• Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
Facebook Twitter Instagram
Facebook Twitter Instagram
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Subscribe
  • Ақпарат
  • Медиация
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім
  • Қоғам
  • Әдебиет
  • Республика
  • Русский
HALYQ MEDIATORY HALYQ MEDIATORY
Home » Маңғыстауда Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстегі жаңашылдықтар талқыланды
Заң және заман

Маңғыстауда Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстегі жаңашылдықтар талқыланды

halyqmediatoryBy halyqmediatory06.04.2021Updated:14.07.2024Еш пікір жоқ2 Mins Read
Facebook Twitter LinkedIn Telegram Pinterest Tumblr Reddit WhatsApp Email
Маңғыстауда Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстегі жаңашылдықтар талқыланды
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Маңғыстау облыстық сотында «Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс – құқықтық мемлекет нышаны» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы м.а. Ержан Қарабаев, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев, судьялар, прокурорлар, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ғалым-оқытушылары қатысты.

Ержан Қарабаев пандемия жағдайларына қарамай, елде сот-құқық реформасы қарқынды жүргізіліп жатқанын, оның ішінде ең өзектісі – бүгінгі күні қабылданған жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі мен жаңадан құрылатын  соттар екенін атап өтті.

Іс-шарада сөз алған Нұрсапа Примашев 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін жаңа кодекстің маңыздылығы, мемлекет басшысының Жарлығымен Жоғары Сотта және облыстық соттарда әкімшілік істер бойынша сот алқасы құрылатыны туралы тереңірек баяндады. Сондай-ақ, аталған заңнаманы атқарушы билік пен құқық қорғау органдарында түсіндіру-насихаттау жұмыстарын белсенді жүргізуді ұсынды.

Одан әрі облыстық соттың судьясы  Гүлажар Бақытжанова билік органдарына қатысты азаматтардың белгілі бір салада құқықтары бұзылса, олар сотқа жүгіне алатындығын,  ал, мемлекеттік орган сотта өз әрекетінің заңдылығын дәлелдеуі керектігін,  сот бұл дәлелдерден бөлек қосымша мәліметтер де сұратуға құқылы екенін тілге тиек етті.

Аталған дөңгелек үстелде әкімшілік рәсім, ондағы прокурордың рөлі, мемлекеттік органдардағы ішкі әкімшілік рәсімдер, әкімшілік істердің соттылығы, сот талқылауының жалпы бастаулары, дәлелдемелер және дәлелдеу, әкімшілік талап қою туралы да ой-талқылар болды.

Қатысушылар жаңа кодекс қабылданған соң күшін жоятын «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдардың бүгінге дейін белсенді жұмыс жасамайтынын атап айтты. Сондықтан, нақты әрі жинақы дайындалған заңның өміршең болатындығына сенім білдірді.

Дөңгелек үстел соңы  қатысушылардың  еркін форматта ой-пікір алмасуына ұласты.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
Previous ArticleНеке келісімшарты дегеніміз не?
Next Article «Отбасы институтын нығайтудағы медиацияның рөлі» тақырыбында Шымкент қаласы ЖОО арасында байқау өткізілді
halyqmediatory

Related Posts

Бітімге келу бабалардан аманат

15.09.2022

Сот жүйесі: кеше, бүгін, ертең

09.09.2022

Неке шарты – мүліктік даулардың алдын алады

24.06.2021
Add A Comment

Leave A Reply Cancel Reply

Halyq mediatory - Медиация, психолого-құқықтық кеңес, жарнама, қоғамдық ақпараттық республикалық басылым
Республикалық медиация, құқықтық, психологиялық, саяси, әлеуметтік басылым.

Мекен-жайымыз: ҚР Шымкент қ. Нұрсат м/а 126/37.
Байланыс телефондарымыз: +7 702 734 42 36, +7 707 134 25 20, +7 7252 97 53 43

  • Жарияланған материалдарды көшіріп басу үшін редакциядан ресми рұқсат алу шарт.
  • Кейбір суреттердің ғаламтордан алынуына байланысты олардың мазмұнына, сапасына редакция жауап бермейді.
  • Медиация
  • Ақпарат
  • Қоғам
  • Заң және заман
  • Сауалнама
  • Әдебиет
  • Мәдениет
  • Дала даналығы
  • Вебинар
  • Марапат
  • Мәміле
  • Отбасы психологиясы
  • Республика
  • Сухбат
  • Сұрақ-жауап
  • Тәлім

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.